Кәсіподақ комитеті

Конференциялар арасындағы кезеңде Жергілікті кәсіподақтың сайланбалы басшылық органы Кәсіподақ комитеті болып табылады. Кәсіподақ комитеті жергілікті кәсіподақтың конференциясымен бес жылдық мерзімге сайланады және қажет болған жағдайда, кемінде жарты жылда бір рет шақырылады. Жергілікті кәсподақ төрағасы кәсіподақ комитетінің жұмысын басқарады. Кәсіподақ комитетінің отырысы оған сайланған жергілікті кәсіподақ комитеті мүшелерінің жартысынан көбінің қатысуымен құзыретті. Кәсіподақ комитетінің кезектен тыс отырысы оның бастамасымен немесе оның мүшелерінің кем дегенде үштен бірінің талабы бойынша шақырылады.

Кәсіподақ Комитеті өз қызметінде Жергілікті Кәсіподақ Конференциясына есеп береді. Жергілікті   Кәсіподақ төрағасы өз лауазымы бойынша Кәсіподақ Комитетінің мүшесі болып табылады.

Кәсіподақ Комитетінің шешімдері отырысқа қатысқан мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Кәсіподақ Комитетінің отырыстары хатталады, хатгамаларды ағымда сақтау мерзімі – қажеттігі жойылғанға дейін, бірақ бес жылдан кем емес. Конференциялар аралығындағы кезеңде Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитеті мен Бақылау-тексеру комиссиясы өз мүшелеріне толықтыру (оларды алмастыру, қосымша сайлау) жүргізуге құқылы.

  Кәсіподақ Комитеті өз кезегінде:

–   осы Жарғыда айқындалған Жергілікті Кәсіподақтың мақсаттары мен міндеттерін іске
асыруды қамтамасыз етеді, Конференциялар шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

–   Жергілікті Кәсіподақ және бастауыш ұйымдар мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша Жергілікті Кәсіподақ кызметінің негізгі бағыттарын әзірлейді;

–   әлеуметтік әріптестікті дамытуға, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін жасауға, әлеуметтік тұрақтылықты және өндірістің тұрақты дамуын сақтауға қатысады;

–   Жергілікті Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының жарғылық міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді, бірлескен акциялар мен іс-шаралар өткізеді;

–   Жергілікті Кәсіподақтың мүлкін және қаржысын пайдаланады, билік етеді;

–   Жергілікті Кәсіподақтың бюджетін, аппаратты ұстауға, одақішілік қызмет жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекітеді;

–   Жергілікті Кәсіподақтың статистикалық және қаржылық есептілігін белгіленген
тәртіпте қамтамасыз етеді;

–   Жарғының және Жергілікті Кәсіподақ органдары шешімдерінің орындалуы, сондай-ақ олардың қызметі туралы Жергілікті Кәсіподақтың бастауыш ұйымдары басшыларының ақпаратын тыңдайды;

–   комиссиялар және басқа да тұрақты немесе уақытша жұмыс органдарын құрады, оларға өкілеттіктер береді, олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді;

–   Кәсіподақ Комитеті Төрағасының орынбасарларын сайлайды және босатады;

–   Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай кәсіпорын басшылығымен бірге
қызметкерлермен еңбек қатынастарын реттеу бойынша ұжымдық шартты дайындауға
және жасасуға қатысады;

–   еңбекті қорғаудың қоғамдық инспекторларын сайлайды және ұжымдық шарт ережелерінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуына, жұмыс орындарында салауатты және қауіпсіз жұмыс жағдайларының қамтамасыз етілуіне бақылау жасайды;

–  еңбек жағдайын, қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын және өндірістік нысандардағы санитарлық-экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдеседі;

– Жергілікті кәсіподақ қызметінің мәселесі бойынша сәйкес ережелер мен нұсқаулықтарды бекітеді.

–  өзіне Жергілікті  Кәсіподақ конференциясы табыстаған басқа да функцияларды жүзеге асырады.