«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз айтқандай, ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет.
#Майра Әбдірахманова да бар саналы ғұмырын білім саласына арнаған жандардың қатарында. Өмірі өнегелі, ісі үлгілі азаматша.
Майра Ахметбекқызы 1957 жылдың бірінші мамырында Қарабалық ауданына қарасты Тасты – Өзек деген шағын ауылда дүниеге келген. Бала кезінен болашақта мұғалім болуды армандайтын. Мектептегі ұстаздарына қарап, бой түзейтін. Алайда, сол кезде Қостанай обылысында қазақ тіліндегі білім ордаларының болмауына байланысты мүлдем басқа саланы таңдады. Десе де, тәуелсіздік жылдары білім саласының қызметкерлерін даярлайтын курстан өтіп, 1996 жылы Қостанай мемлекеттік университетін тәмамдап, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі атанады.
Майра Ахметбекқызы білім саласындағы еңбек жолын Есенкөл орта мектебіндегі оқытушылық мансабының алғашқы қадамдарынан бастап, өз ісіне деген адалдық пен сүйіспеншілігін көрсетті. Оның ұстаздық жолы бірнеше мектептерден өтті. 2007 жылы аудан орталығында мемлекеттік тілде оқытатын мектеп ашылып, қызметін сонда жалғастырады. Міне, сол кезден бастап, 15 жылға жуық уақыт қара шаңырақта ұстаздық етеді.
Ұлағатты ұстаз әкімшілік жұмыстарға да белсене араласты. Жоғары сыныптарға жетекшілік етті. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, олардың талай биік белестерін бағындыруға ықпал етті. Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанып, мектеп абыройын асқақтатты. «Ыбырай оқулары», «Абай оқулары», «Яссауитану», «Qazaq Epos», «Әбіш оқулары», «Мағжан оқулары», пәндік сынды олимпиадалардан шәкірттері ешқашан да құр қол қайтпайтын еді, мақтан тұтар оқушылары: Абилов Ерлан, Акмухамбетов Қуаныш, Ибрагим Ақжан, Шандаулетова Алмабике, Сакиева Томирис, Ержанова Жанар, Шандаулетова Жанар, Грозних Алина, Орехова Томирис. Ұстаздың дарынды балаларды олимпиадаға дайындаудың жеке әдісі болатын. Мүмкін содан болар, бірде-бір оқушы жүлдесіз қайтпайтын.Ұстаздыққа берілетіні сонша, тіпті, өз үйіне шақырып, дайындауға дейін баратын. Бұл апайдың іске берілгендігін, балаға жаны ашығандығын білдіреді емес пе?
Бұл тарапта Майра Ахметбекқызының кәсібилігін, шеберлігін көруге болады, еңбегі бағаланып Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің республикалық, облыстық, ауандық мадақтамалармен сонымен қатар Қазақстан Респуликасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай медальмен марапатталған. Берілген марапаттары оның қоғамдағы маңыздылығы мен елдің білімі мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы куәландырады.
Күнделікті өмірде «мұғалім оқушыға дос бола білу керек» деген ұғымды жиі естиміз. Расымен де, Майра апайға кез-келген мәселе бойынша жүгінуге болатын еді, деп еске алады шәкірттері. Ортасына сыйлы, әріптестерінің арасында беделі асқақ жан, керек кезде қатаң, керек кезде жұмсақ бола білді. Мұны біз оқушылардың естелігінен байқай аламыз. Бүгінде ұстаздық жолын қуған шәкірттері: Алтынбеков Ермек, Елденбаева Шолпан, Ерсаймов Алмаз, Тулеуханова Гүлхан, Исимбаев Ақпар еліміздің әр түкпірінде еңбек етуде. Сабақ уақытында тек қазақ тілінде сөйлеу – апайдың басты талабы болатын. Егерде өзге тілді араластырып, қателікке бой алдырсаң – жазасы морфологиялық, синтаксистік талдау еді. Бүгінде жас мамандар өз жолын таңдауда тұрған кезде Майра Ахметбекқызы олар үшін үлгі және тәлімгер бола алатыны сөзсіз. Оның тарихы шынайы бақыт пен қанағаттануды армандарыңызға жету арқылы табуға болатындығын көрсетеді. Айта кетейік, Майра Ахметбекқызы қарапайым отбасынан шыққан. Әкесі Ахметбек Әбдірашұлы кезінде атақты механизатор болған. Кеңес үкіметі еңбегін бағалап орден, медальдармен марапаттаған. Анасы сауыншы болған, бала бағып, тәлім – тәрбие берген – жан. Інісі әке жолын қуған механизатор, сіңілдері де білім саласында жемісті еңбек етуде. Оның ұстаздық жолы өмірдің шынайы мәні – жанға жақын мамандық таңдап, кемелдікке ұмтылу екенін еске салады.
Майра апай қазір зейнеттік демалыста. Десе де, мектеп өмірінен алыстаған жоқ. Оқушылармен жұмыс істейді. Бірде – бір шарадан қалыс қалмайды.
Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Асқар Көшербайұлы Бисенов білім берудің Жергілікті кәсіподағының әлеуметтік әріптесі