Мектепке дейінгі білім беру саласындағы менеджмент

ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ

 

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕНЕЖДМЕНТ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

мектепке дейінгі ұйымдардың басшы қызметкерлері үшін

 

Қостанай қ., 2025

 

1. Жалпы ережесі

 

Мектепке дейінгі ұйымдардың басшы қызметкерлері үшін «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы менеждмент» атты біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы. (бұдан әрі-Бағдарлама) «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы  № 175 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді (өзгерулер, ҚР министрінің 2023 жылғы 07 тамыздағы № 249 бұйрығы). Бағдарлама «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес  (өзгертулер, ҚР министрінің 2023 жылғы 04 қазандағы № 303 бұйрығы) және Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасын бекіту туралы» ҚР білім және ғылым министірінің  2009 жылғы 13  шілдедегі  № 338  бұйрығына (өзгертулермен, ҚР оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 жылғы № 100 бұйрығы)  сәйкес әзірленген.

Соңғы онжылдықтарда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде білім беру ұйымын дамытудың осы кезеңіндегі оқыту, тәрбиелеу және басқару мәселелеріне елеулі әсер еткен түбегейлі өзгерістер болды

Мектепке дейінгі ұйымдарға өз болмысын және өз жұмысында ерекшелікті табуға мүмкіндік беретін мағыналы бағдарлар  мен нақты білім беру нысандарын іздеу үдерісі айқын байқалады. Соңғы кезге дейін үйреншікті болып келген мектепке дейінгі ұйымдарды бірегейлендіру олардың түрінің алуандығымен, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының вариативтілігімен, жаңа технологияларды енгізумен алмастырылды. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңғыртудың қазіргі бағдарлары — қолжетімділік, сапа, тиімділік-мектепке дейінгі ұйымдарға жоғары талаптар қояды.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуды ұйымдастыру мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің сапалы өзгеруіне ықпал ететін және олардың сапалы жаңа кезеңге — даму режиміне көшуінен көрінетін инновацияларды игеру кезінде ғана мүмкін болады.

Педагогикалық жүйенің жүйе құраушы факторы-басқару, ал оқыту процесін басқару өнері-педагогикалық менеджмент, яғни оның тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін білім беру процесін басқарудың принциптерінің, әдістерінің, ұйымдастырушылық формаларының, технологиялық әдістерінің жиынтығы.

Бұл бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдардың басшы қызметкерлерінің кәсіби — жеке қасиеттерін, біліктілігін арттыруға бағытталған.

2. Глоссарий

 Ұжым (латын тілінде collectivus — ұжымдық дегенді білдіреді) —қандай да бір ортақ қызметпен, жұмыспен, оқумен,  белгілі бір қоғамдық міндеттерді шешумен біріктірілген адамдар тобы. Кең мағынада-ортақ идеялармен, қажеттіліктермен, мүдделермен біріктірілген адамдар

Құзыреттілік — бұл адамның біліктілігі мен белгілі бір функцияларды немесе міндеттерді өз құзыретіне қарай орындауға дайын болу дәрежесі. Бұл қажетті білім мен дағдылардың болуын ғана емес, сонымен қатар оларды іс жүзінде қолдануға дайын екендігін көрсетеді.

Құзырет – бұл адамға белгілі бір міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретін білім, дағды және жеке сапалар жиынтығы. Ол тек кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істеу, шешім қабылдау, өзгерістерге бейімделу, күрделі мәселелерді шешу және т.б. сияқты аспектілерді қамтиды.

Басқаша айтқанда, құзырет — бұл тек білім немесе теориялық білімнің болуы ғана емес, оны іс жүзінде қолдану мүмкіндігі.

Білім менеджері — қазіргі заманғы ғылыми басқару әдістері негізінде білім беруді басқару функцияларын кәсіби түрде жүзеге асыратын қызметкер.

Тәлімгерлік  — орта білім беру ұйымдарында Педагогтің кәсіби қызметіне алғаш кірген адамға кәсіптік бейімделуде практикалық көмек көрсету бойынша қызметі.

Білім беру –адамгершілік, зияткерлік, мәдени, физикалық даму және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі.

Білім беру бағдарламасы  – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені

Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогикалық негізделген, дәйекті өзара әрекеттесу процесі, оның барысында жеке тұлғаны оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешіледі.

Білім беру мониторингі — – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

Педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;

Жоспарлау — бұл жүйенің болашағын анықтау, мақсат қоюмен, оларға жету жолдары мен тәсілдерін таңдаумен, осы негізде жоспарларды (жоспарлы тапсырмаларды) әзірлеумен, қажетті ресурстарды бөлумен байланысты басқару қызметінің түрі.

Қазақстан Республикасында білім беру мазмұны – бұл құзыреттілікті қалыптастыру және тұлғаның жан-жақты  дамуы үшін негі болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білім жүйесі (кешен).

Оқу жоспары — бұл белгілі бір бағыт немесе мамандық бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын сипаттайтын құжат.

 3. Бағдарлама тақырыбы

Мектепке дейінгі ұйымдардың басшы қызметкерлері үшін «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы менеджмент» біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасының жаңашылдық дәрежесі бағдарламаның мазмұнында халықаралық, ұлттық трендтер мен тәжірибе ескерілгеніне байланысты.

Бұл білім беру бағдарламасы мыналарды қамтиды:

— мектепке дейінгі ұйымның кадр саясаты мәселелерін ашу;

— қазіргі менеджменттің мазмұны;

— мектепке дейінгі ұйымның имиджін арттыру факторы ретінде қазіргі заманғы әлеуметтік әріптестікті зерттеу.

— мектепке дейінгі ұйымдардың басшы қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттырудың ғылыми-әдіснамалық негіздері анықталды;

— мектепке дейінгі ұйымның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді талдау;

— мектепке дейінгі ұйымды басқарудағы заманауи менеджменттің негізгі бағыттары қарастырылды.

4.     Бағдарлама мақсаты, міндеттері мен күтілетін нәтижелері

Мақсаты — мектепке дейінгі білім беру ұйымын басқаруда және дамытуда басшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Міндеттер:

1) мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді талдау;

2) мектепке дейінгі білім беру ұйымының кадр саясатын және әдістемелік жұмысын зерделеу;

3) мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы заманауи менеджменттің ерекшеліктерін ашу;

4)мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметін жоспарлау, талдау, басшылық ету дағдыларын жетілдіру.

Оқытудан күтілетін нәтиже:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі негізгі нормативтік-құқықтық актілерді біледі;

2) мектепке дейінгі білім беру ұйымында кадр саясатын енгізу және әдістемелік жұмысты құру бойынша кәсіби құзыреттерді меңгереді;

3) мектепке дейінгі білім беру ұйымында заманауи менеджменттің негізгі бағыттарын біледі және қолданады;

4) тәрбиеленушілердің ата-аналарымен бірлескен іс-шараларды жоспарлауды және өткізуді біледі.

5. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

 Бағдарлама 4 модульді игеруді қарастырады.

1 модуль. Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы заманауи менеджменттің нормативтік-құқықтық негіздері

Бұл модульде мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары көрсетілген. Бекітілген нормативтік құқықтық актілермен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі басым бағыттармен танысуға бағытталған.

Модуль міндеттері:

  • нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау;
  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының құқықтық сауаттылығын арттыру

Күтілетін нәтижелер:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінде мемлекеттік саясаттың басымдық бағыттарын анықтайды;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық сауаттылықты арттырады

2 модуль. Кадрлық саясат пен әдістемелік жұмысты басқару

Осы модульде персоналды тиімді басқару негіздері қарастырылған

Модуль міндеттері:

1) мектепке дейінгі ұйым басшысының кәсіби құзыреттілігін, стратегиялық жобалау дағдыларын дамыту;

2) педагогикалық ұжымда тиімді тұлғааралық коммуникациялар құру;

3) мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық процесін модельдеу;

4) ақпаратты жедел өңдеу дағдыларын меңгеру.

Күтілетін нәтижелер:

1) мектепке дейінгі ұйым басшысының кәсіби құзыреттіліктерін, стратегиялық жобалау дағдыларын меңгереді;

2) педагогикалық ұжымда тиімді тұлғааралық коммуникацияларды қамтамасыз етеді;

3) мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық процесін ұйымдастырады; 4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ақпарат ағындарын жедел өңдеу тәсілдерін меңгереді.

3 модуль. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында білім сапасын басқару

Модуль мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагогикалық процесін ұйымдастыру сапасын зерттеуге және арттыруға бағытталған

Модуль міндеттері:

  • әр тәрбиешінің кәсіби дайындық деңгейін бағалауға көмектесетін педагогтердің кәсіби қызметін диагностикалау;
  • педагогикалық процестің сапасын бағалауды ұйымдастырудағы кәсіби қиындықтарды анықтау;
  • педагогтермен жұмыс істеу тетігін айқындау.

Күтілетін нәтижелер

1) мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби қызметінің диагностикасын меңгереді;

2) мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагогикалық процесін бағалауды ұйымдастырудағы кәсіби қиындықтар айқындайды;

3) педагогтермен жұмыс істеу тетігін айқындайды.

4 модуль. Ата-аналармен жұмыс.

Бұл модульде мектепке дейінгі ұйым басшысының тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-әрекет мәселелері қарастырылған.

Модуль міндеттері:

1) Ата-аналармен өзара іс-әрекеттің қолайлы климаты үшін жағдайлар жасау;

2) мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтік-эмоционалдық саласын дамыту мақсатында ата-аналармен сенімгерлік және әріптестік қатынастар орнату;

3) мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарының педагогикалық оқу-ағарту деңгейін арттыру.

Күтілетін нәтижелер:

1) педагогтердің ата-аналармен қолайлы өзара іс-әрекет шарттарын айқындайды;

2) мектеп жасына дейінгі баланың когнитивті, әлеуметтік-эмоционалдық саласын дамытуда отбасымен сенімдік және серіктестік қарым-қатынастар орнатады;

3) мектепке дейінгі ұйымның ата-аналар қауымдастығымен жұмысының заманауи нысандары әзірленеді.

Бағдарламаның оқу жоспары.

 

   Сабақтың тақырыбы
1 модуль. Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы заманауи менеджменттің нормативтік-құқықтық негіздері12 сағат
1.1 Нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері
1.2 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

2 модуль. Кадрлық саясатты және әдістемелік жұмысты басқару  — 30 сағат
2.1 «Педагог» кәсіби стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның заманауи басшысының кәсіби құзыреттілігі
2.2 Кадрларды басқару психологиясы. Іскерлік қатынастар этикасы
2.3 Стратегиялық менеджмент
2.4 Мектепке дейінгі ұйымды басқару қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
2.5 Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың заманауи формалары мен әдістері
3 модуль.  Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы білім сапасын басқару – 22 сағат
3.1 Мектепке дейінгі білім беру сапасы: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау
3.2 Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық процесінің сапасын мониторингілеу
3.3 Мектепке дейінгі білім беру ұйымында білім сапасына қойылатын заманауи талаптар.
3.4 Мектепке дейінгі білім беру ұйымының сапасын бағалаудың ішкі жүйесі
3.5 Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық процесін ұйымдастырудың сапасын басқару
4 модуль. Ата-аналармен жұмыс-12 сағат
4.1 Әлеуметтік әріптестік
4.2 Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың өзара  қатынасы
4.3 Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың заманауи нысаны
4.4 Мектепке дейінгі ұйым жағдайында жайлы ортаны құру, ата-аналарға практикалық көмек көрсету
Өздік жұмыс – 2 сағат
Қорытынды тестілеу – 2 сағат

6.  Оқу процесін ұйымдастыру

 Оқыту білім беру ұйымының өтінімі немесе тыңдаушының жеке өтінімі негізінде жүргізіледі.

Курстың бағдарламасында дәріс бөлімі, сондай-ақ тыңдаушылардың өзіндік жұмыс шеңберінде өзін-өзі даярлау, практикалық сабақтарға дайындық, бақылау және тест тапсырмаларын орындау бойынша тапсырмаларды орындауы қарастырылған.

Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде курстың соңғы күнінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында: өзіндік жұмыс және тестілеу жүргізіледі.

Тыңдаушылардың бағдарлама мазмұнын игеру параметрлері мен бағалау критерийлерін профессор – оқытушылар құрамы әзірлейді.

 7. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

Нормативтік-құқықтық құжаттар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің бұйрықтары, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламасы және т. б.)

Ұйымның ішкі құжаттарын және оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша ұсыныстар.

Мәтіндік түрде, сондай-ақ презентация түрінде ұсынылған дәріс материалы.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жетекші қазақстандық және шетелдік мамандардың оқу және әдістемелік құралдары.

Практикалық жұмысқа арналған материал (тесттер, педагогикалық міндеттер).

Тәрбиеленушілердің ата-аналарына, педагогтердің өзін-өзі диагностикалауына арналған сауалнама үлгілері.

Ғылыми мақалалар жазу, кәсіби конкурстарға дайындық, әлеуметтік әріптестермен және қоғаммен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар.

Өз бетінше жұмыс істеуге арналған бақылау тапсырмалары.

8. Оқу нәтижелерін бағалау

Білім алушыларды аралық аттестаттау олардың Бағдарламаның әрбір модулін меңгеруіне қарай тест тапсырмаларын шешу, бағдарлама мазмұнына сәйкес әдістемелік өнімдерді әзірлеу және оқу іс-әрекетінің талдауын ұсыну түрінде жүзеге асырылады.

Осы бағдарламада оқыту бағдарламасын меңгеру деңгейін бағалау үшін келесідей бағалау критерийлері бар сұрақтар мен тапсырмалардан тұратын қорытынды тестілеу әзірленді: тестілеу нәтижесі дұрыс орындалған тест жауаптарының санына қарай бағаланады (әрбір дұрыс жауап – 1 балл) және бағалар қойылады.

   Ұпайларды бағалауға аудару шкаласы:

баға Тапсырмалардың жалпы санынан дұрыс орындалған тапсырмалар

%  

Ұпайлар
«Үздік» 90-100 % 29-35
«Жақсы» 70-80 % 23-28
«Қанағаттанарлық» 50-60 % 18-22
«Қанағаттанарлықсыз»  50 % төмен 0-17

9. Курстан кейінгі қолдау

Тыңдаушыларды курстан кейінгі қолдау қашықтықтан консультациялар түрінде (электрондық пошта, ұялы байланыс, әлеуметтік желілерде) біліктілікті арттыру курстары аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, келесі нысандарда жүзеге асырылады:

  • орталықтың іс-шараларына қатысуға тарту-әртүрлі деңгейдегі семинарлар, вебинарлар, тренингтер, конкурстар өткізу;
  • білім беру ұйымдарының басшыларын, басшыларының орынбасарларын аттестаттауға дайындауда әдістемелік көмекті жүзеге асыру

 10. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

 Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Рспубликасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі   №319-ІІІ заңы (09.2024 ж. жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулармен)
  2. Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI заңы (27.04.2024 ж. жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулармен
  3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту модулі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 бұйрығы).
  4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемелекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР ОАМ 03.08.2022 ж № 348)
  5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР ОАМ 09.09.2022 ж. № 394 бұйрығы)
  6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (ҚР ОАМ 14.10.2022 ж. № 422 бұйрығы)
  7. Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһаздармен жарақтандыру нормалары (ҚР ОАМ 03.07.2023 ж. № 265 бұйрығы)
  8. Балаларды мектепке дейінгі тәрибе мен оқытуға, орта білім беруге, қосымша білім беруге және еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беруге  тапсырысты орналастыру қағидалары (ҚР ОАМ 28.10.2024 ж. № 318 бұйрығы)
  9. Тәрбиешеліредің міндетті құжаттар тізбесі (ҚР ОАМ 29.10.2024 ж №319 бұйрығы)
  10. Тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР БҒМ 02.08.2024 ж № 198 бұйрығы)
  11. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары (ҚР оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 ж. № 249)

Қосымша әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ http://irrd.kz/.
  2. ЕСЕRS-3 шкалаларын қолдана отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру ортасының сапасы бағалау бойынша әдіскерлер мен педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар– Нұр-Сұлтан, 2022 – 37 с
  3. Кузгибекова      Г.М. Инклюзивное      образование:      реальный   опыт, проблемы, перспективы» авторы http://ria.ru/spravka/
  4. Безруких М.М. Ступеньки к школе. Книга для педагогов и родителей. М.; Дрофа, 2001
  5. Алексеев, А. А. Инновационный менеджмент: учебник и практикум для вузов Москва: Издательство Юрайт, 2021
  6. Данилина, Е. И. Инновационный менеджмент в управлении персоналом: учебник для бакалавров — Москва: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К°», 2020