Балаларға қамқор жан – Айгүл Назарбекқызы

Балаларға қамқор жан – Айгүл #Назарбекқызы
Қай салада болсын, өз ісіне жан-тәнімен берілген адамдар бар. Әсіресе, тәрбие саласында еңбек ететін жандардың еңбегі ерекше. Өйткені олар баланың алғашқы тәрбиесіне, болашақ азамат болып қалыптасуына өз үлесін қосады. Осындай жауапкершілігі зор қызметте көп жылдар бойы аянбай тер төгіп жүрген жандардың бірі – Айгүл Назарбекқызы Әулиекөл ауданы “Айгөлек” бөбекжайында 20 жыл бойы еңбек етіп келеді.
Балабақша – бұл тек балаларды қарайтын орын ғана емес, олардың алғашқы тәрбиесі қалыптасатын, әлемді тани бастайтын мекен. Осындай маңызды кезеңде тәрбиешінің көмекшісінің рөлі зор. Айгүл Назарбекқызы өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, әр баланы мейірім мен қамқорлыққа бөлеп келеді. Ол тек жұмысына ғана емес, әріптестеріне де көмектесуге әрдайым дайын. Сонымен қатар, ата-аналар да оның балаларға деген қамқорлығын көріп, алғыстарын білдіріп отырады.
Айгүл Назарбекқызы – шынайы еңбектің адамы. Оның күнделікті жұмысы көзге көрінбегенімен, балалардың тәрбиесіне, олардың бақытты балалық шағына қосқан үлесі орасан зор. Осындай өз ісін сүйетін жандардың арқасында өскелең ұрпақ мейірімді, тәрбиелі болып өседі.
Айгүл Назарбекқызы, еңбегіңізге мың алғыс! Сізге зор денсаулық, жұмысыңызға табыс, балалардың шынайы күлкісі мен алғысына бөлене беріңіз!
Әулиекөл ауданы «Айгөлек» бөбекжайының бастауыш кәсіподақ ұйымы