Үйде оқуға көмектесеміз

Бекітемін

«Қостанай облысы білім және

ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

төрағасы

_________________В. Цымбалюк

«___»_______________2020 ж.

 

«Үйде оқуға көмектесеміз» атты акциясын

ұйымдастыру және өткізу туралы

 ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережесі
  • Осы ереже «Үйде оқуға көмектесеміз» акциясын өткізу мақсатында дайындалған.
  • Осы ереже «Үйде оқуға көмектесеміз» акциясына (бұдан әрі-Акция) қатысушылар категориясының мақсатын, міндеттерін, тәртібін және өткізу мерзімін анықтайды
  • Акцияны ұйымдастырушы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ болып табылады.
  1. Мақсаты мен міндеттері
  • Қашықтықтан оқу кезінде мұғалімнің үйде жұмыс жасауына жағдай жасау
  1. Акция қатысушылары
  • Үш және одан да көп мектеп жасындағы балалары бар, жұбайы жоқ немесе жұмыс істемейтін Қостанай облысы білім ұйымдарының педагогтары
  1. Акцияны өткізу тәртібі
  • Акция 2020 жылғы тамыз айында өткізіледі.
  • Үш және одан да көп мектеп жасындағы балалары бар, жұбайы жоқ немесе жұмыс істемейтін педагогтар тізімін жинау.
  • Акция қатысушыларының тізімін бекіту.
  • Акция қатысушыларына тегін, сыйлық ретінде компьютер берілу.
  • Акция қорытындылары БАҚ және әлеуметтік желілерде орналастырылады.