Еңбек адамының ең басты қасиеттері – адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық.

Еңбек адамының ең басты қасиеттері – адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық. Әрбір еңбек адамы өз жұмысын шын жүректен, мейлінше жауапкершілікпен атқарып, нәтижеге жетуге тырысады.
Соның ішінде мектеп күзетшісінің еңбегі — бұл қоғамға деген үлкен жауапкершілік пен адалдықты білдіретін жұмыс. Олар күнделікті еңбек етіп, мектептің қауіпсіздігі мен тәртібін сақтайды.
Қоғамда мектеп күзетшісінің еңбегі көбінесе аз бағаланады. Бірақ олар осы маңызды міндеттерін атқарып, ұжымның бір бөлігі ретінде жұмыс істейді.
№1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінде жауапкершілігі зор қызметте көп жылдар бойы күзетші жұмысын атқарып жүрген – #Есенов Зейнолла Мәлікұлы .
Зейнолла Мәлікұлы № 1 Құсмұрын мектебінде 2015 жылдан бастап күзетші қызметін абыроймен атқарып келеді. Мейірімді ,ашық, жарқын адам.Өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын сыпайы және ұстамды қызметкер.
Алдағы уақытта Зейнолла Мәлікұлына зор денсаулық ,отбасына амандық жұмыста табыс тілейміз.
N 1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы