
Ұстаздық пен кітапханашылық – оның өмірлік ұстанымы. 2012 жылдан бері Ш. Шаяхметов атындағы
Сұлукөл ЖББМ-де еңбек етіп келеді. Ол үшін кітапхана – тек жұмыс орны емес, жас ұрпақтың рухани азық алатын қасиетті мекені. «Бала жүрегі – кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапқан адам ғана оның ішіндегі қазынаны аша алады» деген қағиданы ұстана отырып, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бар күшін салып келеді.