Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағының алқасымен бекітілді
04.12. 2024 ж.
ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ, КЕЛІСУ ЖӘНЕ БЕКІТУДІ РЕТТЕЙТІН ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережесі
1.1. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекітуді реттейтін (бұдан әрі- Ереже) осы ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығына (бұдан әрі- білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту ережесі), «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген.
1.2. Ереже Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін анықтайды (бұдан әрі-Бағдарлама).
2. ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ТӘРТІБІ
2.1. Бағдарламаны әзірлеуді Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің бұйрықтарымен және осы ережемен бекітілген, білім берудің барлық деңгейлерінің мемелекеттік жалпыға міндетті стандарттарының, жалып білім беретін пәнбер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарын ескере отырып, Қостанай облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының оқу орталығы жүзеге асырады.
2.2 Бағдарламаларды әзірлеу үшін педагогтардың қажеттіліктерін, өз бастамасы бойынша келісімшарттық қатынастар шеңберіндегі үшінші тарап ұйымдарының тапсырыстарын курсқа дейін зерттеу негіз болып табылады.
2.3. Бағдарламаларды әзірлеу үшін:
1) Қазақстан Респуликасының заңнамасын және қолданыстағы талаптардң өзгеруіне немесе туындаған жаңа талаптардың нормативтік құқықтық актілерін талдау;
2) педагогтердің кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктерін анықтау мақсатында диагностика жүргізіледі;
3) ақпараттық-талдамалық қорытынды негізінде хаттама шешімі ресімделеді. Хаттамаға Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілеріне және педагогтердің қажеттіліктеріне сараптама жүргізген адамдар қол қояды.
4) Бағдарламаны әзірлеу мерзімдері, Бағдарламаның атауы, оқыту ұзақтығы мен нысаны, сондай-ақ бағдарламаны әзірлеу жөнінде жұмыс тобының құрамы көрсетіле отырып Бағдарламаны әзірлеу туралы төрағаның өкімі шығарылады;
2.4. Бағдарламаны әзірлеу үшін сыртқы ұйымдардың қызметкерлерін тартуға болады.
3. БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫНА ҚОЙЛАТЫН ТАЛАПТАР
3.1.Бағдарлама келесі бөлімдерді қамтиды
1) жалпы ережелер;
2) глоссарий;
3) Бағдарлама тақырыбы;
4) Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері;
5) Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны;
6) оқу процесін ұйымдастыру;
7) Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
8) оқу нәтижелерін бағалау;
9) курстан кейінгі қолдау;
10) негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
«Жалпы ережелер» деген бөлім Бағдарламаның өзектілігін және оның жалпы мемлекеттік басымдықтар мен әлемдік трендтермен байланысын ашып көрсетеді;
«Глоссарий» деген бөлім Бағдарламада қолданылатын терминдерді, олардың өзектілігі мен бірегейлігін тізімдейді;
«Бағдарлама тақырыбы» бөлімінде Бағдарламаның жаңашылдық дәрежесі, білім беру жүйесінде аналогтардың бар/жоқтығын талдауды сипаттайды.
«Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері» деген бөлімі Бағдарламаның тәжірибелік маңыздылығы, оқыту нәтижелерінің педагогтердің жұмыс тәжірибесіне әсерін сипаттайды.
«Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны» деген бөлім Бағдарламаның жоспарын, Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері бойынша күтілетін нәтижелердің өзара байланысын сипаттайды.
«Оқу процесін ұйымдастыру» деген бөлім оқу процесінің форматын, сағат санын және оқыту нысандарын сипаттайды.
«Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» деген бөлім оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқытудың тиімді әдістері ұсынылған Бағдарламаны іске асыру үшін дидактикалық көзқарасты сипаттайды.
«Оқыту нәтижелерін бағалау» деген бөлім пән саласының ерекшеліктеріне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың тиімді әдістерін көрсетеді.
«Курстан кейінгі қолдау» деген бөлім курстан кейінгі қолдау форматын, нысандары мен әдістерін сипаттайды.
«Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі» деген бөлім соңғы 5 жылдағы өзекті отандық және шетелдік басылымдарды қамтиды.
3.2. Бағдарлама келесі тәртіпте ресімделеді:
Мәтін қағаз немесе электрондық бланкіде *docx форматында келесі
параметрлерді ескере отырып басылады:
1) қаріп – «Times New Roman» pt 14 өлшемі;
2) жоларалық интервал — бір;
3) абзацтық шегініс (бірінші жолдың шегінісі) — 1,25 сантиметр;
4) сол жақ жиегі — 2,5 сантиметр, оң жақ жиегі — 1,5 сантиметр, колонтитулдар — 2,5 сантиметр.
3.3. Бағдарлама «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ сайтында қоғамдық талқылау үшін орналастырылады.
Жобаларды қоғамдық талқылау мерзімі сайтқа орналастырлған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнді құрайды.
4. ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН КЕЛІСУ ТӘРТІБІ
4.1. Оқу орталығы бағдарламаны Уәкілетті органға келісу үшін келесі құжаттарды электронды нысанда жолдайды:
— біліктілікті арттыру ұйымының ресми бланкісіндегі ілеспе хат;
— Бағдарлама жобасы;
— Осы ереженің 2.3-тармағының 3 тармақшасына сәйкес хаттаманың көшірмесі;
— Осы ереженің 2.3-тармағының 4 тармақшасына сәйкес төраға өкімінің көшірмесі;
— қоғамдық талқылау үшін «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ сайтында орналастырылған Бағдарлама жобасына белсенді сілтеме.
4.2. Уәкілетті орган Бағдарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды Сараптамалық кеңестің қарауына жібереді.
4.3. Сараптамалық кеңестің Бағдарлама жобасын қарау мерзімі — 15 жұмыс күн. Бағдарлама жобасын қарау қорытындылары бойынша Сараптамалық кеңес сараптамалық қорытынды қалыптастырады, оны Уәкілетті органға және біліктілікті арттыру ұйымына жібереді. Сараптамалық қорытындыда келесі шешімдердің бірі болуы тиіс:
бағдарламаны келісу;
пысықтауға қайтару;
бағдарламаны келісуден бас тарту.
4.4. Бағдарлама жобасын пысықтау қажеттілігі туралы қорытынды алған жағдайда Оқу орталығы оны пысықтайды және қайта келісуге жібереді.
5. ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕКІТУ ТӘРТІБІ
5.1. Бағдарламалар Сараптамалық кеңестің келісу туралы шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде төрағаның өкімімен бекітіледі.
5.2. Бекітілген бағдарламалар Бағдарламалар бекітілген күннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ сайтында орналастырылады.
5.3. Бекітілген Бағдарламаларды қайта қарау үш жылда кемінде 1 рет жүзеге асырылады.
Бекітілген бағдарламалардың тиімділігі мен өзектілігін арттыру мақсатында оларды қайта қарау үшін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіледі;
2) білім беру бағдарламаларының тиімділігі мониторингінің нәтижелеріне талдау жүргізеді және олар хаттамамен рәсімделеді;
3) бағдарламаны қайта қарау (жаңарту немесе күшін жою) туралы шешім қабылдайды және төраға өкімімен рәсімделеді.
6. БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ҚҰҚЫҚТАР
6.1. Заңнамаға сәйкес Бағдарламаларға барлық мүліктік (айрықша) құқықтар «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ оқу орталығына тиесілі.
7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7.1. Осы Ережеге өзгерістер, толықтырулар енгізу және жаңа редакцияда қабылдау төрағаның өкімімен жүзеге асырылады.