«Бақытты педагог» облыстық фотоконкурсының ЕРЕЖЕСІ

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің

2023 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 3 хаттамасымен бекітілген.

 

«Бақытты педагог» облыстық фотоконкурсының

ЕРЕЖЕСІ

 

 

  1. Жалпы ережесі.

 

  • Осы ереже «Бақытты педагог» облыстық фотоконкурсын өткізу тәртібін және шарттарын белгілейді.
  • Конкурс ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі-Кәсіподақ).
  • Конкурс қорытындысын қазылар алқасы жүргізеді, ресми сайтта, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарияланады.
  • Конкурсты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ұйымдастыру бөліміне 87788258941 телефоны немесе lprofedu@mail.ru электрондық пошта арқылы байланыса аласыздар.

І. Фотоконкурс мақсаты:

  • Тұлғаның дамуын, шығармашылық бастамсын және эстетикалық талғамын ынталандыру.
  • Бала-педагогикалық шығармашылығын бірлесіп қолдау
  • Фотосурет және фотоөнер аясында кәсіподақ мүшелері педагогтарының арасында талаптарды анықтау.

ІІ. Конкурс қатысушылары:

Конкурсқа кәсіподақ мүшелері қатыса алады.

 

ІІІ. Конкурсқа қатысу шарты:

3.1. Конкурсқа қатысу үшін педагогтерге жұмыс орнында өзің немесе балалармен түскен фотосын ұсыну және «Педагог+лайықты еңбек= бақытты педагог» тақырыбын ашу керек.

 

3.2. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері.

Фотоконкурсқа ұсынылған жұмыстар мына критерийлер бойынша бағаланады:

-эстетикалық орындау

– техникалық сапасы

– цифрлық өңдеу сапасы

3.3. Әр филиалдан ұсынылған жұмыстар саны   5 фотосуреттен аспауы керек.

3.4. Фотосуреттер мен өтінімдер lprofedu@mail.ru электрондық поштасына 2024 жылғы 28 ақпанға дейін ұсынылады.

3.5. «Бақытты педагог» фотоконкурс зорлық-зомбылық, нәсілдік, ұлттық, діни немесе әлеуметтік, төзімсіздік элементтері бар жұмыстар қабылданбайды.

3.6. Сапасы мен рұқсаты төмен  фотосуреттер байқауға қатысудан бас тартылады.

3.7. Фотоконкурсқа қатысу арқылы, авторлар баспа өнімдерін (плакаттар, буклеттер, баспа басылымдары және т.б.) безендірілуде өз жұмыстарын пайдалану құқығын автоматты түрде береді.  Байқауға қабылданған жұмыстар қайтарылмайды.

  1. «Бақытты педагог» фотоконкурсына қорытындылар жүргізу.

 

4.1.Конкурс қорытындылары 2024 жылғы 05 наурыздан кешіктірілмей  бекітіледі және Жергілікті кәсіподақтың ресми интернет ресурстарында жарияланады.

 

4.2. Конкурс жеңімпаздары конкурс комиссиясының шешімі негізінде Кәсіподақ грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады (ақшалай сыйақымен).

 

 

«Бақытты педагог» облыстық конкурсқа қатысуға

өтінім

 

р/н

Филиалдың атауы Бастауыш кәсіподақ ұйымының атауы Қатысушының аты-жөні Номинация Телефон №