Білім беру бағдарламасы «Бiлім беру ұйымы басшысының әкімшілік қызметінің заманауи технологиялары: басқару және заңды құзыреттер

ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ БАСШЫСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ: БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ҚҰЗЫРЕТТЕР

 

Костанай қ., 2025

 

 

1. Жалпы ережелері

«Білім беру ұйымы басшысының әкімшілік қызметінің заманауи технологиялары: басқару және заңды құзыреттер» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы  № 175 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді (өзгерулер, ҚР министрінің 2023 жылғы 07 тамыздағы № 249 бұйрығы). Бағдарлама «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес  (өзгертулер, ҚР министрінің 2023 жылғы 04 қазандағы № 303 бұйрығы) және Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасын бекіту туралы» ҚР білім және ғылым министірінің  2009 жылғы 13  шілдедегі  № 338  бұйрығына (өзгертулермен, ҚР оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 жылғы № 100 бұйрығы)  сәйкес әзірленген.

Өскелең ұрпаққа сапалы және толыққанды білім беруді қамтамасыз ету көбінесе мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылатын білім беру ұйымын басқарудың тиімділігіне байланысты.

Білім беру ұйымының басшысы педагогиканың негіздерін және білім беру процесін ұйымдастыруды біліп қана қоймай, білікті менеджер болуға, ұйымның жұмыс істеуінің құқықтық мәселелерін түсінуге тиіс.

Педагогикалық жүйенің жүйе құраушы факторы-басқару, ал оқыту процесін басқару өнері-педагогикалық менеджмент, яғни, оның тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін білім беру процесін басқарудың принциптерінің, әдістерінің, ұйымдастырушылық формаларының, технологиялық әдістерінің жиынтығы.

Бұл бағдарлама тыңдаушылардың қазіргі жағдайда кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа құзыреттерді игеруіне, мектепке дейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етуге және жалпы мектепке дейінгі ұйымды басқару мен дамытуда басшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

 

2. Глоссарий

 

Талдау ( «жіктеу», «ыдырау» деген грек сөзінен шыққан) – құрамдас бөліктерге ойша немесе нақты ыдырауынан тұратын ғылыми зерттеу әдісі; ғылыми танымда үлкен  маңызы бар; әдетте талдау – бұл жоғары ғылыми зерттеудің басты кезеңі болып табылады. Бүтіннің құрамдас бөліктерге ыдырату негізіндегі бір нәрсенің сапасы және саны,  құрамы мен қасиеттерін зерттеу; бір нәрсені  талдау, қарастыру; нысан біртұтас операция ретінде қарастырылатын операциялардың жиынтығы, оны бөлудің негізгі құралы объектіге тән әртүрлі функцияларды анықтау болып табылады.

Аттестаттау (латын тілінде «куәлік»  дегенді білдіреді ) — қызметкердің біліктілігі, білімі мен тәжірибесі, атқаратын лауазымының іскерлік қасиеттері, атқаруы тиіс функциялары бойынша сәйкестігін айқындау. Білім беру мекемелері қызметкерлерінің біліктілік деңгейін, кәсібилігін және өнімді қызметін кешенді бағалау. Білім беру қызметін мемлекеттік-қоғамдық бақылаудың негізгі нысаны, нәтижесінде білім беру мекемелерінің барлық түлектерінің (ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан) даярлық деңгейі мен сапасының мазмұнының мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігі белгіленеді; аттестаттау білім беру мекемелерінің білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру құқығын растайды.

Мемлекеттік аттестаттау —  білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.

Білім беру сапасы — операциялық мақсаттар мен нәтижелердің арақатынасы, білім беру мекемесі ұсынатын білім беру қызметтерінен білім беру процесіне әр түрлі қатысушылардың үміттерін қанағаттандыру дәрежесі немесе білім беруде қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу дәрежесі, бұл осы ұғымның жалпы анықтамасы болып табылады

Біліктілік (латын тілінде quails – сапасы бойынша қандай және facio — жасаймын) – қызметкердің белгілі бір қызмет түріндегі белгілі бір күрделілік дәрежесіндегі еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретін қабілеттерін дамыту деңгейі. Біліктілік қызметкердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларының көлемімен анықталады және оның маңызды әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы болып табылады.

Ұжым (латын тілінде collectivus — ұжымдық дегенді білдіреді) —қандай да бір ортақ қызметпен, жұмыспен, оқумен,  белгілі бір қоғамдық міндеттерді шешумен біріктірілген адамдар тобы. Кең мағынада-ортақ идеялармен, қажеттіліктермен, мүдделермен біріктірілген адамдар

Құзыреттілік — бұл адамның біліктілігі мен белгілі бір функцияларды немесе міндеттерді өз құзыретіне қарай орындауға дайын болу дәрежесі. Бұл қажетті білім мен дағдылардың болуын ғана емес, сонымен қатар оларды іс жүзінде қолдануға дайын екендігін көрсетеді.

Құзырет – бұл адамға белгілі бір міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретін білім, дағды және жеке сапалар жиынтығы. Ол тек кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істеу, шешім қабылдау, өзгерістерге бейімделу, күрделі мәселелерді шешу және т.б. сияқты аспектілерді қамтиды.

Басқаша айтқанда, құзырет — бұл тек білім немесе теориялық білімнің болуы ғана емес, оны іс жүзінде қолдану мүмкіндігі.

Білім менеджері — қазіргі заманғы ғылыми басқару әдістері негізінде білім беруді басқару функцияларын кәсіби түрде жүзеге асыратын қызметкер.

Тәлімгерлік  — орта білім беру ұйымдарында Педагогтің кәсіби қызметіне алғаш кірген адамға кәсіптік бейімделуде практикалық көмек көрсету бойынша қызметі.

Білім беру –адамгершілік, зияткерлік, мәдени, физикалық даму және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі.

Білім беру бағдарламасы  – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені

Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогикалық негізделген, дәйекті өзара әрекеттесу процесі, оның барысында жеке тұлғаны оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешіледі.

Білім беру мониторингі — – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

Оқыту — оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын игеру, шығармашылық қабілеттері мен адамгершілік этикалық көзқарастарын дамыту бойынша белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі.

Педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;

Жоспарлау — бұл жүйенің болашағын анықтау, мақсат қоюмен, оларға жету жолдары мен тәсілдерін таңдаумен, осы негізде жоспарларды (жоспарлы тапсырмаларды) әзірлеумен, қажетті ресурстарды бөлумен байланысты басқару қызметінің түрі.

Қазақстан Республикасында білім беру мазмұны – бұл құзыреттілікті қалыптастыру және тұлғаның жан-жақты  дамуы үшін негі болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білім жүйесі(кешен).

Басқару – бұл мақсатқа жету үшін адамдардың бірлескен іс-әрекетін үйлестіру үшін басқарушы және басқарылатын жүйенің мақсатты және өзара байланысты әрекеттерінің жиынтығы.

Оқу жоспары — бұл белгілі бір бағыт немесе мамандық бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын сипаттайтын құжат.

 

3. Бағдарлама тақырыбы

 

«Білім беру ұйымы басшысының әкімшілік қызметінің заманауи технологиялары: басқару және заңды құзыреттер» біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасының жаңашылдық дәрежесі бағдарламаның мазмұнында халықаралық, ұлттық трендтер мен тәжірибе ескерілгеніне байланысты.

Аталған білім беру бағдарламасы мынаны қамтиды:

 отандық білім беру жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік базасын;

— ұйымның қаржылық қызметі ;

— құжат айналымын  жүргізу жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу;

— білім беру ұйымында персоналмен жұмыс және кадрлық іс жүргізу;

— білім беру қызметтерін ұсыну сапасының есептілігі мен мониторингі жүйесі;

— білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар;

— анықталған нормативтік-құқықтық талаптарды бұзғаны үшін басшының дербес жауапкершілігі.

 

4. Бағдарлама мақсаты, міндеттері мен күтілетін нәтижелер

 

Мақсаты-тыңдаушыны білім беру ұйымы директорының жұмысында әкімшілік қызметтің заманауи технологияларын қолдануға үйрету.

Міндеттер:

1) білім беру ұйымы қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді талдау;

2) білім беру ұйымының кадрлық саясатын зерттеу;

3) білім беру ұйымында заманауи менеджмент ерекшелігін ашу;

4) білім беру ұйымының қызметін жоспарлау, талдау, басшылық ету дағдыларын жетілдіру.

5) Оқытудан күтілетін нәтиже:

1) нормативтік-құқықтық актілерді білу

2) білім беру ұйымдарына кадр саясатын енгізу бойынша кәсіби құзыретті меңгереді.

3) білім беру ұйымдарында заманауи менеджменттің негізгі бағыттарын біледі және қолданады

 

5. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны

 

Бағдарлама 3 модулді меңгеруді қарастырады.

1 модуль. Білім беру ұйымдарындағы заманауи менеджменттің нормативтік-құқықтық негіздері .

Бұл модульде білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары көрсетілген. Нормативтік құқықтық актілермен бекітілген тәрбие мен оқыту жүйесіндегі басым бағыттармен танысуға бағытталған.

Модуль міндеттері:

1) Нормативтік құқықтық актілермен бекітілген Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау;

2) Білім беру ұйымдары басшыларының құқықтық сауаттылығын арттыру

Күтілетін нәтижелер:

1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағытын анықтау;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық сауаттылықты арттыру

2 модуль. Білім беру ұйымы басшысының басқарушылық құзыреттері.

Бұл модульде персоналды тиімді басқару негіздері қарастырылған.

Модуль міндеттері:

1) беру ұйымын басқару проблемаларын анықтау;

2) білім беру ұйымы басшысының кәсіби құзыреттілігін, стратегиялық жобалау дағдысын дамыту

3) есептілікті дұрыс жүргізу;

4) білім беру ұйымының қызметін бақылау дағдыларын меңгеру.

Күтілетін нәтижелер:

1) білім беру ұйымын басқару проблемаларын анықтайды;

2) білім беру ұйымы басшысының кәсіби құзыреттілігін, стратегиялық жобалау дағдысын меңгереді

3) есептілікті дұрыс жүргізеді;

4) білім беру ұйымының қызметін бақылау дағдыларын меңгереді.

3 модуль. Білім беру ұйымы басшысының заңды құзыреттері.

Модуль білім беру ұйымы басшысының заңды мәселелердегі құзыретін зерделеуге және арттыруға бағытталған.

Модул міндеттері:

1) заңнаманы бұзудың салдары;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әс-әрекет;

3) педагог қызметкерлердің мүдделер қақтығысы

Күтілетін нәтижелер:

1) заңнаманы бұзудың құқықтық салдары туралы білу, басшының жеке жауапкершілігі;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алды алу, анықтау және жолын кесу бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

3) беру ұйымдарында дау-жанжалды реттей білу

Бағдарламаның оқу жоспары.

Сабақ тақырыбы Теориялық білім Өздік жұмыс Барлығы
1 модуль. Білім беру ұйымдарындағы заманауи менеджменттің нормативтік-құқықтық негіздері
1.1 Нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген,  білім беру жүйесінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері, 2 6 8
1.2 Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Үлгілік оқу жоспары.

Үлгілік оқу бағдарламасы.

4 6 10
БАРЛЫҒЫ: 18
2 модуль. Білім беру ұйымы басшысының басқарушылық құзыреттері
2.1 «Педагог» кәсіби стандартына сәйкес білім беру ұйымының заманауи басшының кәсіби құзыреттілігі

 

4 4 8
2.2 Білім беру ұйымын басқарудағы заманауи проблемалар 4 4 8
2.3 Білім беру ұйымдарының есептілігі 2 4 6
2.4 Білім беру ұйымының қызметін бақылау және қадағалау. Білім беру қызметін мониторингілеу 4 4 8
БАРЛЫҒЫ: 30
3 модуль. Білім беру ұйымы басшысының заңды құзыреттері
3.1 Білім беру қызметін жүргізу туралы заңнаманы бұзудың құқықтық салдары. Басшының жеке жауапкершілігі. 4 6 10
3.2 Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет 4 6 10
3.3 Педагог қызметкерлердің мүдделерінің қақтығыстары. 4 6 10
БАРЛЫҒЫ 30
Қорытынды тестілеу 2
БАРЛЫҒЫ 80

 

6. Оқу процесін ұйымдастыру

 

 Оқыту білім беру ұйымының өтінімі немесе тыңдаушының жеке өтінімі негізінде жүргізіледі.

Курстың бағдарламасында дәріс бөлімі, сондай-ақ тыңдаушылардың өзіндік жұмыс шеңберінде өзін-өзі даярлау, практикалық сабақтарға дайындық, бақылау және тест тапсырмаларын орындау бойынша тапсырмаларды орындауы қарастырылған.

Біліктілікті арттыру курстары аралас оқыту режимінде оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылады: қашықтықтан — ___ сағат және дербес ___ сағат.

Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде курстың соңғы күнінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында: өзіндік жұмыс және тестілеу жүргізіледі.

Тыңдаушылардың бағдарлама мазмұнын игеру параметрлері мен бағалау критерийлерін профессор – оқытушылар құрамы әзірлейді.

 

7. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

 

Нормативтік-құқықтық құжаттар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің бұйрықтары, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламасы және т. б.)

Ұйымның ішкі құжаттарын және оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша ұсыныстар.

Мәтіндік түрде, сондай-ақ презентация түрінде ұсынылған дәріс материалы.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жетекші қазақстандық және шетелдік мамандардың оқу және әдістемелік құралдары.

Практикалық жұмысқа арналған материал (тесттер, педагогикалық міндеттер).

Тәрбиеленушілердің ата-аналарына, педагогтердің өзін-өзі диагностикалауына арналған сауалнама үлгілері.

Ғылыми мақалалар жазу, кәсіби конкурстарға дайындық, әлеуметтік әріптестермен және қоғаммен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар.

Өз бетінше жұмыс істеуге арналған бақылау тапсырмалары.

8. Оқу нәтижелерін бағалау

 

Білім алушыларды аралық аттестаттау олардың Бағдарламаның әрбір модулін меңгеруіне қарай тест тапсырмаларын шешу, бағдарлама мазмұнына сәйкес әдістемелік өнімдерді әзірлеу және оқу іс-әрекетінің талдауын ұсыну түрінде жүзеге асырылады.

Осы бағдарламада оқыту бағдарламасын меңгеру деңгейін бағалау үшін келесідей бағалау критерийлері бар сұрақтар мен тапсырмалардан тұратын қорытынды тестілеу әзірленді: тестілеу нәтижесі дұрыс орындалған тест жауаптарының санына қарай бағаланады (әрбір дұрыс жауап – 1 балл) және бағалар қойылады.

Ұпайларды бағалауға аудару шкаласы:

баға Тапсырмалардың жалпы санынан дұрыс орындалған тапсырмалар

%  

Ұпайлар
«Үздік» 90-100 % 29-35
«Жақсы» 70-80 % 23-28
«Қанағаттанарлық» 50-60 % 18-22
«Қанағаттанарлықсыз»  50 % төмен 0-17

 

9. Курстан кейінгі қолдау

 

Тыңдаушыларды курстан кейінгі қолдау қашықтықтан консультациялар түрінде (электрондық пошта, ұялы байланыс, әлеуметтік желілерде) біліктілікті арттыру курстары аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, келесі нысандарда жүзеге асырылады:

1) орталықтың іс-шараларына қатысуға тарту-әртүрлі деңгейдегі семинарлар, вебинарлар, тренингтер, конкурстар өткізу;

2) білім беру ұйымдарының басшыларын, басшыларының орынбасарларын аттестаттауға дайындауда әдістемелік көмекті жүзеге асыру

 

10. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

 

 Негізгі әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 -ІІІ заңы (2024 жылғы 01 қыркүйектегі жағдайы бойынша өзгерістер мен толықтырулар)
  2. Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ заңы (27.04. 2024 жыл бойынша өзгерістер мен толықтырулар)
  3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР ОАМ 03. 08. 2022 жылғы № 348 бұйрығы)
  4. Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары (ҚР ОАМ 27.06.2024 ж. № 161 бұйрығы)
  5. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары (ҚР БҒМ 16.09.2022 жылғы № 399 бұйрығы).
  6. Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары (ҚР БҒМ 03. 07. 2023 жылғы № 265 бұйрығы)
  7. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (2ҚР ОАМ 28.10.2024 жылғы № 318 бұйрығы)
  8. Тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР БҒМ 02.08.2024 жылғы № 198 бұйрығы)
  9. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары (ҚР оқу-ағарту министрінің 07. 08. 2023 жылғы № 249 бұйрығы)

Қосымша әдебиет:

  1. Кузгибекова Г.М. Инклюзивное      образование:      реальный   опыт, проблемы, перспективы» авторы http://ria.ru/spravka/
  2. Данилина, Е. И. Инновационный менеджмент в управлении персоналом: учебник для бакалавров — Москва: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К°», 2020
  3. Жуковский, И. В. Менеджмент в методической службе образования — М.: Издательство Российского Университета дружбы народов, 2018
  4. Зверева, Т. М. Необходимость обновления форм и методов управления в условиях использования инновационного менеджмента // Электронный научный журнал. – 2020
  5. Тургинбаева А.Н. Инновации и риски: учебное пособие – Алматы: Қазақ университеті, 2008
  6. Черняков, М. К. Управление инновационной деятельностью / М. К. Черняков, К. Ч. Акберов, Е. Н. Сарычева; под редакцией М.К. Чернякова. – Курск: Закрытое акционерное общество «Универ, 2020.