Василий Александрович Цымбалюк – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика магистрі.

Төраға лауазымы сайланбалы болып табылады. Жергілікті кәсіподақ төрағасы Жарғыға сәйкес бес жылға сайланады, Кәсіподақ жұмысын басқарады, лауазымы бойынша Кәсіподақ мүшесі болып табылады, конференция делегаты, Алқа отырысын жүргізеді.

Жергілікті Кәсіподақ төрағасы келесі атқарушылық-өкімдік функцияларды жүзеге асырады:

– осы Жарғының, Жергілікті Кәсіподақ конференцияларының және Алқа шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

– конференцияға есеп береді, ал конференциялар аралығындағы кезеңде – Жергілікті Кәсіподақтың Алқасына есеп береді;

– Жергілікті Кәсіподақтың Алқасы басқарады;

– мемлекеттік органдарда, жұмыс берушілер бірлестіктерінде, қоғамдық бірлестіктерде, өзге де ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында Жергілікті Кәсіподақтың атынан өкілдік етеді;

– қажет болған жағдайларда мәлімдемелер жасайды, Жергілікті Кәсіподақтың атынан өтініштер мен қолдаухаттар жібереді;

– Жергілікті Кәсіподақ Алқасымен келісе отырып, жұмыс берушімен ұжымдық шарт және келісімдер жасасады;

– Алқа айқындаған өкілеттіктер шегінде Жергілікті Кәсіподақтың мүлкі мен ақшалай қаражатына билік етеді;

– бастауыш ұйымдар мен кәсіподақ белсенділерін өз қызметі туралы ұдайы хабардар етіп отырады;

– өкілеттіктер мен міндеттерді төраға, оның орынбасарлары және Алқа мүшелері арасында бөледі;

– Алқа аппаратқа жалпы басшьшықты, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босатуды, оларды моральдық және материалдық көтермелеу шараларын жүзеге асырады;

– Салалық Кәсіподақтың Жарғысына сай мүшелік кәсіподақ жарналарының толықтай жиналуына және олардың міндетті аударымдары және бөліну тәртібінің сақталуы үшін жеке жауапкершілікті көтереді;

– сенімхат береді;

– банкте есеп айырысу және басқа, валюталық шоттарды қосқанда, шоттар ашады;

– қаржыны, соның ішінде несиелік қаржыларды да, басқару құқығын пайдаланады;

– орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады;

– қаржылық құжаттарға қол қояды және жарғы мен қолданыстағы заңнамада көзделген басқа әрекеттерді жүзеге асырады;

– өзіне конференция және Алқа табыстаған басқа да функцияларды жүзеге асырады.