📕Сабыркүл Бектемисова – Жангелді ауданы Ы. Алтынсарин атындағы мектептің кітапханашысы – өткен жылы өзінің алпыс жылдығын атап өтті.
📒Сабыркүл Уәлиқызы қырық жылға жуық уақытын кітапхана ісіне арнаса, оның 17 жылын Ы. Алтынсарин атындағы мектепте атқарды.
📕Сабыркүл Уәлиқызы мектеп бітіргеннен кейін сол жылы Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «кітапханатану және библиография» факультетіне оқуға түсіп, 1983 жылы осы оқуды тәмандап шықты.
📒Еңбек жолын туған жері Албарбөгет кітапхана меңгеруші қызыметінен бастады. 1985 жылы отбасылық жағдайына байланысты аудандағы Қайнекей Жармағанбетов атындағы кітапханалар жүйесінің «абанамент» бөліміне жұмысқа ауысты. 1988-90 жылдарда аудандық Балалар кітапханасында директор, 1990-96 жылдары ОКЖ директоры қызыметің атқарды. 1996-2004 жылға дейін кітапхананың МБА оқу залы, абанамент бөлімдерінде жұмыс атқарды.
📕2004 жылдың сәуір айынан 2005 жылдың тамыз айына дейін ОКЖ диреторы болып қызмет етті. 2005 жылдың қыркүйегінен бастап күні бүгінгіге дейін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте аға кітапханашысы болып қызмет атқаруда.
📒Сабыркүл Бектемисова адал еңбегі үшін «Білім шыңы-Ғылым сыры» республикалық журналының құрмет грамотасымен марапатталып, 2021 жылы орден иегері болды, «Тәуелсіз Қазақстанның құрметті кітапханашысы» алтын кітабының жинағына енгізілді.
Жангелді ауданы Ы. Алтынсарин атындағы мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы