Еңбек күні – адал қызмет иелерін ұлықтау мерекесі

Еңбек күні қарсаңында № 1 #Қазанбасы жалпы білім беретін мектебінің жүргізушісі #Рахметов Истай Жанабаевичтың еңбегін ерекше атап өткіміз келеді.
Ол осы салада 12 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп, оқушылардың мектепке қауіпсіз келіп, үйлеріне аман – есен оралуына зор жауапкершілікпен қызмет атқарып келеді.
Рахметов Истай Жанабаевич өзінің кәсіби біліктілігімен, жол қауіпсіздігіне деген мұқияттылығымен және балаларға деген қамқорлығымен мектеп ұжымы мен ата –аналардың сеніміне ие. Әріптестері арасында сыйлы. Оқушылардың алғысына бөленген жан ретінде мектеп өмірінде ерекше орын алады.
Осы мереке күні мектеп әкімшілігі мен ұжымы көп жылғы адал қызмет үшін зор алғыс білдіреді, еңбегіне табыс тілейміз!
№ 1 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Брахметова Гульнур Заманбековна