Барлық деңгейлерінің кәсіподақ құрылымдарындағы кәсіподақ органдарында есеп берулер мен сайлауларды өткізу туралы ереже

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Кәсіподақ комитетінің

2021 жылғы 24 маусымдағы № 2 қаулысымен бекітілген

 

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ барлық деңгейлерінің кәсіподақ құрылымдарындағы кәсіподақ органдарында есеп берулер мен сайлауларды өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережесі

1.1. Кәсіподақ органдарының есеп берулері мен сайлаулары кәсіподақ қызметінің жауапты кезеңі болып табылады.  «Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ ұйымдарында (бұдан әрі – Кәсіподақ) барлық деңгейдегі есеп берулер мен сайлаулар кәсіподақ жарғысымен және Кәсіподақ комитетімен бекітілген осы Ережеге сәйкес Кәсіподақ үшін бір мерзімде өткізіледі. Кәсiподақтың бақылау-тексеру комиссиялары Кәсiптiк одақтың сайланбалы органдары сияқты өкiлеттiк мерзiмiне есеп бередi және сайланады. Олар жиналысқа, конференцияларға есеп береді.

1.2. Кәсiподақтың барлық сайланбалы органдарының өкiлеттiк мерзiмi бес жылды құрайды және есеп беру-сайлау, конференция өткiзiлген күннен бастап есептеледi.

1.3. Кәсiподақ конференциясында делегаттарды сайлау тәртiбiн және өкілдіктер  нормаларын тиiстi уәкiлеттi органдар – Кәсiподақ ұйымдарының комитеттерi белгiлейдi.

1.4. Кәсіподақтың сайланбалы органдарының, кәсіподақ ұйымдарының бақылау–тексеру комиссияларының есептері мен сайлаулары жиналыстарда,  конференцияларда мынадай тәртіппен өткізіледі:

– бастауыш кәсіподақ ұйымдары;

– аумақтық  (районные, городские)  кәсіподақ ұйымдары;

– облыстық конференция

1.5. Есеп беру-сайлау жиналысын, конференцияларды өткізудің жалпы мерзімін Кәсіподақ комитеті анықтайды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы жиналыстарды, мүшелік ұйымдар филиалдарындағы конференцияларды өткізу кестелері мүшелік ұйымның уәкілетті органының қаулысымен белгіленеді.

1.6. Бастауыш кәсiподақ ұйымдарында олардың құрылымына қарай алдымен кәсiподақ тобын ұйымдастырушылары (төрағалар), содан соң кәсiподақ комитеттерi есеп бередi және сайланады.

Аумақтық аудандық, қалалық кәсіподақ органдарының есептері мен сайлауы бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есептік-сайлау науқаны аяқталғаннан кейін өткізіледі.

Кәсіподақтың есептік-сайлау облыстық конференциясы Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарында есеп беру және сайлау аяқталғаннан кейін өткізіледі.

 

1.7. Кәсіподақ органдарының есептік баяндамалары алдын ала осы кәсіподақ органдарының отырыстарында, тексеру комиссияларының есептері комиссия отырыстарында талқыланады және бекітіледі.

1.8. Кәсіподақ мүшелері, конференциялар, съезд делегаттары есеп беру-сайлау жиналысына, конференцияға шақыру, күн тәртібі мен өткізілетін орны туралы Кәсіподақ Жарғысына сәйкес хабардар етіледі:

– бастауыш кәсіподақ ұйымында жиналыс – алдын ала 15 күннен кешіктірілмей;

– аудандық, қалалық, облыстық, аумақтық ұйымдарда, Кәсіподақ филиалдарында конференциялар өткізу – бір айдан кешіктірмей;

– Кәсіподақ конференциясы – бір айдан кешіктірілмей

 

 

  1. Кәсіподақ органдарының кезектен тыс есептері мен сайлаулары

 

 

2.1. Кезектен тыс жиналыс, Кәсіподақ ұйымының конференциясы оның өз бастамасы негізінде тиісті кәсіподақ органының шешімі бойынша, сондай-ақ:

–  кәсiподақ мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсiнiң талап етуi бойынша – бастауыш кәсiподақ ұйымында;

–  бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кемінде үштен екісінің талап ету бойынша – аумақтық аудандық (қалалық) ұйымда және Кәсіподақ филиалында;

– Кәсіподақ ұйымының жоғары тұрған сайланбалы алқалы кәсіподақ органының талабы бойынша.

«Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кезектен тыс конференциясы өз бастамасы бойынша немесе мүшелік ұйымдардың кемінде үштен екісінің талап етуі бойынша шақырылады.

2.2. Төрағаның кезектен тыс сайлауы тиiстi Жарғыда көзделген жағдайларда, заңда көзделген негiздер бойынша өткізіледі.

2.3. Кәсiподақ мүшелерi, конференциялардың делегаттары осы Ереженiң 1.8-тармағына сәйкес Кәсiподақтың Жарғысында белгiленген мерзiмдерде есеп беру-сайлау жиналыстарының, конференциялардың өткiзу тәртiбi мен орны туралы хабардар етіледі.

2.4. Мерзімінен бұрын сайлау өткізген жағдайда сайланбалы кәсіподақ органдары кезекті есеп беру-сайлау жиналысымен, конференциялармен белгіленген осы органдардың өкілеттік мерзімдері аяқталғанға дейінгі мерзімге сайланады.

 

 

  1. Делегаттарды сайлау тәртібі

 

3.1. Конференцияда делегаттарды сайлау тәртібі мен өкілдіктер номасы тиісті кәсіподақ органдарымен анықталады:

– бастауыш кәсіподақ ұйымдарының конференциясына делегаттар (қажет болған жағдайда) бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылымдарының кәсіподақ жиналысында сайланады;

– бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жалпы жиналыстарында аумақтық аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының конференциясына делегаттар сайланады;

–  облыстық конференцияға делегаттар кәсіподақтың аумақтық аудандық, қалалық ұйымдарының конференцияларында сайланады;

– Кәсiподақ съезіне делегаттарды облыстық Кәсiподақтың Кәсiподақ комитетi сайлайды.

3.2. Кәсіподақ органының төрағасы, оның орынбасарлары, тексеру комиссиясының төрағасы Жарғыға сәйкес лауазымы бойынша тиiстi конференцияның делегаттары болып табылады.

 

  1. Жиналыстардың, конференциялардың басқарушы және жұмыс органдары

 

 

4.1. Кәсіподақ жиналысының, конференциясының құқығы жарғыларға сәйкес айқындалады:

– есеп беру-сайлау  кәсіподақ жиналыс, егер оған осы кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан кезде, құзыретті болып саналады;

Аумақтық аудандық, қалалық кәсiподақ ұйымының, кәсіподақтың мүшелік ұйымының конференциясы, егер  сайланған делегаттардың кемiнде үштен екiсi осы конференцияға қатысқан кезде құзыретті деп саналады.

4.2. Кәсіподақ жиналысын, конференцияны басқару үшін, ашық дауыс беру арқылы сайланады:

– кәсіподақ топтары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарында – жиналыстың  төрағасы және хатшысы немесе төралқа;

– есеп беру-сайлау конференцияларында – төралқа, хатшылық, мандат, редакциялық және есеп комиссиялары.

Аталған басқару және жұмыс органдарының сандық және дербес құрамын жиналыс, конференция айқындайды.

4.3. Конференция делегаттарының өкілеттіктері тиiстi мандат комиссиясымен тексерiледі, расталады.

Кворум болмаған жағдайда жиналыстың, конференцияның сол күн тәртібімен жаңа өткізу күні жарияланады.

4.4. Есеп беру-сайлау жиналыстарының, конференциялардың қаулылары, жарғыларда белгіленген тәртіппен кворум болған кезде жиналысқа қатысушылардың,  конференция делегаттарының жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

 

  1. Кәсіподақ огандарының сайлаулары

 

5.1. Кәсіподақ органдарының сайлауы тиісті кәсіподақ органдарының есептік баяндамаларын жиналыс, конференция тыңдап, талқылағаннан және олар бойынша шешім қабылдағаннан кейін өткізіледі

Кәсіподақ жиналысы, конференция ашық дауыс беру арқылы сайланатын кәсіподақ органының сандық құрамын бекітеді.

Кәсіподақ Жарғысына сәйкес кәсіподақ органдарын құру жиналыста, конференцияда кәсіподақ органының құрамын сайлау жолымен жүргізіледі.

 

Кандидатураларды ұсыну

5.2. Кәсіподақ органдарын кәсіподақ жиналыстарында, конференцияларда сайлау кезінде кәсіподақ органдарының құрамына кандидатураларды жиналысқа қатысушылар, конференция делегаттары ұсынады.

Кәсіподақ органдарына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды есеп беру мен сайлауларды дайындау кезеңінде тиісті кәсіподақ органының шешімімен құрылатын комиссиялар да дайындауы мүмкін.

Делегациялар немесе арнайы комиссия өкілдерінің кеңесі атынан кәсіподақ органының құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстар енгізуі жиналысқа, конференцияға қатысушылардың, делегаттардың басқа да кандидатураларды ұсыну құқықтарын шектемейді.

Кәсіподақ органының құрамына өз кандидатурасын жиналысқа қатысқан кәсіподақтың кез келген мүшесі, конференция делегаты ұсынуға құқылы.

Кәсіподақ органдарының құрамына жиналыста болмаған, конференция делегаттары болып табылмайтын кәсіподақ мүшелерінің арасынан олардың келісімімен кандидатуралары ұсынылуы мүмкін.

Кандидатураларды ұсынуды тоқтату туралы ұсыныс келіп түскен кезде жиналыстың, конференцияның төралқасы (төрағасы) бұл ұсынысты дауысқа салады және ашық дауыс беру арқылы кандидатураларды ұсынуды тоқтату немесе жалғастыру туралы мәселе шешіледі.

5.3. Барлық ұсынылған кандидатуралар олар ұсынылған тәртіппен жиналыста, конференцияда дербес талқыланады. Жиналысқа қатысқан әрбір кәсіподақ мүшесі, конференция делегаты кандидатураларды қабылдамауға және сынға алуға құқылы.

Егер қандай да бір кандидатураны талқылауды тоқтату туралы ұсыныс келіп түссе, жиналыс, конференция ашық дауыс беру арқылы осы кандидатураны талқылауды тоқтату немесе жалғастыру мәселесін шешеді.

Оларға қарсы қарсылық білдірілмеген кандидатуралар сайлауды дауыс бермей өткізуге арналған тізімге енгізіледі.

Қарсылық білдіру келіп түскен кандидатураларды талқылағаннан кейін әрбір жекелеген жағдайда ашық дауыс беру арқылы осы кандидатураны дауыс беруге арналған тізімге енгізу немесе енгізбеу туралы мәселе шешіледі.

 

Дауыс беру тәртібі

5.4. Жиналыстың, конференцияның шешімі бойынша кәсіподақ органдарының сайлауы жабық (жасырын) немесе ашық дауыс беру арқылы өткізілуі мүмкін. Дауыс беру нысаны туралы (жабық немесе ашық) шешім кандидатуралар ұсынылғаннан және талқыланғаннан кейін қабылданады.

5.5. Жабық (жасырын) дауыс беруді өткізу және оның нәтижелерін есептеу үшін жиналыс, конференция ашық дауыс беру арқылы санақ комиссиясын сайлайды. Санақ комиссиясы мүшелерінің санын жиналыс, конференция белгілейді. Санақ комиссиясының мүшелері төрағаны және хатшыны сайлайды, ол туралы № 1 хаттама жасалады.

5.6. Басқарушы кәсіподақ органдарын сайлау бойынша дауыс беруге тек осы кәсіподақ ұйымында есепте тұрған кәсіподақ мүшелері, конференция делегаттары ғана қатысады.

5.7. Жабық (жасырын) дауыс беру мынадай тәртіппен өткізіледі:

– санақ комиссиясы жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындайды, онда кандидатуралар әліпбилік тәртіппен орналастырылады;

– санақ комиссиясы сайлау жәшіктерін мөрлейді және оларды жасырын дауыс беру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатындай етіп орнатады;

– санақ комиссиясының төрағасы жиналысқа қатысушыларға, конференция делегаттарына жиналыс, конференция назарға алатын есеп комиссиясы отырысының № 1 хаттамасын жариялайды, содан кейін санақ комиссиясының төрағасы қатысушыларға, делегаттарға дауыс беру тәртібін түсіндіреді;

– санақ комиссиясы тізім бойынша жиналысқа қатысқан кәсіподақтың әрбір мүшесіне, конференция делегатына сайланатын кәсіподақ органдарының құрамына ұсынылған кандидатуралары бар бюллетеньдердің (тізімдердің) бір-бір данасын береді және осы кәсіподақ мүшесінің (делегаттың) дауыс беруге қатысқаны туралы белгі жасайды;

– әрбір дауыс беруші жабық (жасырын) дауыс беру кезінде қандай да бір кәсіптік орган қандай мөлшерде алдын ала сайлау белгіленгеніне қарамастан, бюллетеньде (тізімде) кандидатураларды сызып тастауға құқылы;

– белгіленбеген нысандағы бюллетеньдер (тізімдер), сондай – ақ дауыс бергендердің еркін білдіруін анықтау мүмкін болмайтын бюллетеньдер (тізімдер): кандидаттарды сайлауға «иә» деп берілген дауыстар саны сайлау органы мүшелерінің бекітілген санынан артық болатын алқалы органдардың сайлауы бойынша бюллетеньдер (тізімдер); төрағаларды сайлау кезінде-біреуден артық кандидат қалдырылған бюллетеньдер (тізімдер) жарамсыз деп есептеледі.

5.8. Дауыс беруден кейін санақ комиссиясы сайлау жәшіктерін ашады және әрбір тізім бойынша дауыс беру нәтижелерін есептеуді жүргізеді, № 2 хаттама жасайды, оған әрбір кандидатқа «иә» және «қарсы» берілген дауыс санын көрсете отырып, дауыс беру нәтижелерін енгізеді. Хаттамаға комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

Дауыс беру нәтижелері жиналыста, конференцияда баяндалады және олардың шешімімен бекітіледі

5.9. Егер сайлау ашық дауыс беру арқылы өткізілсе, онда дауыс беру тізімде қалдырылған әрбір кандидат бойынша өткізіледі. Дауыстарды санауды санақ комиссиясының мүшелері жүзеге асырады. Дауыс беру нәтижелері жиналыста, конференцияда баяндалады және олармен бекітіледі.

5.10. Кәсіподақ органдарының құрамына жиналысқа қатысушылардың, отырысқа қатысатын конференция делегаттарының көпшілігі дауыс берген кандидатуралар сайланды деп есептеледі.

Егер дауыс беру нәтижесінде кәсіподақ органының құрамына шешілгеннен көп немесе аз мүшелер сайланса, жиналыс, конференция ашық дауыс беру арқылы кәсіподақ органының құрамын жаңа сандық құрамда бекіту туралы шешім қабылдай алады – дауыс беру нәтижелеріне сәйкес. Егер жиналысқа қатысқан кәсіподақ мүшелерінің, конференция делегаттарының көпшілігі кәсіподақ органының алдын ала белгіленген сандық құрамын қалдыруға дауыс берсе, кандидатураларды қайта ұсынып, талқылап, қайта дауыс беру керек.

5.11. Кәсіподақ органдарын сайлаумен бір мезгілде тиісті кәсіподақ органы белгілеген квота бойынша конференцияға делегаттарды сайлау өткізіледі.

Делегаттарға кандидатураларды алдын ала ұсыну тәртібі, жиналыстарда, конференцияларда кандидатураларды талқылау, дауыс беру тәртібі кәсіподақ органдарын сайлау кезіндегі тиісті рәсімдерге ұқсас.

Егер конференция делегаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері бойынша өкілдік нормасымен сайланғаннан көп болса, кандидатураларды қайта ұсынып, талқылап, қайта дауыс беру керек.

Мүшелік ұйымның конференциясына тікелей жіберу принціпі бойынша сайланған кәсіподақ комитетінің мүшесі тиісті кәсіподақ органының ұсынысы бойынша немесе өкілдің өз тілегі бойынша, осы ұйымның бастамасы бойынша оны жіберетін ұйыммен кері шақырылып алынуы немесе ауыстырылуы мүмкін. Оның орнына ұйым кәсіподақ органының құрамына жаңа өкілді сайлауға құқылы, оның өкілеттіктерін сайланған орган растайды. Кезекті есеп беру-сайлау конференциялары арасындағы кезеңдерде кәсіподақ комитетінің жаңа мүшелерін кері қайтарып алу және сайлау құқығын мүшелік ұйымның уәкілетті органы іске асырады.

Төрағаларды сайлау тәртібі

5.12. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, кәсіподақтың аумақтық ұйымдарының, Кәсіподақтың төрағалары, егер Жарғыда (Ережеде) басқалар көзделмесе, тиісті жиналыстарда, конференцияларда сайланады, Кәсіподақ төрағасының орынбасарлары Кәсіподақ комитетінде сайланады. Тексеру комиссияларының төрағалары комиссиялардың отырыстарында сайланады.

5.13. Төраға лауазымына кандидаттар жиналыс, конференция өткізілетін күнге дейін 15 күн мерзімнен кешіктірмей жоғары тұрған кәсіподақ органында тіркелуі тиіс. Тіркелу сәтті болған жағдайда кандидатуралар әңгімелесуден өтеді және жоғары тұрған кәсіподақ органында бекітіледі

Төраға лауазымына кандидаттардың санына шектеу қойылмайды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының, кәсіподақтың аумақтық ұйымының, кәсіподақтың төрағасы лауазымына кандидат «Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ мүшелері қатарынан ұсынылады және сайланады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасына Кандидат кемінде 3 жыл кәсіподақ мүшесі болуы тиіс.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасына кандидат болу үшін кемінде 3 жыл кәсіподақ мүшесі болуы тиіс.

Аудандық және қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасына кандидат болу үшін кәсіподақ мүшесі болуы және органдар немесе білім беру ұйымдарының басшысы, басшысының орынбасары лауазымында кемінде 7 жыл еңбек өтілі болуы, не кәсіподақ ұйымының төрағасы ретіне кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Кандидатпен әңгімелесу қорытындылары жоғары тұрған кәсіподақтың алқалы органының отырысында айтылады және талқыланады. Кандидатқа қатысты талқылау қорытындылары бойынша отырыста дәлелді шешімдердің бірі қабылдануы мүмкін: кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлауға қатысуға рұқсат ету, кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлауға қатысуға рұқсат бермеу. Жоғары тұрған кәсіподақ ұйымының алқалы органының шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды. Әңгімелесуден өткен төраға лауазымы кандидатына төрағаны сайлауға қатысуға рұқсат беру туралы куәлік беріледі.

Рұқсат беру туралы куәлік алмаған кандидаттардың Төраға сайлауына өтініш беруге және қатысуға құқығы жоқ.

«Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасына Кандидат кемінде 15 жыл кәсіподақ мүшесі болуы тиіс.

5.14. Барлық ұсынылған кандидатуралар жиналыста, конференцияда әліпбилік тәртіппен дербес талқыланады. Жиналысқа қатысқан әрбір кәсіподақ мүшесі, конференция делегаты кандидатураларды қабылдамауға және сынға алуға құқылы.

Қарсылық білдіру келіп түскен кандидатураларды талқылағаннан кейін әрбір жекелеген жағдайда ашық дауыс беру арқылы осы кандидатураны дауыс беруге арналған тізімге енгізу немесе енгізбеу туралы мәселені шешеді.

Оларға қарсы қарсылық білдірілмеген кандидатуралар сайлауды дауыс бермей өткізуге арналған тізімге енгізіледі.

Жиналыс, конференция дауыс беру нысаны (жасырын немесе ашық) туралы шешім қабылдайды.

15.16. Жарғыға сәйкес кворум болған жағдайда жиналысқа қатысушылардың, отырысқа қатысатын конференция делегаттарының көпшілігі дауыс берген кандидатура сайланған болып есептеледі.

15.15. Егер кандидаттардың бірде-бірі қажетті дауыс санын ала алмаса, ең көп дауыс санын алған екі кандидатура бойынша қайта дауыс беру жүргізіледі.

Егер дауыс беру нәтижесінде кандидатуралардың бірде-біреуі қажетті дауыс санын алмаса, онда жиналыстың, конференцияның шешімі бойынша қайта ұсыну, талқылау, дауыс беру өткізіледі.

15.16. Егер жиналыс, конференция төрағаны сайламаған жағдайда, оны сайлау туралы мәселе жиналыстың, конференцияның екінші кезеңі өткізілгенге дейін белгілі бір кезеңге кейінге қалдырылады және осы кезеңге Төрағаның міндетін атқарушы тағайындалады.

15.17. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланған және негізгі жұмысынан босатылған қызметкермен, кәсіподақтың аумақтық ұйымының, Кәсіподақтың төрағасымен еңбек шарт жасалады, оған ұйымның атынан тиісті кәсіподақ ұйымының тиісті атқарушы органының уәкілетті мүшесі қол қояды.

Сайланған төрағалар лауазымы бойынша тиісті сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері болып есептеледі.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

6.1. Кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау жиналысына, конференциясына қатысатын жоғары тұрған кәсіподақ органының өкілі сайлау өткізудің белгіленген тәртібінің орындалуын қадағалауға, жиналыста, конференцияда төрағалық етушіге оларды жүргізу жөнінде көмек көрсетуге, ал сайлауды ұйымдастырудың белгіленген тәртібінің бұзылуы анықталған жағдайда жиналыстың, конференцияның өткізілу барысын тоқтатуға, жиналысқа қатысушыларға, конференция делегаттарына орын алған бұзушылықтарды көрсетуге және анықталған бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдауға тиіс.

6.2. Жабық (жасырын) дауыс берудің барлық материалдары (кандидатуралар тізімі, бюллетеньдер, есеп комиссиясының хаттамалары, дауыс беру нәтижелерін есептеу және т.б.) келесі сайлауға дейін тиісті кәсіподақ органында қатаң есептегі құжаттар құқығында сақталады.

6.3. Сайлау материалдары өз бастамасы бойынша қабылданатын кәсіподақ ұйымының және кәсіподақтың алқалы органының шешімі бойынша, тиісті бақылау-тексеру комиссиясының талап етуі бойынша, жиналысқа қатысушылардың, кәсіподақ конференциясы делегаттарының үштен екісінен астамының талап етуі бойынша, жоғары тұрған кәсіподақ органдарының талап етуі бойынша комиссиялық танысу үшін ұсынылуы мүмкін. Өтініш берушілердің өкілдері Комиссияның жұмысына қатыса алады немесе оның жұмыс нәтижелерімен танысуы тиіс.

6.4. Жаңа төраға сайланған жағдайда кәсіподақ ұйымының мүлкін және басқа да құралдарын қабылдау-беру істері акт бойынша жүзеге асырылады. Актіге ұйымның және тексеру комиссиясының бұрынғы және жаңадан сайланған төрағалары қол қояды. Актілер қатаң есептегі құжаттар құқығында сақталады.

6.5. 10 күн мерзім ішінде есеп беру-сайлау жиналысының, конференциясының хаттамасы жоғары тұрған кәсіподақ органына жіберіледі

Есептер мен сайлау нәтижелері бойынша статистикалық есептіліктің тиісті нысандары толтырылады және белгіленген мерзімде жоғары тұрған кәсіптік органға жіберіледі. Тиісті құжаттардың уақтылы ресімделуіне жауапкершілік ұйым төрағасына жүктеледі.