
Бектенов Галинур Суйментаевич 1975 жылы бұрынғы Торғай облысы, Жангелді ауданы, Көкалат ауылында туған, сол ауылдағы Албарбөгет орта мектебін аяқтап, 1993 жылы Арқалық қаласының педагогикалық училищесінің «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша оқуға түсіп, аяқтаған. Осы оқу орнының қабырғасында ұстаздық жолды таңдаған, өзінің өмірлік жары Ишанова Алия Маликовнаны кездестірді. Қазіргі таңда үш қыздың әкесі.

Өзінің кәсіби еңбек жолын 1996 ж. Қостанай облысы Арқалық қаласының Бейімбет Майлин атындағы «№3 орта мектебі» білім беру мекемесінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі лауазымында бастаған. Үздіксіз ұстаздық қызметте Галинур Суйментаевич өзін сауатты және шығармашыл педагог ретінде танытты. Оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту тәсілін ұстанады, үнемі шығармашылық ізденісте жүреді, жаңашыл оқыту технологияларын тиімді қолдануға тырысады.

Өскелең ұрпақты ұлттық нышанда тәрбилеу, салаутты өмірді ұстануда және патриоттық сезімді ояту үшін, 2006 жылдан бастап мектепішілік, қалалық деңгейде ұлттық ойындарды насихаттау мен жандандыруды қолға алуды бастаған. Аталған бағытта үздіксіз еңбектің және шығармашылық ізденістің арқасында ҚР «Асық ату» ұлттық ойынының чемпиондарын тәрбиеледі. 2014 жылынан бастап Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Атлет» спорт клубында ұлттық ойынының жаттықтырушысы болып қосалқы қызметін атқарады.2016 жылдан бастап Галинур Суйментаевич Қостанай облысының «Асық ату» ойынының ұлдар және қыздар командасының тұрақты жаттықтырушысы. 2018 ж. Галинур Суйментаевич облыстық сараптама кеңесінде «Асық ату» ойынына үйретуден жеке авторлық бағдарламасын қорғады. 2017-2020 жж. аралығында оңтайлы тәжірибені қорытындылау мен насихаттау мақсатында қалалық, облыстық деңгейлерде «Асық ату» ұлттық ойынынан әдістемелік семинарлар өткізді. 2019 жылы Галинур Суйментаевичке ҚР «Асық атудан жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы» кәсіби біліктілік санаты берілді.

2016-2020 жж. аралығында Галинур Суйментаевичтің шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық жарыстар мен чемпионаттарда жүлделі орындарға иеленіп келеді. Алиева Мариям 2000 ж. туылған ҚР алты дүркін чемпионы, Бекмуратова Ақбөпе 2005 ж туылған ҚР төрт дүркін чемпионы, Жумабаева Айтолқын 2005 ж. туылған және Шанабай Мереке 2004 ж. туылған ҚР үш дүркін чемпиондары, 6 қыз бала 2005-2008 жж. туылғандар ҚР екі дүркін чемпиондары, Сүйментай Аружан 2002 ж. туылған ҚР бір дүркін чемпионы және Асылбекова Іңкәр 2001 ж. туылған ҚР бірнеше дүркін жүлдегері. Сонымен қатар, қыз балалардан 15 спортшы ҚР чемпионы шығып, ер балалар арасында 14 спортшы ҚР бірнеше дүркін жүлдегерлері. 2021 жылы 6 спортшы «Асық ату» ұлттық спортынан «Спорттық төреші» атанса, 3 спортшы ҚР спорт шебері атағын иеленді. «Бес асық» Республикалық ұлттық мектеп лигасы бойынша жалпы командалық есепте 1 орынды иеленді. Волейбол ойынынан қала деңгейінде «Сұңқар» ер балалар командасы бес дүркін чемпионы.

Галинур Суйментаевич білім және спорт салаларында кәсіби жетістіктері үшін және ұлттық ойындарды дамытудағы қосқан үлесі үшін келесі марапаттарға иеленген: «Бес асықтан» облыстық мектеп лигасы жарысына мектеп командасын дайындағаны үшін грамотамен мараппаталды. 2019 жылы сәуір айында «Спорт жұлдыздары» Республикалық ғылыми-әдістемелік патриоттық журналы, «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі, 2019 жылы ҚР тәуелсіздік күніне орай қала әкімінің грамотасы, 2020 жылы тамыз конференциясында «Қостанай облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Құрмет грамотасы табысталды. 2020 жылы Республикалық ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының «Алғыс хаты», 2021 жылы Облыстық дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығынан «Алғыс хатпен» марапатталды.

Бектенов Галинур Суйментаевич білікті маман, шәкірттерінің сүйікті ұстазы, шығармашыл тұлға, қабілетті ұйымдастырушы, педагогикалық ұжымда абыройлы әріптес және өз елінің жанашыры.
Рудный қаласы № 15 мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы