#Бекқалиева Айнагүл Мәжитқызы — 32 жылдан астам еңбек өтілі бар Жангелді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің қызметтік үй-жайларын тазалаушысы.
Айнагүл Мәжитқызы- өте адал, еңбекқор, жауапкершілігі мол қызметкер және өте мейірімді, ісі көпке үлгі. Ұзақ жылдардан бері Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте жұмыс жасайды. Таң бозымен балалар келместен бұрын мектепті айнадай етіп жуып, қашан балалар тарап кеткенше мектепте болатын. Айнагүл Мәжитқызының өз ісіне жауапкершілігі, үнемі жинақы қалыпта жүруі көп адамның қолынан келмес іс.
Айнагүл Мәжитқызы – нағыз еңбек адамы. Ауыр еңбектің ыстығы мен суығына қатар төзетін еңбек адамы қашанда мақтанышымызға айнала бермек. Осындай қиын, бірақ өте маңызды, өте қажет жұмыс үшін барша әріптестері Айнагүл Мәжитқызына адал еңбегі мен шексіз мейірімді жүрегі үшін шексіз алғыстарын білдіреді.
Жергілікті кәсіподақтың Жангелді ауданы Ы. Алтынсарин ат. мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы