📗Мукатова Орынгүл Әлімжанқызы-кітапханашы- ақыл –білім ордасының тірегі!
📒Орынгүл Әлімжанқызы -Жітіқара қаласы Е.Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы бүгін өзінің 60 жылдығын атап өтеді.
📗Орынгүл Әлімжанқызы отыз жылдан артық уақытын кітапхана ісіне арнаса, оның 12 жылын Е.Есжанов атындағы №9 мектепте атқарды.
📒Еңбек жолын 1980 жылы Минский ауылында балабақша тәрбиешісі ретінде бастады, 1984 жылдан бастап Жітіқара қалалық кітапханаға «кітапханашы» лауазымына ауысты. 2010 жылдан бастап және бүгінгі күнге дейін Е.Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы ретінде қызмет етуде.
📗2022 жылы Республика күніне орай мектебіміздің кітапханашысы Мукатова Орынгүл Әлімжанқызы «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-нің, 2023 жылы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің құрмет грамотасымен марапатталды.
#Құрметті Орынгүл Әлімжанқызы!
🤎Осы керемет күнде Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге, туыстарыңызға және жақындарыңызға зор денсаулық, ұзақ жылдар бойы бақытты өмір сүруді, сәттілік пен амандықты тілейміз!
🤎Жүрегіңізді әрқашан жақын адамдарыңыздың сүйіспеншілігі мен қамқорлығы жылытсын!
Сізге бақыт, жылулық және барлық жақсылықтарды тілейміз!
🤎Сізге жоғары кәсібилігіңіз бен лайықты, адал еңбегіңіз үшін үлкен алғыс білдіреміз!
Жітіқара ауданы
Е.Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектептің кәсіподақ ұйымы