Ұстаздың шеберлігі — талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуді қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне қажыр – қайратын және бойындағы асыл құндылықтарын шынайы сезіммен бағыттауының нәтижесінде казіргі таңда көптеген шәкірттері дәрігер, мұғалім, мал дәрігері, аграном, биотехнология мамандықтар бойынша жұмыс істеуде.
Бақыткүл Тайшығарақызы 2000 жылдан бері Амангелді ауданы, Ә.Боранбаев атындағы орта мектебінде биология пәнінен дәріс береді. Қажырлы еңбекті жарқыратып көрсететін, көрген жанның қызығушылығын арттыратын, шебер әдіс – тәсілдерді, бала жанын бағбан ретінде кемелдендіріп отыруды талап етудің арқасында көп деген жетістіктерге жетті.
Білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жас жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін бірнеше мәрте аудандық, облыстық, Министрлік граммоталарымен, алғыс хаттармен және «Ұлағатты ұстаз» төс белгісі, Орта білім беру үздігі дипломы және Ы.Алтынсарин төс белгісімен марапатталды.
Өнегелі, білімді ұстаз — әрқашанда жас маманға әдіскер,бағыт беруші, шеберлігін өзінің артынан еріп келе жатқан жас маманға қол ұшын бере отырып, үйретуші майталман ұстаз.
Өз жұмысына ұқыптылықпен сыни көзқараспен қарайтын, өзіне де, оқушыларына да талап қоя білетін, білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңалықтардан үнемі хабардар болып жүретін заманауи ұстаз.