Кәсіподақ мүшелеріне материалдық және қайырымдылық көмек көрсету тәртібі жән шарттары туралы

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің

2020 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 8 хаттамасымен бекітілген

 

Кәсіподақ мүшелеріне материалдық және қайырымдылық көмек көрсету тәртібі жән шарттары туралы

Е Р Е Ж Е

 

  1. Жалпы ережесі

1.1.  «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету тәртібі мен шарттары туралы ережесі (бұдан әрі-Ереже) облыстың білім  беру ұйымдары қызметкерлеріне материалдық және қайырымдылық көмек көрсету мәселесін реттейді және қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық қолдауға бағытталған. 

1.2.  Материалдық және қайырымдылық көмек тікелей кәсіподақ мүшелеріне-білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне,  қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен, кәсіподақ мүшелерінің ай сайынғы мүшелік жарнасынан жиналған ақшалай қаражаттардан көрсетіледі.

1.3.  Материалдық көмек көрсетуге бағытталған қаржылық қаражаттар кәсіподақтың және білімнің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының шығындар сметасы негізінде жұмсалады. 

1.4.  Осы ережеде материалдық және қайырымдылық көмек деп кәсіптік одақ мүшелеріне қиын өмірлік жағдай немесе маңызды оқиға болған кезде бір реттік төлем ретінде түсіну керек.

1.5.   Ереже: сәйкес әзірленді

  • «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ жарғысына; Закона об образовании РК;
  • «Кәсіптік одақтар туралы» заңына сәйкес әзіірленді.
  1. Материалдық көмек көрсету критерийлері

2.1. Кәсіподақ мүшелерінің әрқайсысы келесі жағдайда  материалдық көмекке құқылы

  • жақын туыстарын жерлеуде (жұбайы, атан-анасы, балалары);
  • қымбат дәрі-дәрмектерді сатып-алуда;
  • қызметкерге және оның балаларына ақылы ота жасалғанда немесе отадан кейінгі оңалту жүргізілгенде;
  • қызметкердің және оның балаларының санаторлық емделуіне
  • қызметкердің санаторийлерде және демалыс орындарында денсаулығын жақсарту;
  • мерейтойларда (50, 55 жас – әйелдер, 50, 60 жас– ерлер ижәне келесі дөңгелек даталар);
  • қызметкердің үйлену тойы, баланың тууы;
  • өрт, табиғи апаттар, мүлікті ұрлау және басқа да төтенше жағдайларда;
  • материалдық шығындарды талап ететін қиын өмірлік жағдайда

III. Материалдық көмек көрсету шарттары

3.1. Материалдық көмек кәсіподақтың әрбір мұқтаж мүшесіне, егер ол кәсіподақ ұйымының мүшесі болса, жалпы кәсіподақ тәжірибесі кемінде 1 жыл болса, көрсетілуі мүмкін.

 

3.2. кәсіподақ мүшесіне Материалдық көмек күнтібелік жылда 1 рет көрсетілуі мүмкін.

3.3. Ерекше жағдайларда (жақын туыстарының қайтыс болуы, хирургиялық араласу, өрт немесе табиғи апаттар) материалдық көмек бірнеше критерийлер бойынша көрсетілуі мүмкін.

 

  1. Материалдық көмек көрсетудің тәртібі мен мөлшері

4.1. Материалдық көмек бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдаухаты бойынша, егер жоғары тұрған ұйымға немесе материалдық және қайырымдылық қорға көмек алу үшін өтініш білдіру  қажеттілігі болған жағдайда (егер сіздің ұйым қор мүшесі болса) және қызметкердің жеке өтініші бойынша беріледі.

 4.2. Материалдық көмек мөлшерін анықтауда ескеріледі: білім беру ұйымының кәсіподақ комитетінің отырысы  хаттамасының көшірмесінде  отбасы құрамы,  асырауындағылардың болуы, жалақы, денсаулық жағдайы, жұмыс өтілі, кәсіподақ өтілі және т.б. көрсетілуі керек.

4.3. Материалдық көмек Кәсіподақ мүшесіне жеке немесе кәсіподақ комитетінің төрағасына қызметкердің жеке өтініші және құжаттық мәліметтері болған жағдайда беріледі.

4.4.  Қызметкерді, кәсіподақ мүшесін жерлеуде материалдық көмек ұйымның бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасына беріледі.

 

  1. Материалдық көмек алу үшін қажетті құжаттар тізімі

5.1. Материалдық көмекті алу үшін кәсіподақ мүшесі кәсіподақ ұйымына өтініш себебін көрсете отырып жеке өтінішпен жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:

  • кәсіподақ мүшесі және оның жақындары қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәлік көшірмесі;
  • қымбат дәрі-дәрмектер, ота жасату, медициналық тексеруден өту– есеп, чек немесе басқа құжат;
  • медициналық қызметінің шығынын растайтын;
  • қызметкердің және оның балаларының шипажайда сауықтырылуына – жолдама көшірмесі және қайтарма талоны
  • өрт, ұрлық және басқа табиғи апаттар бойынша – төтенше жағдайды растайтын құжат,

–        5.2.  Құжаттар шығыс ордеріне тігіледі  және қызметкерге қайтарылмайды.

V1. Ереже қорытындысы

6.1. Осы ереже «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  барлық кәсіподақ мүшелеріне бекітілген сәттен және жаңа ереже қабылданғанға дейін жарамды.

6.2.  Ереженің орындалуын бақылау Кәсіподақтың тексеру комиссиясына жатады. Материалдық көмек қаражатын пайдалану туралы есеп жылына бір рет ұйымның бастауыш кәсіподақ төрағаларының жиналысында жүргізіледі.