Еңбек адамы – қоғамның тірегі. Кез келген салада өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары мамандар бар, және олардың еңбегі көп жағдайда көзге түспей, тасада қалып жатады. Солардың бірі – өз ісіне беріле қызмет етіп жүрген абыройлы күзетші Игорь Зотикович.
Пинигин Игорь Зотикович — 23 жыл бойы Әулиекөл ауданы “Айгөлек” бөбекжайында күзетші қызметін атқарып келеді. Игорь Зотикович – нағыз өз ісінің шебері. Оның қажырлы еңбегі, адалдығы мен жауапкершілігі басқаларға үлгі боларлықтай.
Игорь Зотикович 60 жасқа толды. Бұл – өмір жолындағы үлкен белес, даналық пен мол тәжірибенің, жетістіктер мен құрметтің жасы.
Игорь Зотикович өзінің адал еңбегімен жауапкершілігімен қырағылығымен әріптестердің арасында үлкен беделге ие. Күзет саласындағы көп жылғы қызметі – еңбекқорлық пен табандылықтың жарқын үлгісі.
Осы ерекше күні зор денсаулық, мол бақыт, отбасына амандық, қажымас қайрат пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Әр күні қуаныш пен шаттыққа, жақындарының құрметі мен қамқорлығына толы болсын! Алдағы күндері табыс пен жетістікке толы болсын!
Осындай мамандардың арқасында біз өзімізді қауіпсіз сезініп, еркін жүре аламыз.
Әулиекөл ауданы «Айгөлек» бөбекжайының бастауыш кәсіподақ ұйымы