Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

(Сұрақ-жауап)

 

№ 1 сұрақ: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз не (МӘМС)?

Жауап: МӘМС – бұл ауру, жарақат, мүгедектік, жүктілік және босану жағдайында денсаулықты қорғауда халықтың мүдделерін әлеуметтік қорғау нысаны.

 

№ 2 сұрақ: МӘМС неге кепілдік береді?

Жауап: МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жері мен табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділікке кепілдік береді.

 

№ 3 сұрақ: ҚР қандай Заңы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды реттейді?

Ответ: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС)  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405- V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» заңымен (бұдан әрі -Заң) реттеледі.

 

№ 4 сұрақ: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) жарналарды төлеу азаматтың міндеті болып табыла ма, әлде бұл оның құқығы ма?

 

Жауап: Азамат МӘМС-тен баст тарта алмайды, өйткені Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес    медициналық сақтандыру міндетті болып табылады.

 

№ 5 сұрақ: Аударымдар мен жарналардың айырмашылық неде?

Жауап: Заңның 1 бабының 1 тармағына сәйкес  аударымдаржұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

 

Взносы – бұл жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

(Заңның 1 б. 7 т).

Мыналар жарналарды төлеушілер болып табылады: мемлекет (жеке тұлғалардың белгілі бір санаты үшін) және қызметкерлер (Заңның 14 б. 2 т).

 

№ 6 сұрақ: 2023 жылы жұмыс берушілер мен білім беру қызметкерлері үшін Қорға аударымдар мен жарналардың пайызы қанша?

Жауап: 2023 жылы жұмыс берушілер қызметкерлерге еңбек төлемі қорынан жалақыдан айына 3% мөлшерде аударымдар төлемін жүргізеді, бірақ 10 ЕТЖ-дан   3% мөлшерден  немесе 21 мың теңгеден  (10 х 70 000 теңге х3%=21 000 ) аспауы тиіс.  Қызметкерлердің жалақысынан, бұрынғыдай, жарнаның 2% – ы айына ұсталатын болады, бұл ретте ең жоғары төлем-14 000 теңге (яғни 10 ЕТЖ-дан 2%).

 

Мысалы: Мұғалімнің айлық жалақысы – 800 000 тенге. МӘМС-ға жарна 800 000 теңгеден 2% = 16 000 тенгені құрайды. Бірақ айына 14 000 теңге шектеу болғандықтан бұл мұғалімнен 14000 теңге ғана ұсталынады.

№ 7 сұрақ: Қандай санаттағы адамдар, соның ішінде жұмысшылар қорға жарна төлеуден босатылды және бұл санаттағы адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке құқылы ма?

Жауап: Заңның 26-бабына сәйкес мемлекет келесі тұлғалар үшін Қорға жарналар төлейді (яғни, төменде аталған тұлғалар санаты Қорға жарналар төлеуден босатылады):

.1). балалар;

2). Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3). Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4). жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

5). жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) Мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

10) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

11) жұмыс істемейтін қандастар;

12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

13) мүгедектігі бар адамдар;

14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер;

16) әскери қызметшілер (Заңның 28 б.);

3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Заңның 28 б.);

4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері (Заңның 28 б.).

Ескерту: жұмыс істемейтін адамдар деп кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және табысы жоқ адамдар деп түсініледі.

№ 8 сұрақ: Адам МӘМС жүйесінде еңбек шартын жасасқан сәттен бастап па әлде жұмыс берушінің алғашқы жарнасын төлеген сәттен бастап сақтандырылады ма?

Жауап: Заңның 5-бабына сәйкес Қорға аударымдар мен жарналар төленген, яғни бірінші жарна есептелген сәттен бастап медициналық көмекке құқығы бар адамдар.

№ 9 сұрақ: Жұмыс беруші аударымдарды төлемеген жағдайда қызметкер медициналық көмек алу құқығынан айырылуы мүмкін бе?

Жауап: Заңның 5 бабының 2 тармағына сәйкес  аударымдар төленбеген жағдайда адамдар мұндай аудармыдарды төлеу тоқтатылған сәттен бастап  үш айдан аспайтын мерзімге міндетті әлеуметтік медициналдық сақтандыру  жүйесінде  медицинадық көмек алады. Бұл құқық жұмыс берушіні төленбеген кезең үшін  қорға аударымдарды төлеу міндетінен босатпайды.

№ 10 сұрақ:  Азамат медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымды өз бетінше таңдауға құқығы бар ма?

Жауап: Заңның 6 бабына сәйкес медициналық ұйымды таңдау құқығы азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алған сәттен бастап туындайды?

№ 11 сұрақ:  Азамат міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру аясында және  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қандай медициналық қызметтің түрлерін ала алады?

Жауап:

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген  көлемі шеңбеінде медициналық қызметтер
«Халық денсаулығы және денсаулықсақтау  жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ  кодексі

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемнің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен бекітілген
 

 

1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жедел медициналық көмек.
  2. Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек:

1) пациент орналасқан жердегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;

2) медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі мамандарды межелі жерге жеткізу қажет болған кезде;

3) пациент орналасқан жерде медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде науқасты медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарға тасымалдау үшін;

4) кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктерін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау үшін көрсетіледі.

 

  3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК), оның ішінде:

1) кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;

2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық қарап-тексеру;

3) аурулар тәуекелінің мінез-құлықтық факторларын ерте анықтау мен мониторингтеу және анықталған тәуекел факторларын төмендету дағдыларына оқыту;

4) иммундау;

5) саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

6) ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар;

7) жүкті әйелдерді бақылау және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдерді бақылау;

8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

 1) амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде:

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;

медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерлерінің жолдамасы бойынша пациенттерді бейінді мамандардың қабылдауы мен консультациялары;

созылмалы аурулары бар адамдарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімділікпен бейінді мамандардың динамикалық байқауы;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсетуді;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша емшаралар мен манипуляциялар;

 

4.  Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

1) АИТВ инфекциясының және туберкулездің профилактикасы мен диагностикасы;

2) жарақаттанған, уланған кезде немесе басқа да кезек күттірмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметтер, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда мобильді бригада көрсететін қызметтер;

3) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;

4) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика мен емдеу.

 

 

 

 

2) стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

 

5. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

1) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде емдеу;

2) МӘМС жүйесіндегі қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде көрсетілетін стационар қызметтері;

3) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.

 3) жоспарлы нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

 

4) шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған көмек, оның ішінде тәулік бойы стационар жағдайларында емдеуді қажет етпейтін диагноз анықталғанға дейін тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімінде емдік-диагностикалық іс-шараларды жүргізу (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

 

 6. Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

3) уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;

4) уәкілетті орган бекіткен аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда көрсетіледі.

 5) уәкілетті орган айқындайтын аурулардың тізбесі бойынша медициналық оңалту;

 

7. Медициналық оңалту:

1) негізгі ауруды емдеу кезінде;

2) туберкулезбен ауыратындарға.

 

  8. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек
   9. Стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган айқындайтын қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
6)патологиялық-анатомиялық диагностика; 10. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика.
7) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.  11. Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау.
  12. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту.
 2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек;

2) уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына арналған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

 

 13. Шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен көмек көрсету кезінде:  

1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жедел көмек, сондай-ақ мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;

2) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес МСАК;

3) белгілі бір аурулары бар (күйдегі) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда МСАК және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде қамтамасыз ету іске асырылады.

 

Бұл кесте медициналық қызметтердегі айырмашылықты көрсетеді, яғни азамат ММСҚ-на жарна төлеуші болып табыла ма, жоқ па, белгілі бір қызметтерді тегін ала алады, ал басқа қызметтерді жарналарды аудару кезінде міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде немесе ақылы негізде ала алады, егер ол ММСҚ -на жарна төлеуші болмаса.

№ 12 сұрақ:  Азамат Қордан аударымдар мен жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат сұрай ала ма?

Жауап: Заңның 14-бабы, 5-тармағы, 2 тармақшасына сәйкес азамат (төлеуші) аударымдар мен жарналардың аударылған сомалары туралы Қордан қажетті ақпаратты сұратуға және тегін алуға құқылы.

 

№ 13 сұрақ: Қорға аударымдар мен жарналарды есептеу үшін білім беру ұйымдарында қандай табыс түрлері қабылданбайды?

Жауап: Қорға аударымдар және (немесе) жарналар мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталынбайды (Заңның 29 б, 4 т.):

1). Іссапар төлемдерінен;

2). Сауықтыру жәрдемақысынан;

3). Қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде өтемақы төлемдерінен

 

№ 14 сұрақ:  Қорға аударымдар мен жарналарды есептеу үшін азаматтардың-маусымдық қызметкерлердің кірістері қалай есептеледі?

Жауап: Жұмыс кезеңінде азамат-маусымдық қызметкер үшін аударымдарды жұмыс беруші маусымдық қызметкердің жалақысынан 2% мөлшерінде ұстап қалу (жарналар) ақылы жүзеге асырады.

 

Заңның 14 бабына сүйене отырып жұмыс болмаған кезеңде азамат:

  • не ең төменгі жалақыдан 5 % мөлшерде жарналарды дербес төлейді;
  • не тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жүгіну керек, бұл жағдайда ол үшін жарналарды мемлекет жүзеге асыратын болады.

В период отсутствия работы, исходя из ст. 14 Закона гражданин:

 

№ 15 сұрақ: Егер азамат, Қорға жарна төлеуші өз бетінше техникалық құрал (есту аппараты) сатып алса, Қор осы шығындарды өтей ме?

Жауап: Заңда техникалық құралдарды өз бетінше сатып алған азаматтарға шығындардың өтемақысын төлеу көзделмеген.

№ 16 сұрақ: Қорға жарналар жұмыс істеп жатқан зейнеткерлерден ұсталынады ма?

Жауап: Заңның 26 бабына сәйкес зейнеткерлік төлем алып жатқан тұлғалар үшін жарналарды  мемлекет төлейді.

№ 17 сұрақ: Қорға жарналар қызметкерден есептелген жалақыдан немесе салықтар мен басқа да ұсталымдардан кейінгі сомадан ұсталады ма?

Жауап: Заңның 29-бабына сәйкес жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері болып табылады.

№ 18 сұрақ: Қор санаторлық-курорттық емделу төлемін қарастырады ма?

Ответ: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI  ҚРЗ кодексімен бекітілген, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызмет тізбесіне санаторлық-курорттық емделуге ақы төлеу кірмейді.

№ 19 сұрақ: МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тегін емделуге бола ма? 

Жауап: МӘМС жүйесінде шетелде емдеуді қамтымайды. («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ кодексі)

№ 20 сұрақ:  Қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы аударылмағаны үшін қандай жауапкершілік бар?

Жауап: Заңның 31 бабына сәйкес  аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы аударылмаған сомаларын Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады және төлеуші оларды  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (қорға төлеу күнін қоса алғанда) есептелген өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.

№ 21 сұрақ: Қызметкер жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарламада оның қандай ұсталымдар жүргізілгенін, оның ішінде Қорға жарналар сомасы жайлы мәлімет алды. Жұмыс беруші қызметкерге Қорға аударылған сомалар туралы ай сайын хабарлауы керек пе ?

Жауап: Заңның 32-бабы, 4-тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге тиісті кезеңге тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлау кезінде Қорға есептелген (ұсталған) аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді беруге міндетті.

 

 

 

Орынд. Н.В. Суворова, тел: 87051710177