
Алтын Әубәкірқызы: кітапханашы- бұл мәртебелі мамандық.

Бесенова Алтын Әубәкірқызы 1970 жылы 16 қыркүйекте Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Миалы селосында дүниеге келді.

Еңбек жолын 1999 жылы N 2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебінде кітапханашы қызметінен бастады. Алтын Әубәкірқызы 26 жылға жуық уақытын кітапхана ісіне арнады. 1999 жылдан бастап және бүгінгі күнге дейін N 2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы ретінде қызмет етуде.

Болашағымыздың, жарқын болып, ел егемендігінің мәңгі сақталуы, ұрпақтарымыздың саналы, білімді болуы
жолында аянбай қызмет етуде.

Мектебіміздің, кітап сүйер оқырмандарына түрлі жобалар, акциялар, байқаулар, челлендждер, буккросинг ұйымдастырып, мәдени мұраларымызды ұрпақ бойына сіңіру жолында жұмыс жасап келе жатыр.
Біржанов Серік Қаболшаұлы N 2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы