Кәсіподақтың Тексеру комиссиясы (одан әрі — Тексеру комиссиясы) Жергілікті Кәсіподақтың қаржы-шаруашылық қызметін, мүшелік жарналар мен басқа да ақшалай түсімдердің есептелуі мен түсуін, Жергілікті Кәсіподақтың ақшалай қаражатының дұрыс жұмсалуын, мүлкінің дұрыс пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын бақылау-тексеру органы больш табылады.
Тексеру комиссиясы жеткілікті біліктілігі және қаржы-шаруашылық қызметті тексеру құқықтары бар Жергілікті Кәсіподактың мүшелері ішінен бес жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы өз жұмысын дербес атқарады, Жергілікті Кәсіподақ Салалық Кәсіподаққа есеп береді және Жергілікті Кәсіподақ Жарғысына, алқалылық және шарттық қағидаттары негізінде Салалық Кәсіподақ бекіткен Ережеге сай әрекет етеді.
Тексеру Комиссиясьшың сандық құрамын Жергілікті Кәсіподақ конференциясы анықтайды.
Тексеру комиссияның төрағасы Тексеру комиссиясының отырысында көпшілік дауыспен сайланады және лауазымы бойынша Жергілікті Кәсіподақ конференциясының делегаты болып табылады. Дауыс беру нысанын (ашық немесе жабық) Тексеру Комиссиясы анықтайды.
Алқа мүшелері және Жергілікті Кәсіподақ аппаратьның штаттық қызметкерлері Тексеру Комиссиясына мүше бола алмайды.
Тексеру Комиссиясы Жергілікті Кәсіподақ және бастауыш ұйым қызметін қарау және текруді жылына кемінде бір рет жүзеге асырады, Жергілікті Кәсіподақ мүшелерінің өтініш бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.
Тексеру Комиссиясының мүшелері Алқаның отырысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
Тексеру Комиссиясы өз жұмысы туралы Жергілікті Кәсіподақ конференциясында кемінде жылына бір рет Алқамен бір мезгілде есеп береді.
Жергілікті Кәсіподақтың Алқа қаржысы осы Жарғыда көзделген қызметті қамтамасыз ету үшін бекітілген шығындар сметасына сәйкес жұмсалады. Жоғары тұрған кәсіподақ органдарына жарты жылда бір рет қаржылық есеп беріледі.