Педагогикалық әдеп бойынша Кеңес жұмысын ұйымдастыру

Педагогикалық әдеп бойынша Кеңес жұмысын ұйымдастыру

(ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» № 190 бұйрығы -(бұдан әрі-Бұйрық))

 

  1. Педагогикалық әдеп бойынша кеңес

1.1. Педагогикалық әдеп бойынша кеңес (бұдан әрі Кеңес) педагогикалық әдепті сақтау мәселелерін қарастыратын алқалық орган  (Бұйрықтың 1 тарауының 1 тармағы);

1.2. Кеңеске жеке және заңды тұлғалар  педагогикалық әдепті сақтау мәселесі бойынша жүгіне алады (Бұйрықтың 1 тарауының 1 тармағы);

1.3. Педагогикалық әдеп бойынша кеңес (бұдан әрі-Кеңес) ұйымның педагогикалық кеңесінде сайланады (Бұйрықтың 3 тарауының 5 тармағы);

1.4. Кеңес мүшелерінің саны -тақ болуы, 7 адамнан кем болмауы тиіс, соның ішіне төраға да кіреді (хатшыны  есептемегенде)  – (Бұйрықтың 3 тарауының 6 тармағы);

1.5. Кеңестің өкілеттік мерзімі – 3 жыл (Бұйрықтың 3 тарауының 5 тармағы);

1.6. Кеңестің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі (Бұйрықтың 3 тарауының 11 тармағы);

1.7. Кеңес құрамына кіретін тұлғалар (Бұйрықтың 3 тарауының 7 тармағы):

1). Білім басқармаларының (бөлімдерінің) өкілдері;

2). білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіподақтардың және (немесе) үкіметтік емес ұйымдардың және (немесе) қоғамдық бірлестіктердің өкілдері;

3) кемінде екі педагог;

4) құрметті демалысқа шыққан пеагогтер.

1.8. Кеңес мүшелерінің құрамына кірмейтіндер (Бұйрықтың 3 тарауының 7 тармағы):

1). Білім беру бөлімінің басшысы;

2). Басқарушылық, әкімшілік персоналдың қызметкерлері;

3). Қосалқы персонал қызметкерлері;

4). Аталған ұйымның білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің ата-аналары.

 

 

  1. Кеңестің негізгі міндеттері

(2 тарау, 3 тармақ)

2.1. педагогиккалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу;

 

2.2. білім беру ұйымы ұжымының адамгершілік-психологиялық ахуалын жақсарту, педагогикалық әдептің бұзылуына байланысты даулы жағдайларды реттеуге ықпал ету;

2.3. педагогтың жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу;

2.4.педагогикалық әдепті бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды қарау және олардың негізінде білім беру ұйымының басшысына ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

 

  1. Кеңестің құзыреті

(2 тарау, 4 тармақ)

3.1.өз отырыстарында педагогтер мен қаралатын мәселелерге қатысы бар тұлғаларды тыңдайды;

3.2. білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратады;

3.3. педагогтер мен қаралып отырған мәселелерге қатысы бар адамдардан түсіндірмелер және (немесе) түсініктемелер талап етеді;

3.4. педагогикалық әдепті бұзу фактілеріне тексеріс жүргізу туралы білім беру ұйымының басшысына ұсыныстар енгізеді;

3.5. білім беру ұйымының басшысына еңбек тәртібін нығайту, педагогикалық әдептің бұзылуының алдын алу бойынша ұсыныстар енгізеді;

3.6. білім беру ұйымы басшысының қарауына педагогикалық әдепті бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ұсыныстар енгізеді;

3.7. Кеңестің ұсынымдарын тиісті түрде қарастырмаған білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік органдарға немесе тиісті лауазымды тұлғаларға жүгінеді;

3.8.тараптарды татуластыру бойынша жұмыс жүргізеді.

 

 

  1. Кеңес құрамын сайлау және шығу

4.1. Кеңес төрағасы – бірінші отырыста көпшілік дауыспен сайланады (Бұйрықтың 3 тарауының 12 тармағы);

4.2. Кеңес мүшесі кеңес құрамынан мына жағдайда шығарылуы мүмкін (Кеңес шешімі бойынша)-3 тарау, 17 тармақ:

1) уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайында болған, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылған, демалыста, іссапарда болған уақытты қоспағанда, Кеңес отырыстарына жыл ішінде үш реттен артық қатыспағанда;

2) Кеңес мүшесі Кеңес құрамынан шығу туралы өтініш бергенде;

3) педагогке қатысты талқылау мәліметтері оның жазбаша келісімінсіз жария етілгенде;

4) Ереженің 16-тармағында көзделген, атап айтқанда Кеңес мүшесінің қызметі осы Қағидалардың 8 тармағында көзделген мән-жай туындаған жағдайда, сондай-ақ Кеңес мүшесі қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.

8 тармаққа сәйкес Кеңес құрамына кірмейтін тұлғалар:

  • сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
  • сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
  • мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін жұмыстан босатылған;
  • бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабыныңбірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
  • азаматтың қатарынан үш және одан да көп сағат ішінде дәлелді себепсіз жұмыста (қызметте) болмауы негізінде жұмыстан шығарылған жағдайларды қоспағанда, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдар мен соттардан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар кірмейді.

 

 

5) Ереженің 19- тармағының талаптары бұзылғанда – Кеңес мүшесі, егер ол не онымен бірге тұратын жақын туыстары өзіне қатысты іс қаралатын адаммен туыстық қатынастармен байланысты болса, не аталған адамға қызметтік немесе өзге де тәуелді болса, іс бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алмайды. Кеңес мүшесі тиісті іс бойынша талқыланғанға және Кеңес дауыс бергенге дейін осы мән-жайлар туралы Кеңес мүшелеріне хабарлайды.

4.3. Кеңес хатшысы – бірінші отырыста көпшілік дауыспен сайланады (Бұйрықтың 3 тарауының 12 тармағы);

Хатшы дауыс беру және мәселелерді талқылауға қатыспайды (Бұйрықтың 3 тарауының 12 тармағы);

Кеңес хатшысы ретінде білім беру ұйымының басқарушылық, әкімшілік, қосалқы персоналының қызметкерлеріне жол беріледі (3 тарау, 7-тармақ).

 

 

  1. Кеңес құрамының функциялары

 

5.1.Төрағаның функиялары (Бұйрықтың 3 тарауының 14 -тармағы):

1). Кеңес отырыстарын шақырады және күн тәртібін белгілейді;

2). Кеңестің кезектен тыс отырысы өзінің шешімі бойынша, немесе білім беру ұйымы басшысының ұсынысы бойынша немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен астамының бастамасы бойынша өткізеді.

5.2. Кеңес мүшелерінің функциясы (3 тарау, 14-тармақ):

1) отырыстардың күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізеді;

2) Кеңес отырыстарына материалдар мен оның шешімдерінің жобаларын

дайындауға қатысады;

3) Кеңес қарайтын мәселелерді талқылауға қатысады.

5.3. Хатшының функциясы (3 тарау, 13-тармақ):

1).Кеңес отырысының өткізілетін күні мен орны туралы хабарлайды;

2). Кеңестің жұмыс жоспарының жобасын жасайды.

3). Хаттама жүргізеді және оны сақтайды;

4). Өтініштер мен ұсыныстарды қабылдайды, хаттарды тіркейді;

5).Кеңес шешімдерінің орындалу мониторингін қамтамасыз етеді және олардың нәтижелері туралы кеңес мүшелеріне жеткізеді;

6). Өтініш берушіге оның өтінішін заңнамада белгіленген мерзімде қарау нәтижелерін жазбаша хабарлайды (3 тарау, 31-тармақ).

 

 

  1. Білім беру ұйымы басшысының құқығы мен міндеттері

 

6.1.Құқығы:

– Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады, басшының құқығы еңбек және өзге де заңнама талаптарына сәйкес шешім қабылдау (3 тарау, 29,30 -тармақ).

6.2. Міндеті (3 тарау, 10 тармақ):

–  Кеңесті қалыптастыру кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

–  Кеңесті уақтылы сайлау үшін қажетті рәсімдерді өткізуді қамтамасыз етеді;

–  Кеңес жұмысына жағдай жасайды және жәрдем көрсетеді.

– Кеңес құрамы бұйрықпен бекітіледі.

 

  1. Педагигикалық әдепті сақтау туралы мәселе қаралған кезінде педагогтің құқығы

 

7.1.қаралып отырған мәселе туралы ақпаратты жазбаша түрде алуға (3 тарау, 15-тармақ);

7.2. барлық материалдармен танысуға (3 тарау, 15-тармақ);

7.3. өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға (3 тарау, 15-тармақ);

7.4. шешімді жазбаша түрде алуға (3 тарау, 15-тармақ)

7.5. заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасауға (3 тарау, 15-тармақ)

7.6. Педагогке қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған шешімдер оның жазбаша келісімімен ғана жариялануы мүмкін (3 тарау, 31-тармақ).

 

  1. Кеңестің шешімі

 

8.1 Өтініштерді қарау мерзімдері (3 тарау, 23-тармақ)

1). Қарау үшін басқа субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу талап етілмейтін тұлғалардың өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Кеңесте қаралады;

2). Қарау үшін басқа субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу талап етілетін тұлғалардың өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Кеңесте қаралады;

3). Өтінішті қарау қорытындылары туралы отырыстың өзінде  немесе Кеңес хатшысы оны қарау қорытындылары  бойынша дереу хабарлауы тиіс.

8.2. Кеңес отырысы (3 тарау 18-тармақ)

1). Отырыс, егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады;

2). Отырыс, жұмыс жоспарына сәйкес, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес, сондай-ақ өтініштер мен шағымдардың түсуіне қарай өткізіледі;

3). Кеңестің күн тәртібі мен күні туралы қызметкерлерді, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды хатшы оны өткізгенге дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей хабардар етеді.

8.3. Дауыс беру (3 тарау, 20 -тармақ)

1).  Кеңес отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен шешім қабылдайды;

2). Дауыстыр тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады;

3). Кеңес мүшелері дауыс беру кезінде қалыс қала алмайды;

4). Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша Кеңес мүшелерінің бірі төрағаның міндеттерін атқарады (3 тарау, 21-тармақ).

8.4. Хаттаманы ресімдеу (3 тарау, 22-тармақ)

1). Кеңес отырысы хаттама түрінде ресімделеді, оған Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды;

2). Хаттама- Кеңес отырысының барысын және онда қабылданған ұсынымдарды көрсететін ресми жазбаша құжат;

3). Хаттама білім беру ұйымында сақталуы тиіс  және білім беру ұйымының істер номенклатурасына енгізілуі тиіс.

 

  1. Кеңесті өткізу процедурасы

 

9.1.  Педагогке қатысты істерді қарау (3 тарау, 24-тармақ):

Істі қарау мына кезеңде тоқтатылады:

1). Еңбекке уақытша жарамсыздық;

2). Демалыста немесе іссапарда  болған;

3). Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау уақытында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарудан босатылған;

4). Даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған кезеңде.

 

9.2.  Жауапкершілікке тартылатын тұлғаларды хабардар ету:

1) Хатшы жауапкершілікке тартылатын тұлғаларға Кеңес отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей хабарлау жөнінде шаралар қабылдайды. Кеңес отырысында істі қарау, егер жауапкершілікке тартылатын тұлғаларға Кеңес отырысының уақыты мен орны туралы отырыс өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын тиісті түрде хабарланған болса, олардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін (3 тарау, 25-тармақ).

2) Тиісті хабарлау деп тұлғаны хатпен, тапсырыс хатпен немесе жеделхат арқылы хабардар ету танылады, ол өзіне немесе онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолхат арқылы не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып тапсырылады (3 тарау, 26- тармақ).

9.3. Кеңес отырысында мәселелерді қарау:

Отырыста педагогтің жауапкершілігі мәселесін қарау кезінде Кеңес мына мәселелерді шешеді (3 тарау, 27-тармақ):

1) педагогтің жауапкершілігін қарау үшін негіз болып табылатын нақты іс-әрекет (әрекетсіздік) орын алды ма;

2) бұл іс-әрекет (әрекетсіздік) әдепті бұзу болып табылады ма;

3) бұл әдепті бұзу педагог тарапынан жасалды ма;

4) педагогтің осы бұзушылықты жасауда кінәсі бар ма.

 

  1. Істі қарау қорытындысы

 

10.1. Істі қарау қорытындылары бойынша Кеңес білім беру ұйымының басшысына педагогке тиісті жаза қолдануды және (немесе) қолданбауды ұсынады (3 тарау, 28-тармақ).

10.2. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады (3 тарау, 29-тармақ).

10.3. Білім беру ұйымының басшысы Кеңестің ұсынымын қарау кезінде еңбек және өзге де заңнама талаптарына сәйкес шешім қабылдайды (3 тарау, 30-тармақ).

  • Өтініш берушіні «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының 16-бабы 4-тармағының  талабын – педагогикалық әдепті сақтау қажеттігі туралы хабардар етеді.