Еңбек демалысы

Еңбек демалысы

 (сұрақ-жауап)

№ 1 сұрақ: Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ең аз ұзақтығы қандай?

         Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысының ұзақты 24 күнтізбелік күн, егер Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе (ҚР ЕК 88б).

Неғұрлым көбірек күндер анықталды:

  • азаматтық қызметшілерге 30 күнтізбелік күннен кем емес (ҚР ЕК 139 б.

10 т);

  • педагогтар үшін –56 күнтізбелік күн (ҚР «Педагог мәртебесі туралы»

заңының 12 б. 1 т. 3т.)

№ 2 сұрақ:  Қызметкерлердің қандай санаттары ақылы еңбек демалысына қосымша құқығы бар ?

         Қосымша ақылы еңбек демалысы беріледі (ҚРЕК 89 б.):

1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық көлемде беріледі;

  • бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде

күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

  1. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.

 

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісіммен (бұдан әрі-Келісім) сәйкес тараптар келісті:

  1. Қызметкерге жақын туыстарының (ата-анасы, баласы, қызы, бауырлары,

жұбайы, зайыбы, атасы, енесі) қазасына байланысты, олардың жазбаша өтініштері бойынша сәйкес құжаттар негізінде бес күнге дейін ақылы демалыс беріледі – 5.2.4.тармағы

  1. Қызметкерлерге олардың өтініштері бойынша үйлену тойлары болған

жағдайда үш күнге дейінгі ақылы еңбек демалысын беру-5.2.5 тармағы

  1. Тараптар келесі қызметкерлерге ақылы еңбек демалысын үш күнге

дейін көбейту-5.2.6 тармағы:

  • аудандық, қалалық (мектептік) әдістемелік бірлестіктердің басшылары; техникалық және кәсіптік білім берудің әдістемелік бірлестіктері;
  • бас есепшілер; бухгалтерлер.
  • бас экономистерге, экономистерге
  • мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджерлерге (мамандарға).

 

  1. Тараптар келесі оқу орындарында тәлімгерлік үшін ақылы еңбек

демалысын үш күнге дейін ұлғайтуға келісті-5.2.7 тармағы:

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы өндірістік оқыту

шеберлері мен оқытушыларына;

  • Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға

арналған ұйымдардың тәрбиешілері;

  • психологиялық-педагогикалық түзету және психологиялық медициналық педагогикалық консультация кабинеттеріндегі арнайы тәрбиешілерге (мұғалім-логопед; мұғалім дефектолог; олигофренопедагог және т.б.);
  • Қосымша білім беру ұйымдарындағы қосымша білім беру мұғалімдері үшін.
  1. Азаматтық қызметшілерге жатпайтындарға демалысты 30 күнтізбелік күнге дейін демалысты ұлғайту (Келісімге №5 қосымша):
  • қызметтік бөлмелерді тазалаушы;
  • вахта жұмысшысы;
  • гардероб жұмысшысы;
  • кастелянша;
  • бағбан;
  • қоймашы;
  • аула сыпырушы;
  • санитар;
  • қарауылшы;
  • от жағушы;
  • асхана жұмысшысы,
  • қосалқы жұмысшы ;

 

  1. Зиянды, қауіпті, ауыр еңбек жағдайларда еңбек еткені үшін қызметкерлерге демалысты ұлғайту (Келісімге №6 қосымша)
  • Білім беру ұйымының дәрігері -12 күн
  • Білім беру ұйымының орта медициналық персоналы-12 күн
  • Білім беру ұйымының кіші медициналық персоналы-12 күн
  • Сұйық отын және газбен жұмыс істейтін бу және су қыздыратын

қазандықтардың жұмысына қамтылған машинист (от жағушысы)-6 күн

  • Қатты отынмен жұмыс істейтін бу және су қыздыратын

қазандықтардың жұмысына қамтылған машинист (от жағушысы):

  • қолмен жаққанда-12 күн;
  • механикалық жолмен жаққанда-6 күн;
  • Кір жуушы орын жұмысшылары-6 күн;
  • Бас аспазшы-6 күн;
  • Аспазшы-6 күн;
  • Қызметтік бөлмелерді тазалаушы-6 күн;
  • Электрдәнекерлеуші – 6 күн.

 

  1. Санаторлық мектеп-интернатының қызметкерлерге демалысты

ұлғайту (Келісімге №6 қосымша):

  • кітапханашы – 12 күн;
  • дәрігерлер -12 күн;
  • кастелянша -12 күн;
  • кіші медициналық және қызмет көрсетуші персонал:

санитар, буфетші, даяшы, ыдыс жуушы, моншашы, шаруа бикесі, күтуші, өндірістік бөлмелерді тазалаушы, шаштараз-12 күн

  • орта медициналық персонал-12 күн.

 

№ 3 сұрақ: Демалыс күндерiнiң ұзақтығын есептеу кезiнде мереке күндерi, ауысым кестелерi ескерiледi ме?

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысымдық кестелерге қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі (ҚР ЕК 90 б. 1 т.)

№ 4 сұрақ: Қызметкер 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жұмысқа қабылданды, бұл қызметкерге 2021 жылдың шілдесінде еңбек демалысы берілуі мүмкін бе?

        Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі (ҚР ЕК 92б. 1т.).

Бұл ретте, Келісімнің 5.2.1. тармағына келісті жұмысқа тамыз айынын

бастап қазан айы аралығында қабылданған педагогтерге оқу жылының аяқталуы бойынша бірінші еңбек жылы үшін  ақылы еңбек демалысы жазғы кезеңде толық көлемде беріледі.

Тараптар  жазғы демалыс уақытында нақты жұмыс iстеген уақыт үшiн  қызметкерге демалыс  беруді жазбаша келiсiмiнсiз жiбермеуге келiстi.

5 сұрақ: Еңбек демалысының ұзақтығы  күнтізбелік 30 күн, демалысты бөліп-бөліп беру мүмкін бе: 10 күнтізбелік күн; 10 күнтізбелік күн және 10 күнтізбелік күн?

Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының бір бөлігі қызметкердің еңбек шартында көзделген демалыстың күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс (ҚРЕК 92 б. 3т.)

Осының негiзiнде бұл жағдайда 10 күннен демалыстарды бөлiп-бөлiп беруге жол берiлмейдi.

 

№ 6 сұрақ: Демалыс кестеден тыс беріледі, демалыс ақысы қандай мерзімде төлену қажет?

Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі (ҚР ЕК 92 б. 4т.).

Бұл ретте, кестеден тыс демалыс тараптардың келісімі бойынша беріледі (ҚРЕК 93б. 1т.).

№ 7 сұрақ: Жұмыс беруші демалыс кестесін өзгертті, ол қызметкерлерді хабардар етуге міндетті ме?

Демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті (ҚР ЕК 93б. 2т.).

№ 8 сұрақ: Еңбек демалысы кезiнде қызметкерде баланың ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық күндерi болды. Жұмыс беруші оның өтініші бойынша демалыс күндерін кейінге қалдыруға құқылы ма?

         Жұмыс берушінің мұндай құқығы жоқ, себебі, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіз болған жағдайда толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады (ҚРЕК 94 б. 1т.).

 

№ 9 сұрақ: Негізгі лауазым бойынша – күнтізбелік 56 күн, қоса атқарылатын жұмыс бойынша демалыс (зертхана) – күнтізбелік 30 күн. Бұл қызметкерге демалыс берудің дұрыс жолы қандай?

Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы жұмыскердің өтініші бойынша оған демалыстар ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді.

(ҚР ЕК 92б. 5т.).

№ 10 сұрақ:  Мен бас бухгалтер болып жұмыс істеймін, жұмыс беруші үшінші жыл қатарынан, жұмыс көлеміме сілтеме жасай отырып, еңбек демалысын ұсынбайды.

Пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады (ҚРЕК 94 б. 3т).

 

№ 11 сұрақ: Жұмыс беруші қызметкерді еңбек демалысынан кері шақырта  ала ма?

Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.

Басқа жағдайларда кері шақыртуға жол берілмейді (ҚР ЕК 95 б. 1 т.)

 

№ 12 сұрақ: Қызметкер 56 күн еңбек демалысының 42 күнін пайдаланды, ал қалған 14 күніне өтемақы сұрады. Басшы пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеу туралы бұйрық шығарды.

Бұл жағдайда басшының әрекеті дұрыс емес. Себебі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 95 бабының 3 тармағына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының  пайдаланылмаған бөлігіне өтемақы төлемі, тек қызметкерді ақылы еңбек демалысынан кері шақыртқан жағдайда жол беріледі.

Бұр жағдайда демалыстың 14 күні берілмеген

 

№ 13 сұрақ: Қызметкерді еңбек демалысынан кері шақыртылуы қалай өтеледі?

Қызметкерді еңбек демалысынан кері шақыртуда, қызметкер құқығы (ҚРЕК 95 б. 1,2 т.)

1). Еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігін тараптар келісімі бойынша ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жылы пайдалануға, немесе келесі жылғы ақылы еңбек демалысына қосу;

2). Тараптардың келiсiмi бойынша демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiнiң орнына ақылы демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн өтемақы төлемiн алу.

 

№ 14 сұрақ: Қызметкерге жыл ішінде 6 күнге жалақысы сақталмайтын демалыс берiледi. Басшы еңбек демалысын беру кезінде оның ұзақтығын алты күнге қысқартты. Бұл дұрыс па?

Басшының шешімі дұрыс емес, өйткені қызметкерге жалақы сақталмайтын демалыс беріледі, бұл еңбек емес, әлеуметтік демалыс болып табылады, (ҚРЕК  87 б. 1т.) Еңбек демалысының жалпы күндері бөліктерге бөлінген жағдайда азаяды (ҚР ЕК 92б. 3т).

 

№ 15 сұрақтар: Демалыс бөліктерге бөлінеді. Жылына қанша рет сауықтыру жәрдемақысы төленеді?

      Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.(ҚРЕК 139б. 10 т.).

 

№ 16 сұрақ: Әлеуметтiк әрiптестiк туралы келісімнің 5.1.12-тармағына сәйкес демалыстың басталуы туралы қызметкер ол басталғанға дейiн кемiнде екi ай бұрын хабардар етiлуге тиiс. Егер демалыс кесте бойынша болса, аталағна тармақ қызметкерге қандай жеңілдіктер береді?

Келісімнің осы тармағы қызметкерге өзінің «бастапқы ниетін» кесте бойынша демалысын қайта қарауға және тараптардың келісімі бойынша жылдың басқа мезгілінде демалысқа шығу мүмкіндігін пайдалануға мүмкіндік береді (ҚР ЕК 93 б).

№ 17 сұрақ: Қызметкер «тәрбиешінің көмекшісі» лауазымынан «тәрбиеші» лауазымына ауыстырылды. Демалыс ұзақтығын қалай есептеуге болады?

 

Тәрбиешiнiң көмекшiсi қызметiне арналған демалыстың ұзақтығы 30 күнтiзбелiк күн, яғни осы лауазымда жұмыс істеген әрбiр ай үшiн 2,5 күн.

Тәрбиешi лауазымына демалыстың ұзақтығы 56 күнтiзбелiк күн, яғни осы лауазымда жұмыс істеген әрбiр ай үшiн 4,66 күн.

№ 18 сұрақтар: Мен кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеймін, кітапханашы лауазымын қоса атқарғаным үшін қосымша ақы аламын. Маған «Кітапханашы» лауазымы бойынша сауықтыру жәрдемақысын төлеу керек пе?

         Лауазымды қоса атқарғаны үшін (кітапханашы) сауықтыру жәрдемақысы төленбейді, себебі Еңбек кодесінің 139 бабына сәйкес азаматтық қызметшілер  (бұл ретте –кітапхана меңгерушісі) сауықтыру жәрдемақысын жылына бір рет еңбек демалысына шыққан кезде лауазымдық ақы мөлшерінде алады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекемелердің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысына келісті лауазымды қоса атқару жұмысы үшін лауазымдық ақы емес, қосымша төлем жүргізіледі (18 қосмыша, 5 т.).

Бұл ретте, егер кітапхана меңгерушісі бір ұйымда кітапханашы болып қоса атқарылатын жұмыс істесе, ол сауықтыру үшін жәрдемақы алатынына назар аударамыз, себебі Еңбек кодексінің 1-бабының 1-тармағының, 56-тармақшасына сәйкес –қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы болып табылады.

№ 19 сұрақ: 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап білім беру жүйесінің оқытушылары мен медицина қызметкерлері жалақысын арттырды. Бұл демалыс көлеміне қалай әсер етеді?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №908 бұйрығымен бекітілген Жалақыны есептеудің бірыңғай орташа нормасына сәйкес есептік демалыс кезеңінде лауазымдық жалақысының өсуі кезінде әрбір ай үшін орташа жалақы ұлғаю коэффициенті ескеріле отырып есептеледі.

Арттыру коэффициенті арттыру айында белгіленген тарифтік ставканы (лауазымдық жалақыны) арттыруға дейін белгіленген тарифтік ставкаға (лауазымдық жалақыға) бөлу жолымен есептеледі.

Мысалы:

2021 жылғы 1 қаңтарға дейін лауазымдық жалақы 112376 теңгені құрайды; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық ақы 134 851 теңге. Қызметкер 2021 жылғы 1 шілдеден бастап демалысқа шығады, бұл ретте ол демалыс мерзімде сол лауазымда жұмыс істеді. Өсiм басталғанға дейiнгi әрбiр ай үшiн өсiм коэффициентi мынадай:

2020 жылғы шілде айына (134851 тенге / 112376 тенге)= арттыру коэффициенті 1,199

2020 жылғы тамыз айына (134851 тенге / 112376 тенге)= арттыру коэффициенті 1,199

2020 жылғы қыркүйек айына  (134851 тенге / 112376 тенге)= арттыру коэффициенті 1,199

2020 жылғы қазан айына (134851 тенге / 112376 тенге)= арттыру коэффициенті 1,199

2020 жылғы қараша айына (134851 тенге / 112376 тенге)= арттыру коэффициенті 1,199

2020 жылғы желтоқсан айына(134851 тенге / 112376 тенге)= арттыру коэффициенті 1,199

Бұл ретте арттыру коэффициентінің мына жағдайда қолданылмайтынына назар аударамыз:

  • жұмысшының бір лауазымнан екінші лауазымға ауысқан кезде;
  • қызметкердің мамандығы бойынша жұмыс стажы ұлғайған кезде лауазымдық жалақы мөлшерін есептеу кезінде ескеріледі.