Байжанова Култай Диусенбаевна Әулиекөл ауданы
Құсмұрын ауылындағы «Қарлығаш» бөбекжайында 2019 жылдап бастап кір жуушы болып еңбек етіп жүрген өз ісіне адал жан. Ол күнделікті жұмысын үлкен жауапкершілікпен, мұқияттықпен атқарып, бөбекжайдың тазалығын жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді.
Әріптестері Култай апайды ең алдымен еңбекқорлығы мен адалдығы үшін құрметтейді.
Сонымен қатар ол әрдайым ұжымға жылы жүзбен қарап, көмегін аямайтын сабырлы, мейірімді адам ретінде бағаланады.
Апайдың ұжымдағы ұйымшылдығы мен сыйластығы әріптестердің арасында ерекше ықылас тудырады.
Әрқашан уақытында жұмысын атқарып, басқаларға үлгі болатын жауапты қызметкер. Ол тек өз міндетін орындап қана қоймай, қажет жағдайда әріптестеріне қол ұшын беріп, жұмыстың сапалы әрі жүйелі жүруіне атсалысады.
Сондықтан да әріптестері апайды сенімді әріптес, ақжарқын жан деп ерекше бағалайды.
Ұқыптылығы, қарапайымдылығы мен адамгершілігі ұжымдағы жақсы ахуалды қалыптастыруға үлкен үлес қосып отыр.