Барлық мамандықтар маңызды, барлық кәсіптер қажет.
«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан», — деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы.
Бүгінгі таңда ерекше айтылатын мамандық, #Әулиекөл ауылында, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебіндегі зертханашы (лаборант) міндеті.
#Газезова Кулзира Капановна жайлы бір ауыз жылы сөз, ерең етіп жүрген 34 жыл еңбек өтілі бар, білімі жоғары, өз бойына төзімділік, сыпайлық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сынды қасиеттерді жинаған.
Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.
Зертханашы міндетінің негізі — ұңғымалар мен қабаттарды зерттеу, тасымалдау және сақтау жабдықтарын пайдалануды, жабдықтарды таңдау және пайдаланудың әртүрлі тәсілдерінде ұңғымалардың технологиялық режим, электр тізбегін құрастыруды көздейді.
Үнемі, тиянақтылықты, жауапкершілікті талап етеді. Мұғалім жанында сабақ барысында шәкірттің ғылымға деген ынтасын, қызығушылығын, нәтижеге қол жеткізе алуына, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алуына практикалық жұмыстарда үстемін, негізін қалауда.
Қазіргі заманда ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білімді саналы ұрпақ тәрбиелеудегі, осындай мамандық иесінің үлесі зор деп ойлаймыз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, #Күлзира Қапанқызы бес баланың анасы, аяулы жар.
Адам баласы ұрапағымен бақытты, анасының жолын жалғастыра келген баласы #Тұрғын Әсел Тұрғынқызы, бастауыш сынып мұғалімі болып, аталған мектепте еңбек етуде.