1955 жылы 4 қарашада Қостанай облысының Амангелді ауданы Амангелді ауылында туған. 1973-1979 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетінің география факультеті «Геоморфология» бөліміне оқуға түсіп, «геоморфолог және география пәнінің мұғалімі» мамандығын алып шығады. Педагогикалық еңбек жолын Амантоғай сегіз жылдық жылдық мектебінде география пәнінің мұғалімі, 1982 жылы осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып, 1984 жылы сәуір айында Бүйректал орта мектебіне мектеп директоры болып тағайындалды. 1990 жылдан бастап, Амантоғай ауданы қайта ашылып, аудандық партия комитетінде меңгеруші, 1993-1997 жылдың тамыз айына дейін аудан әкімінің орынбасары болып еңбек еткен. 1998 жылы Әулиекөл ауданында №2 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің директоры, 2000-2018 жылдар аралығында Б.Қолдасбаев мектебінде мектеп директоры.
ҰБТ-дағы білім сапасының артуына, түлектердің мемлекеттік білім грантын иеленуіне ықпал жасауда жақсы нәтижеге жетті. 2008-2013 жж. аралығында мектептің 7 түлегі «Алтын белгі» иегерлері болды.
Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 2000-2001 оқу жылынан бастап білімді де білікті ұстаз, география пәні мұғалімі Абай Кәрімұлы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаздық қызметті абыройлы жалғастырды.
Тәжірибелі ұстаз «Қоршаған ортаны қорғау мәселесін оқушыға жеткізу» әдістемелік тақырыбымен жұмыс жасай отырып, әр сабағын өзіндік ізденіспен, білім берудің озық әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып өткізді.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға…» дегендей, 5-сыныпта жаратылыстану пәні бойынша «Су – тіршілік көзі»,«Қоршаған ортаны ластануданқорғау», «Табиғи байлықтар» 10-сыныпта әдеп және жантану пәні бойынша «Адаматану – ержету өлшемі», «Жеті атаңды тани біл» атты өткізілген ашық сабақтары тек оқушы білімін жетілдіруге ғана емес, әріптестерінің әдістемелік шеберлігін шыңдауға үлгі болар сабақтар. Ұстаз оқытудың өмірмен байланыстылығына, сабақтың мазмұны мен әдіс-тәсілдеріне көп көңіл бөледі.
Тәжірибелі ұстаз Абай Кәрімұлы ұжым мүшелерінің кәсіби шеберлікпен, ізденімпаздықпен, жаңашылдықпен еңбек етіп, жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беруіне ықпал ете отырып, педагогикалық және әдістемелік кеңестерде «Дарынды оқушыларды таңдау және тәрбиелеу», «Мұғалімнің сабақтағы қызметі», «Оқушы білімін бағалаудағы формализмді жою» және тәрбие мәселесі бойынша «Тәрбиеміндетін дұрыс түсінеміз бе?» атты баяндама, «Елдің болашағын тәрбиелеудегі ата-ананың ролі» тренингі әріптестері арасында оң бағасын алды.
Жастардың тәлімгері, өз ісінің білгірі, тәжірибелі ұстаз «Жас мамандар мектебі» тобы отырыстарында «Мұғалім этикасы», «Сабақ-оқу үрдісінің негізі» тақырыптарында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетті.
2005-2006 оқу жылының қазан айында өткен әдістемелік кеңес шешімі бойынша Абай Кәрімұлының «Жер атауларының шығу тарихы» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысы республикалық «География және табиғат» журналына шығаруға ұсыныс жасалып, материал редакцияға жіберілді.
Абай Кәрімұлы өзінің саяси сауаттылығымен, ізденгіштік, тиянақтылық, адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді.
А.Айтмағамбетов басқарға Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі аудан бойынша жылда көрсеткіштері жоғары және білім сапасы да жақсы болды.
Өз еңбегінің арқасында 2008 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, 2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды.
2018 жылы құрметті демалысқа шықты.