Кәсіподақ көшбасшысының этикасы туралы ЕРЕЖЕ

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

кәсіподақ көшбасшысының этикасы туралы ЕРЕЖЕ

 

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ көшбасшыларының этикасы туралы ережесі (бұдан әрі -Ереже) Кәсіподақ көшбасшысының Кәсіподақ пен оның ұйымдарының қызметін жүзеге асыру мен тиімділігін арттырудағы рөлі туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық және еңбек міндеттерін орындау үдерісінде Кәсіподақтың сайланбалы және штаттық қызметкерлерінің (бұдан әрі-Көшбасшылар) ұйымы  ішіндегі өзара қарым- қатынастарды, бірыңғай принциптерді, нормалар мен ережелерді бекіту, оның дамуының демократиялық принциптерін қамтамасыз ету,  Кәсіподақ туралы оң имиджін қалыптастыру, «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ жарғысымен айқындалған міндеттерді орындау  және мақсатқа жету, бірлікті нығайту мақсатында әзірленген.

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 

1.1 Бұл Ереже Кәсіподақта қалыптасқан дәстүр мен моральдық құндылықтарды ескере отырып, сондай-ақ Көшбасшының мінез-құлқын және оның ұжымдағы қарым-қатынас принціптерін қарастыратын Қазақстан Республикасының  заңнамасынан туындайтын:

  • Кәсіподақ пен оның істеріне адалдық;
  • кәсіподақ мүшесінің және жалпы кәсіподақтың мүддесін басшылыққа алу;
  • бірлескен қызмет бойынша кәсіподақ мүшелеріне өз әріптестеріне қайырымдылық және құрметпен қарау; әлеуметтік жауапкершілік және кәсіподақ мүддесі үшін өзінің қоғамдық және еңбек қызметін жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру, осы қызмет үдерісінде бола отырып Кәсіподақтың қорғауында болу, Көшбасшылармен заңнамалардың, Кәсіподақ Жарғысының және одақішілік нормалардың сақталуы-

іскерлік этика нормаларының негізінде әзірленген

 

1.2. Әр Көшбасшы міндетті:

— өзінің еңбек міндеттерін, кәсіподақ мүшесінің міндеттерін адал орындауға;

— бастаманы білдіруге;

— өз бетінше білім алумен және өзінің мәдени деңгейін артырумен шұғылдануға;

— өзінің кәсіби білімін және іскерлігін жетілдіруге, жұмыс сапасын арттыруға;

— білім өрісін кеңейтуге;

— адамгершілік пен әділеттілік принцптерін сақтауға;

— өзінің физикалық жағдайы және басқалардың денсаулығына қамқорлық жасауға;

— Қазақстан Республикасының Конституциясымен жалпыға танылған және кепілдендірілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға және қорғауға жәрдемдесуге.

 

  1. КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

2.1. Көшбасшы өзінің қоғамдық және еңбек міндеттерін орындауда Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «ҚР Кәсіптік одақтар туралы» заңын, Кәсіподақ Жарғысын, Осы Ережені сақтайды, жалпы қабылданған моральдық-адамгершілік  нормаларды басшылққа алады.

2.2. Өз қызмет барысында көшбасшы:

— «ҚР Кәсіптік одақтар туралы» заңын, Кәсіподақ Жарғысын, оның негізгі бағыттарын, кәсіподақ мүшелерінің қоғамдық мүддесін басшылыққа алады.

— өз міндеттерін адал орындай отырып, әріптестерге құрметпен, ынтымақтастыққа дайын және сеніммен қарайды, көпшілік алдындағы дауда дөрекі қылықтардан тоқтатады;

— «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  символикасы мен атрибуттарына құрметпен қарайды;

— заңдылық, бейтараптық және әділдік принціптерін басшылыққа алады, жұмысқа немқұрайдылықты болдырмайды, Кәсіподақтың төрағасы мен алқалы органдарға бейтараптық таныта алмайтын жағдайлар туралы хабарлайды;

— пікірлерге, дәстүрлерге, этникалық және әлеуметтік топтардың мәдени ерекшеліктеріне, діни конфессияларға құрмет көрсетеді, Кәсіподақта және «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ мүшелері бар жалпы білім беру ұйымдарында бірлестікке, бейбітшілікке және келісімге ықпал етеді;

— «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ беделін, мәртебесін және танылуын арттыруға қамқорлық жасайды.

— бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ қызметін объективті түрде жариялауға көмектеседі;

— Кәсіподақ немесе кәсіподақ органдарының атынан, егер олар уәкілетті болмаса олардың рұқсатынсыз мәлімдеме, өтініш жасауға жол бермейді;

— өзінің жеке (соның ішінде коммерциялық) мүддесін ілгерілету үшін Кәсіподақтың құқықтарын, өкілеттіктері мен мүмкіндіктерін пайдаланбайды;

— кәсіподаққа қатысты кедергілер немесе дұшпандық фактілер туралы, кәсіподақ органдарының өкілеттіктерін тиімді қолдану мүмкін еместігі, сондай-ақ белгіленген заңды тәртіпте көшбасшының қызметімен байланысты мүдделер қақтығысының туындауы туралы кәсіподақ ұйымының тиісті немесе жоғары ұйымының  төрағасына хабарлайды.

  1. ЕРЕЖЕНІ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

3.1. Әрбір кәсіподақ көшбасшысы осы Ереже талаптарын мүлткісіз сақтауға міндетті және олармен мінез-құлық этикалық нормаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауап беруге міндетті.

3.2. Осы Ереже бұзылған жағдайда, мұндай бұзушылыққа жол бермеу туралы ескерту жасалады, ал қайталап бұзылған жағдайда қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылады.

3.3. Осы ереже өрескел бұзылған жағдайда,тәртіптік жаза қолдану мәселесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне немесе Кәсіподақ жарғысына сәйкес, тіпті Кәсіподақ мүшесі қатарынан шығаруға дейін қарастырылады.

3.4. Кәсіподақ мүшесі кәсіподақ этикасы талаптарын бірнеше рет өрескел бұзған жағдайда, оның кәсіподақта сайланбалы органның мүшесі ретінде өкілеттігі Кәсіподақ жарғысында немесе басқа нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіпте тоқтатылуы мүмкін.

3.5. Өрескел бұзушылық – бұл Көшбасшының өз міндеттерін орындау кезінде  Кәсіподақ органдарының өкілеттіктерін жүзеге асыруға теріс әсер етуі және Кәсіподаққа зиян келтіруі, осы Ережеде белгіленген нормалардың бұзылуына жол берілуі деп түсініледі.

 

  1. Қорытынды

Осы Ереже «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ құрылымына енетін кәсіподақ белсенділерінің және ұйым қызметкерлерінің барлық мүшелеріне қолданылады.  Осы ереже Кәсіподақ комитетімен бекітілген күннен бастап өз күшіне енеді.