Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының 2021 жылғы 1 жартыжылдық қызметінің қорытындылары туралы көпшілік алдындағы есеп
«Әлеуметтік әріптестік – әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақты дамуының негізі»
2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайы бойынша Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы 21 өңірлік филиалды, жалпы саны 33 мыңнан астап кәсіподақ мүшелерімен 698 БКҰ-н (қызметкерлердің жалпы санының 96%, барлығы 34864 қызметкер) біріктіреді. Бұл ретте, 2020 жылмен салыстырғанда бастауыш кәсіподақтың жалпы саны 6 мың кәсіподақ мүшесіне, немесе 23% өсті (01.07.2020 ж. жағдай бойынша – 27205 мүше; 01.07.2021 ж. -33480 мүше).
Басқару жүйесін жетілдіру және тиісінше кәсіподақ жұмысының сапасын арттыру мақсатында бірлестіктің ұйымдық құрылымын өзгерту жөнінде шаралар қабылданды.
Осылайша, бұрын жұмыс істейтін 9 өкілдік бүгін заңды түрде филиалдар ретінде тіркелген. Сондай-ақ, облыстық деңгейдегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіретін филиал құрылды.
Жергілікті кәсіподақ қызметі жарғылық міндеттерді шешуге бағытталған, оның бірі әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту болып табылады.
Бұл міндеттің маңызды құралы 2020 жылғы желтоқсанда қол қойылған Облыстық білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақ арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісім болып табылады.
Осы құқықтық акт Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркеуден өткен (2021 жылғы 12 қаңтардағы №185), сәйкесінше оның жұмыс істеуі үшін барлық заңды өкілеттіктері бар.
2021-2023 жылдарға арналған келісімде өткен редакциямен салыстырғанда 30-дан астам жаңа ереже енгізілген, бұл білім беру ұйымдарының 35 мыңға жуық қызметкерінің еңбек жағдайын жақсартады.
Жергілікті кәсіподақ аппаратымен Келісімді монеталандыру
Жергілікті кәсіподақ аппаратымен келісімді монетизациялау жүргізілді, бұл кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерлер үшін келісімде бекітілген әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің жеткілікті материалдық артықшылықтарын куәландырады.
Келісім нормаларын түсіндіру аясында 2021 жылдың 1 жартыжылдығында өңірлік газеттерде мақалалар жарияланды, «Алау» облыстық телеарнасында арнайы шығарылым болды, Жергілікті кәсіподақтың ресми сайтында және әлеуметтік желілер беттерінде жарияланымдар топтамасы шығарылды. (https://lprofedu.kz/).
Келісім негізінде облыстың барлық білім беру ұйымдарында ұжымдық шарттар әзірленіп, жасалды. «Ұжымдық шартты жаса!» кәсіподақ акциясы аясында бірінші болып қол қойып, еңбек инспекциясы органында тіркелген он бастауыш кәсіподақ ұйымы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жекелеген білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттары Келісімнің нормаларымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын жақсартатыны жағымды жағдай.
Мысалға, №1 Рудный арнайы мектеп-интернатының ұжымдық шартында бухгалтерге (6 күн), хатшыға және жүргізушіге (үш күннен) демалысына қосымша ақы төленетін күндер беру туралы міндеттеме бекітілген. Сол сияқты Рудный технологиялық және сервис колледжінің ұжымдық шартында жүргізушінің, кітапханашының, кадр бөлімінің, шаруашылық меңгерушісінің, зертханашы мен аудармашының демалыс күніне үш ақы төленетін күн қарастырылған. Яғни, әлеуметтік әріптестік жүйесін дамуы айқын көрінеді.
Жергілікті кәсіподақ келісімде бекітілген әлеуметтік әріптестік міндеттемелерін орындау бойынша тиісінше жұмыс жүргізуде.
Осылайша, Келісімнің 11.18-тармағына сәйкес 2020 жылғы желтоқсанда Жергілікті кәсіподақ жанынан өмірлік қиын жағдайда қалған кәсіподақ мүшелеріне атаулы қолдау көрсету бойынша жұмысты күшейту мақсатында «Мейірім» қайырымдылық және әлеуметтік көмек қоры құрылды. Бүгінгі таңда Қорға ерікті негізде облыстың білім беру саласының 200-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымы қосылды.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор кәсіподақтың мұқтаж мүшелеріне жалпы сомасы 1,6 млн. теңге болатын қаржылай қолдау көрсетті.
Әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің 8.2-тармағында бекітілген норманы іске асыру кезінде кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының денсаулығын жақсарту бойынша, оның ішінде санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру арқылы жұмыс жүргізілуде.
Айта кету керек, жаңартылған кәсіподақ саясаты аясында санаторлық-курорттық емдеу тәсілдері өзгерді. Ағымдағы жылы Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы аурулардың түрлерін ескере отырып денсаулықты жақсартуды ұйымдастыруда, бұл атаулы және максималды тиімділікті қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты кәсіподақ мүшелерінің сырқаттану деңгейіне мониторинг жүргізілді (жүргізілген мониторинг мәліметі бойынша облыстың білім беру ұйымдарының 6,5 мың қызметкерінің немесе біздің кәсіподақ мүшелерінің әрбір бесінші мүшесінің созылмалы аурулары бар), сондай-ақ еліміз бен өңірдегі санаторлық-курорттық аймақтардың ресурстық әлеуеті зерделенді.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазахстан» (Алматы қаласы), «Мерке» (Жамбыл облысы), «Сосновый бор» (Қостанай облысы), «Жайлау» (Қостанай облысы), «Щучье шипажайы» АҚ (Ақмола облысы) және «Шипажай көктем» АҚ (Алматы қ). шипажайларымен санаторлық-курорттық емделу қызметіне шарттар жасасты.
2021 жылдың 6 ай ішінде 297 қызметкері-кәсіподақ мүшесі жеңілдетілген кәсіподақ жолдамасы (кепілдендірілген облыстық жеңілдік – 20%) бойынша санаторлық-курорттық емделуден өтті (2020 жылдың 12 ай ішінде- 263). Жаз мезгілінде бұл көрсеткіш екі есе артады, яғни санаторлық сауықтырумен 600-ге жуық жұмыскер қамтылады.
Алдағы уақытта бұл көрсеткішті жылына 3 мың жұмысшыға дейін немесе кәсіподақ мүшелерінің жалпы санының 10%-ына дейін арттыруды жоспарлап отырмыз.
Ағымдағы жылы Жергілікті кәсіподақ қазіргі қолданыстағы лагерьлерге баруға жеңілдіктер беру арқылы балалардың денсаулығын сауықтыру бойынша шаралары да жүзеге асырылуда.
Кәсіподақ саясатының ажырамас бөлігі қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және кәсіподақ мүшелеріне тегін заң көмегін көрсету болып табылады. Бұл шаралар Әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің 13.2.4.-т. көзделген.
2020 жылдың қараша айынан бастап Жергілікті кәсіподақ құрылымында заң клиникасы жұмыс істейді, оның басшысы күнделікті жеке қабылдау, телефон арқылы кеңес беруді жүзеге асырады. Орта есеппен күніне 10 өтініш келіп түседі, әрқайсысына сауатты, уақтылы жауап беріледі.
Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру үшін «Жалпыға құқықтық оқыту мектебi» қызмет етуде, әлеуметтiк желiлерде Instagram және Facebook «Құқықтық бiлiмнің виртуалды мектебі» жобасы iске асырылуда.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Жергілікті кәсіподақпен облыстың білім беру саласындағы келісу комиссиясының 400-ден астам мүшелері үшін «Келісу комиссиясы. Еңбек дауларын шешу тәртібі» атты тегін курсы ұйымдастырылды және және өткізілді.
Курстардың қорытындысы бойынша жауаптары бар ұйымдардың түрлері бойынша жеке «Тесттер, тапсырмалар, хаттамалар және шешімдер материалдар жинағы» әзірленді, бұл келісу комиссияларының жұмысына жақсы көмек болады.
Кәсіподақтың бастауыш ұйымы жылында жергілікті жерлерде кәсіподақ жұмысына әдістемелік қолдау көрсету маңызды деп санаймыз.
Осыған байланысты Жергілікті кәсіподақ аппараты кәсіподақ көшбасшыларына көмек ретінде «Кәсіподақ алгоритмдері» және «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» (ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында тиісті нөмірі ISBN тіркелген) жинақтарын әзірледі, ол барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарына тегін беріледі.
Әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында Жергілікті кәсіподақ ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бірқатар көпбағытты жобаларды іске асырды:
ҚР КФ жарияланған «Қалың қалай, бастауыш кәсіподақ ұйымы?» акциясы барысында Жергілікті кәсіподақ аппараты облыстық білім ұйымдарының 16 бастауыш кәсіподақ ұйымын аралады, кездесу барысында кәсіподақ мүшелері қойған барлық проблемалық мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіподақтың барлық іс-шаралары кеңінен жарияланып, жұмыстың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді.
Жүйенің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жергілікті кәсіподақ құрылымындағы қаржылық өзара әрекет қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанына көшті (ақшалай қаражат корпоративтік карталарға аударылады).
«Smart Kasipodaq Yntymaq» – БКҰ порталға 100% тіркелген.
Сондай-ақ, Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында Жергілікті кәсіподақ аппараты жергілікті жерлерде кәсіподақ жұмысының нақты жай-күйін объективті бағалау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін бағалаудың бірыңғай тәсілдері мен критерийлерін әзірледі.
Филиалдары мен Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының тиімді қызметінің рейтингтік бағасы 6 негізгі параметр бойынша кәсіподақ жұмысын сипаттайтын 50-ден астам көрсеткішті қамтиды.
Бұл ретте әрбір параметр жасалған жағдайлардың сапасы тұрғысынан да нәтиже сапасы тұрғысынан да бағаланады, бұл кәсіподақ ұйымының нәтижеге қол жеткізу үшін қолда бар әлеуетті қаншалықты пайдаланатындығын айқындауға, тиісінше нақты проблемаларды анықтауға және даму жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Рейтингтік бағалау қазан айында ҚР Кәсіподақ күні қарсаңында шығарылады.
Жалпы алғанда, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Жергілікті кәсіподақ білім беру қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын және мүдделерін қорғауды тиімді қолдау бойынша жарғылық міндеттерді шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізді.
Сонымен қатар, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында Жергілікті кәсіподақтың негізгі қызметі болатын жұмыстың проблемалық бағыттары да бар.
Бұл, кәсіподақтың мұқтаж мүшелеріне, оның ішінде Қайырымдылық және әлеуметтік көмек қоры арқылы атаулы қолдау көрсету, білім беру қызметкерлерінің облыстық ардагерлер кеңесін құру арқылы еңбек ардагерлерімен өзара іс-әрекетті жандандыру, Кәсіподақтар федерациясының 2021-2025 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасын іске асыру шеңберінде жастар кәсіподағы активін нығайту, имидждік саясатты нығайту бойынша жұмысты күшейту.