«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
кәсіподақ комитетінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 6 хаттамасымен бекітілген
«Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» конкурсы туралы ЕРЕЖЕ
Жалпы ережесі
- Осы ереже «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ мүшелік ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары арасында (бұдан әрі – Техникалық инспектор) «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» атағын иелену үшін «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» атты облыстық конкурстың (бұдан әрі-Конкурс) өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
- Конкурсты ұйымдастырушы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі-«Кәсіподақ»)
Конкурстың мақсаты мен міндеттері
- Конкурсты өткізу мақсаты:
– Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылаудың
тиімділігін арттыру (бұдан әрі-ЕҚжЕҚ);
- жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің,
Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» заңының және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қауіпсіз еңбек жағдайларында қызметкерлердің заңды құқығы мен мүдделерін сақтау;
- өндірістік жарақаттар мен кәсіби ауруларды азайту;
- Техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және ынталандыру;
- Конкурс міндеттері:
- кәсіподақтың үздік Техникалық инспекторын анықтау;
- ЕҚжЕҚ мәселелерінде кәсіподақ ұйымдарының орны және рөлін арттыру;
- Кәсіподақтың үздік техникалық инспекторларының жұмыс тәжірибесін қорыту және тарату;
- білім және ғылым ұйымдары басшыларының ЕҚжЕҚ жағдайына және жазатайым оқиғаның алдын алуға назарын күшейту;
- ЕҚжәнеҚ нормалары мен ережелерінің бұзылуын уақтылы анықтау және жою;
- Техникалық инспекторлардың қызметін моральдық және материалдық ынталандыру.
Конкурс қатысушылары
- Конкурсқа өз жұмысында жақсы көрсеткіштерге ие болған, Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының техникалық инспекторлары қатысуға құқылы.
- Конкурс мына топтар бойынша өткізіледі:
1 топ – мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру ұйымдарының техникалық инспекторлары;
2 топ – техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындарының техникалық инспекторлары.
Конкурстың өткізу шарттары мен тәртібі
- Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ 3 адамнан тұратын Конкурстық комиссия құрады.
- Конкурс комиссиясына жалпы басқару, Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, Конкурсқа қатысу үшін Техникалық инспектордың құжаттарын қабылдау (бұдан әрі-Құжаттар) және қарастыру, жеңімпаздарды анықтау, сондай-ақ Конкурсты өткізуге байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
- Конкурсқа қатысу үшін Кәсіподақтың мүшелік ұйымдары осы Ереждегі қосымшаларға сәйкес барлық қажетті құжаттарды 1 сәуірге дейін lprofedu@mail.ru электрондық поштасы арқылы Конкурс комиссиясына жібереді.
Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген құжаттар қарастырылмайды.
- Әр топтан бір техникалық инспектордан ұсынылуы мүмкін
- Техникалық инспекторлардың жұмыс көрсеткіштері жергілікті актілердің (бұйрықтар, шешімдер, хаттамалар, журналдар мен газеттерден мақалалар және басқалар) көшірмелерімен (үзінді көшірмелері), фотосуреттермен расталады және баллдық жүйемен бағаланады.
Қорытындылау
- Конкурс қортындысы ұсынылған құжаттар негізінде (2021 жыл) есепті кезеңнің нәтижесі бойынша жүргізіледі.
- Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін негізгі критерийлер Техникалық инспектордың жұмыс көрсеткіштері бойынша жалпы ұпайлар саны болып табылады.
- Конкурс қорытындысы бойынша әр топтан сәйкесінше І, ІІ, ІІІ орындар және «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» атағын беру арқылы үш жеңімпаз анықталады.
- Конкурс жеңімпаздары Конкурстық комиссияның шешімі негізінде Кәсіподақ грамотасымен және сыйақымен марапатталады, сыйақы мөлшері алған орынға байланысты Кәсіподақпен анықталатын.
- Конкурс қорытындысы 20 сәуірден кешіктірілмей бекітіледі және Кәсіподақтың ресми сайтында жарияланады.
- Конкурс жеңімпаздарын марапаттау Кәсіподақтың еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың Облыстық семинарында салтанатты түрде жүргізіледі.
- Техникалық инспекторлардың құжаттары олардың келісімі бойынша ЕҚжЕҚ бойынша Республикалық конкурсқа қатысу үшін жіберілуі мүмкін.