Осындай педагог жұптар — білім саласының үнсіз тірегі, мектеп рухының негізі

Берик Жумабаевич және Гульмира Хамияловна Амиржановтарды тек отбасылық байланыс емес, ұстаздық миссия, шәкіртке деген жауапкершілік пен мамандыққа деген шынайы махаббат біріктіреді.
Берик Жумабаевич физика және математика пәндерінің мұғалімі, 27 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз. Ол сабақты тек тақырып түсіндіру деп емес, өмірмен байланыстыра отырып өткізуді басты қағида санайды. Оның сабақтарында формула мен заңдылықтар құрғақ күйінде қалмайды — олар күнделікті өмірден алынған мысалдар арқылы «тіріліп» кетеді. Оның өзі үшін ең үлкен жетістік — «мені таңдаған оқушылардың сенімі» дейді ол.
Гульмира Хамияловна — химия және биология пәнінің мұғалімі, 16 жылдық еңбек өтілі бар, балалар психологиясын терең меңгерген, сабырлы да талапшыл ұстаз. Ол үшін әр оқушы — жеке әлем. Гульмира Хамияловнанаң сабағына қатысқан балалардың функционалдық сауаттылығы мен сабақтағы белсенділігі әрдайым жоғары деңгейде болады. Әріптестері оны «баланың жанын түсінетін мұғалім» деп сипаттайды. Ол білім алушыларды үзбей олимпиадаларға және ғылыми жобаларға дайындауды басымдыққа қойған ұстаз. Сондықтан жұмыстан кейін де әңгіме тақырыбы көбіне мектеп, оқушы, жаңа әдіс, жаңа идея төңірегінде өрбиді. Олар бір-біріне кәсіби қолдау көрсетіп қана қоймай, сабақ жоспарларын талқылап, тәжірибе алмасып отырады. Отбасында бұл — жай ғана әңгіме емес, ортақ дамудың бір бөлігі.
Бұл педагог жұптың қызығы — мектептегі әкімшілік жұмысқа ертеден араласып келе жатқандығы. Берик Жумабаевич әкімшілік жұмысты –директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымынан бастаған болатын, қазіргі таңда екінші білім беру мекемесінде басшы болып табылады. Бұл қызметінде әріптестері оған шаруашыл, ұжымдағы психологиялық ахуалға назар аудара білуші көшбасшы деген мінездеме береді. Берик Жумабаевич 2014 жылы, Гульмира 2025 жылы Назарбаев зияткерлік мектептерінің педагогикалық шеберлікті арттыру орталықтарында көшбасшылықты терең-оқып меңгеру мүмкіндіктеріне ие болып, қазір сәйкесінше «Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламасы» (2014) және сертификаттарына «Білім беру саласындағы өзгерістер көшбасшысы» (2025) ие мамандар.
Гульмира Хамияловна мектептегі әкімшілік жұмысты – директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы орынбасары ретінде 2021 жылы бастады. Осы қысқа мерзімде қызмет етіп жатқан мектебі екі жыл қатарынан «Ауданның үздік мектептері» рейтингісінде 1 орынға ие болды, ал 2025 жылы мектеп «Үздік олимпиадалық ауыл мектебі» номинациясын иеленуге өз үлесін қосты. Қызметі барысында мектебі PISA және PIRLS халықаралық зерттеулеріне қатысып, білім сапасының халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерін талдауға мүмкіндік алады. Бұл мектеп әкімшілігіне оқыту үдерісінің тиімді тұстарын анықтауға, әлсіз бағыттарды жетілдіруге және стратегиялық даму жоспарын деректерге сүйене отырып жоспарлауға негіз болатынын түсініп, өз тәжірибесін өте құнды бөліммен толықтырып алды.
Берик Жумабаевич бос уақытында темірден де, ағаштан да бұйымдар жасауды ұнатады, өз үй-жайының алдында қолынан келгенше құрылыстар жасап жатады, көлігінің жарықтандыру жүйесін ауыстырғаны да бар. Ал Гульмира Хамияловна психология саласында мақалалар мен жаңашылдықтар туралы оқып,оның ішінде ұжымдық психология, басқарушылық және командалық қарым-қатынас мәселелеріне ерекше қызығушылық танытады. Заманауи зерттеулерді талдап, топ ішіндегі өзара әрекет, көшбасшылық стильдері, мотивация мен тиімді коммуникация тәсілдері туралы білімін толықтырады. Ұжымдағы сенім қалыптастыру, қақтығыстарды шешу және бірлескен жұмыс өнімділігін арттыру жолдарын зерттейді.
Бірқалыпты жұмыстан назарды аударып, демалу үшін бау-бақша салуды, гүлдерді күтуді өте ұнатады. Бұл хоббилер де олардың ұстаздық қызметіне тікелей әсер етіп, сабақтарын қызықты етуге көмектеседі.
Ең бастысы — бұл жұп үшін білім беру саласы жай жұмыс емес, өмір салты. Олар шәкірттің жетістігіне шын қуанып, сәтсіздігіне бірге алаңдайды. Осындай педагог жұптар — білім саласының үнсіз тірегі, мектеп рухының негізі.