
Сабитова Мереке Шайзадақызы 1977 жылы 29 қазанда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Құмкешу ауылында дүниеге келді. Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Шөптікөл орта мектебінде 11 жылдық білім алды.

2014 жылы Рудный әлеуметтік педагогикалық колледжінде «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алып шықты.

2018 жылы N2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебіне іс жүргізуші қызметіне орналасады. Осы күнге дейін 7 жыл
N2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебінде іс жүргізуші қызметін атқаруда.

Сабитова Мереке Шайзадақызы ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, өз жұмысына тиянақты, жауапкершілігі мол қызметкер.