Құқықтық білімнің виртуалды мектебі

Бекітемін»

«Қостанай облысы білім және

ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

төрағасы

 ______________ В. Цымбалюк

 

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту туралы

ЕРЕЖЕ

 

І. Жалпы ережесі.

  1. Жалпыға бірдей құқықтық оқу – бұл бұқаралық құқытық насихат пен азаматтарға құқықтық тәрбие беру жүйесі.
  2. Осы ереже «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі мәтін бойынша –Жергілікті кәсіподақ) жалпыға бірдей құқықтық оқудың жүргізу мақсатын, принціптері мен тәртібін айқындайды.
  3. Жалпыға бірдей құқықтық оқудың мақсаты – Жергілікті кәсіподақтың аудандық (қалалық) филиалдарының төрағаларының, бастауыш облыстық білім ұйымдары төрағаларының, Қостанай облысының білім ұйымдары  қызметкерлерінің (бұдан әрі мәтінде – жалпыға бірдей құқықтық  оқудың  қатысушылары (тыңдаушылары )) құқықтық мәдениетін  көтеру.
  4. Жалпыға бірдей құқықтық оқудың негізгі принціптері:

1) жалпылық;

2) жүйелілік;

3) үздіксіздік;

4) даралық (түрлі категориядағы қатыушылардың (тындаушылардың) кәсібилік және басқа да ерекшеліктерін есепке алу.

ІІ. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру

  1. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жұмысына Жергілікті кәсіподақтың заңгері және басқа да қызметкерлері қатысады.
  2. Жергілікті кәсіподақ кеңесшісі жалпы құқықтық білім беру іс-шарасын жүргізу жоспарын әзірлейді. Қажеттілігіне қарай  жоспар түзетілуге жатады.
  3. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды жүргізудің техникалық бөлігін ұйымдастыру басшылығы мен бақылауды Жергілікті кәсіподақтың ақпараттандыру бойынша мамандығы іске асырылады.
  4. Жалпыға бірдей құқықтық оқудың ұйымдастырылуына, әдістемелік жетекшілікке жалпы басшылықты және бақылауды Жергілікті кәсіподақ кеңесшісі іске асырады.

ІІІ. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды жүргізу тәртібі

  1. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды бір айда екі реттен жиі емес, қажеттілік жағдайда жиі жүргізіледі.
  2. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды заңдылық және құқық мәселесін зерделеу бойынша лекция, семинар-кеңес, дөңгелек үстел, интернет желісі құралдары бойынша онлайын байланыс тәртібінде диалогтар  (сұрақ-жауап),  жадынамалар, ұсыныстар тарату жолымен  сондай-ақ түскен ұсыныстарға сәйкес басқа да форматта іске асырылады.
  3. Жалпыға бірдей құқықтық оқуда білім ұйымының қызметі барысында туындаған проблемалық сұрақтарды қарастыру және түсініктеме беру қарастырылады.
  4. Жалпыға бірдей құқықтық оқу бойынша (лекция, семинар-кеңес, дөңгелек үстел және т.б) іс-шарасын өткізу күні мен уақыты туралы тыңдаушыларға сұрақтарды зерделеу және дайындау үшін таратылым материалдарын жібере отырып, оның өту күнінен екі күн бұрын хабарланады.