Бүгінгі біздің «Еңбек адамы» айдарының кейіпкері
#Қабылдажанова Дарияш Какенбайқызы 1996 жылдан бері Қостанай облысы,
#Жангелдин ауданы білім бөлімінің Н.Г.Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебінде еден жуушы болып қызмет атқарып келеді. Еңбекпен еңсесін тіктеп, қандай істің басында жүрсе де, әр ісін тиянақты істейтін Дарияш Кәкенбайқызы ұжым мүшелері арасында беделді, зор сенімге ие.
Дарияш Кәкенбайқызының қарапайымдылығы, адамгершілігі мен кішіпейілділігі, айналасындағыларға жылылығы бөлек, күнделікті қайнаған тіршілікте таң сәріден жұмысына келіп, қас қарая отбасына оралатын еңбекқорлығы ерекше кісі. Табандылығы, адамдарға қамқор-лығы мен өзіне талап қоя білетіндігімен ерекшеленетін еңбек адамы өнерде де құр алақан емес.
Дарияш Кәкенбайқызы аудан, облыс көлемінде ән өнерімен танылған көмейінен бал тамған әнші. Қазіргі таңда Жангелдин ауданы Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған әжелер ансамблінің белді мүшесі, өнер, ән байқалауларының жеңімпазы.
Еңбектегі, өнердегі жолы өз алдына, Дарияш Кәкенбайқызы ұлын- ұяға, қызын-қияға қондырған, бүгінде шаңырағында төрт немере тәрбиелеп отырған аяулы әже.
Қазақ жақсының қадіріне жете білген халық. Әрлі-берлі тарихтан сөз тартып, Дарияш Кәкенбайқызының тұтас өмірін бір жазбаға сыйдыру мүмкін болмаса да, кіндік қаны тамған жеріне еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, тамырын жайған еңбек адамының алдында ілтипатпен бас иеміз.
«Жангелді аудандық білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы» филиалы