Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың рөлі
Айнагүл Қазбайқызы Мұхамеджанова,
төраға орынбасары
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ішкі бақылауды жүргізуге жәрдемдесу болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігіне ішкі бақылауды еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жүзеге асырады.
Кәсiподақ өзiнiң инспекциясын құра алады және еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторы бола алатындығы заңды түрде белгiленсiн.
Кәсіподақ ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылауды жүзеге асыру құқықтары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 5 тарауымен, ҚР «Кәсіподақтар туралы» заңының 16 бабына сәйкес іске асырылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 203-бабына сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы қызметкерлердің өкілі болып табылады, оларды кәсіподақ комитеті сайлайды және ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес бекітеді.
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор білім беру ұйымдарында жұмыс берушінің және оның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы өкілдерінің қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қабілетті, қажетті білімі мен дағдылары бар адамдар бола алады.
Еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспектор жалпы кәсiподақ жиналысында ашық дауыс беру арқылы сайланады немесе БКҰ кәсiподақ комитетiнiң шешiмiмен кәсiподақ органының өкiлеттiк мерзіміне тағайындалады және оның басшылығымен жұмыс жүргiзiледi.
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың табысты еңбегін қамтамасыз ету мақсатында кәсіподақ ұйымы:
оларды еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен ақпараттандыруды, бақылау нысанына жататын нормативтік құжаттар және нұсқаулықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
еңбекті қорғау жағдайын жақсарту жөнінде енгізілген ұсыныстарды жүзеге асыруға жәрдемдеседі;
еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың оң жұмыс тәжірибелерін жинақтап, оның таратылуын қамтамасыз етеді;
еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды моральдық және материалдық ынталандыруды қарастырады;
жұмыс уақытында еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспектор еңбектi қорғау туралы заңдардың сақталуына, тексерулермен байланысты емес нысандарда ұжымдық шарт (келiсiм) талаптарының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, атап айтқанда:
- Азаматтардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарының сақталуын бақылау, талдау, бағалау бойынша іс-шаралар мониторингі;
- Алқалы органдардың, комиссиялардың жұмысына қатысу;
- Заңнамада, ұжымдық шарттарда (келісімде) көзделген басқа да нысандарда.
Техникалық еңбек инспекторы өз қызметiнде Мемлекеттiк еңбек инспекциясымен өзара iс-әрекет жасайды, өз жұмысын тiкелей жұмыс басшыларымен, мекемеде (кәсiпорында) еңбектi қорғауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлермен, бастапқы кәсiподақ ұйымымен байланыста жүзеге асырады.
Жұмыс берушiлердің лауазымды тұлғалары қоғамдық бақылауға кедергi келтiретiнi үшiн заңдарға сәйкес жауап бередi.
Еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспектор еңбек қауiпсiздiгiне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Бақылаудың мақсаты – қызметкерлерге салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың дұрыс және уақытында тексерілуі мен есепке алынуын, қызметкерлерге олардың еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттану немесе денсаулықтарына келтірілген басқа зақымдану кезінде толық көлемде шығынның өтелуін бақылау болып табылады.
Еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспектордың қызметіндегі негiзгi мiндет:
– кәсіподақ мүшелерінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
– барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарына жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын қадағалауына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға кәсіподақтардың құқықтарын орындауға жәрдемдесу.
-әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер мен ұжымдық шарттарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты ұсыныстар әзірлеп, енгізуге қатысу.
-жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайын бақылауды, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен талаптарды орындауын, еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерінің қадағалануын бақылауды жүргізу.
– еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қолдануға және еңбекті қорғау туралы келісімдер мен ұжымдық шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты еңбек дауларын қарау кезінде мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарда, түрлі инстанциядағы соттарда кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін білдіру.
Қатысады:
- өндірісте болған жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тексеруге;
– еңбекті қорғау мен еңбек жағдайының санитарлық-техникалық жай-күйлерін төлқұжаттауға;
– ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға дайындығын олардың еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына;
– еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізу жөнінде іс-шараларды дайындауға.
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбекті қорғау жөніндегі заңнама бұзушылықты, ұжымдық шарттың (келісімнің) орындалмауын анықтаған жағдайда:
– бұл туралы жұмыс берушіге хабарлап, бұзушылықты жою жөнінде шара қабылдауды ұсынады;
– ұжымдық шартта (келісімде), заңнамалық актілерде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар береді.
Ұсыныстар екі данада жасалады: бір данасы жұмыс берушіге тапсырылады (жіберіледі), екіншісі – бақылауды жүргізген еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторда бақылау үшін қалады.
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз жұмысында заңнаманы, өндірістік кеңес туралы Ережені, «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Жарғысын, еңбекті қорғау жөніндегі ереже мен нұсқаулықты басшылыққа алады.
Жұмыс берушiнің лауазымдық тұлғаларының қоғамдық бақылауға кедергi келтiретiнi үшiн заңдарға сәйкес жауап бередi.