Өрт кезінде ұйым қызметкерлерінің әрекет ету тәртібі

Өрт кезінде ұйым қызметкерлерінің әрекет ету тәртібі

  1. Өрт болған жағдайда кәсіпорынның әрбір қызметкерінің негізгі міндеті адам өмірін құтқару болып табылады.
  2. Жанудың, түтіннің иісін және жанудың басқа да белгілерін тапқан кез келген әр адам:

– барлық қызметкерлерді, ең алдымен ұйым басшылығын, сондай-ақ күзет қызметкерлерін дереу хабардар етуі керек (қол өрт хабарлағыштарын немесе дабыл түймесін пайдалануға болады);

– бұл туралы өрттің нақты мекен-жайы мен орны көрсетіле отырып, 101 телефоны немесе 112 ұялы телефоны арқылы  өрт сөндіру бөліміне дереу хабарлауға, сондай-ақ өз аты-жөніңізді, объектіге кіру тәртібі туралы хабарлау және өрт диспетчерінің ықтимал сұрақтарына жауап беруі керек;

Залдағы адамдарға ескерту үшін қолмен өрт хабарламасын беру  құралын пайдаланып ескерту жүйесін қосу;

  1. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, адамдарды қауіпсіз аймаққа мүмкіндігінше тезірек көшіруді қамтамасыз етіп, қауіпсіз эвакуациялау жолдары мен шығуларын анықтау қажет.
  2. Адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда авариялық шығу есіктерін пайдалана отырып, жедел эвакуациялау және дүрбелеңнің алдын алу бойынша дереу шаралар қолдануға;
  3. Тізімдерге сәйкес ғимараттан эвакуацияланған қызметкерлерді тексеру;
  4. өрт сөндіру бөлімшелерінің қарсы алу үшін кірме жолдардың орналасқан жерін білетін және өртке қарсы ең қысқа жолды таңдауға көмек тесетін адамды анықтау;
  5. Қажет болған жағдайда медицина және басқа да қызметтерді шақыру;
  6. Қажет болған жағдайда ағынды-сорғылы желдеткішін, электрмен жабдықтауды ажырату бойынша шараларын қабылдау, сондай-ақ кәсіпорынның техникалық персоналын ғимарат үй-жайларында өрт пен түтіннің дамуының алдын-алу бойынша шараларға тарту;
  7. Өртті сөндіруге қатыспайтын қызметкерлер немесе күзетшілер қатарынан өрт болған ғимаратқа басқа адамдардың кіру мүмкіндігін болдырмау үшін ғимараттың шыға берісіндегі қауіпсіздік бекеттерін ұйымдастыру және орнату;
  8. Мына ережелерді қатаң сақтай отырып, өрт сөндіру жасағы келгенге дейін алғашқы өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіргіштер, киіз) және басқа да қолда бар құралдардың (суымен шелектер, бөтелкелер, гүл қазаншұңқырынан жер) көмегімен өртті сөндіру бойынша ықтимал шаралар қабылдау қажет:

– өрт сөндіруге қатысушы адамдарды құрылыстың құлауы, электр тоғымен зақымдануы, улану, күюі мүмкін аймақтан  эвакуациялануы және қорғалу қамтамсыз етілген болуы керек

–  өрт сөндіргішті электр қуаты бар қондырғысына 1 метрден жақындатпаңыз;

– тез тұтанатын сұйықтықтарды, кернеуде тұрған электр желілерін су сөндіруге болмайды

– киімі өртенген жағдайда адамды тез арада еденге жығып, жанғыш киімге су құяды (қыста қар лақтыру керек). Егер су болмаса, зардап шегушіні тығыз матаға, пальтоға, киізге орап, тыныс алу жолдары күйіп қалмауы үшін және уытты жану өнімдерімен уланып қалмауы үшін  басын ашық қалдыру қажет.  Қалай болғанда жағдайда да, оған жүгуруге жол бермеу қажет, себебі ол жануды арттырады. Егер қолында ештеңе болмаса, жалынды түсіру үшін жанып жатқан адамды жерге аунату керек;

– егер осындай жағдайда  жалын арқылы өтуге мәжбүр болса, өзін-өзі қорғау мақсатында басты кез келген матамен немесе жоғарғы киіммен жабу керек және мүмкіндігінше үстіне су құю қажет;

– Түтін дәлізі, баспалдақ және т.б. арқылы қозғалуда, төмен қарай бүгу немесе еңбектеп шығу (төменгі жақта түтін аз) қажет. Адасқан жағдайда түтіннің тартылыс жағына шығу керек;

– Жану өнімдері құрамында уытты химиялық қосылыстардың 50-100 түрі (көгерткіш қышқылы, фосген, көміртегі тотығы және т.б.) бар, ал ауадағы оттегінің құрамы төмендейді. Демек өртке қарағанда, түтін мен ыс өте қауіпті. Тыныс алу жолдарына түтіннің түсуін болдырмау үшін кез келген матаны, киім жеңін сулап, бетке жабу керек;

  1. Өртті сөндірумен бір мезгілде және мүмкіндік жағдай болғанда материалдық құндылықтарды эвакуациялауды ұйымдастыру. Құндылықтарды шығару адамдарды толық эвакуациялағаннан кейін жүзеге асырылады. Бiрiншi кезекте өрт қауiп төніп тұрған құндылықтар, сондай-ақ егер олар өрт сөндiру жұмыстарын күрделендiретiн және өрттiң таралу қаупiн тудыратын тез тұтанатын зат болса, олар эвакуацияланады;
  2. Өрт сөндіру бөлімінің өрт орнына келген кезде өрт сөндіру бөлімінің бастығына ғимаратта адамдардың болуын, өрттің шығу көзі, таралу жолдары, оны жою бойынша қолданған шаралар туралы барлық қажетті ақпаратты хабарлау қажет.
  3. Бұдан әрi өрт сөндiру бөлiмi бастығының нұсқауларын қатаң сақтау қажет.

 

  1. КЕЗЕКШІ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ТҮНГІ УАҚЫТТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТІ:
  2. Түнгi уақытта өрт туындаған жағдайда төтенше жағдай орнына келгенге дейiн әкiмшi орындауы тиiс :
    • Кәсіпорынның атауын, оның нақты мекенжайын хабарлай отырып өрт сөндіру қызметін дереу шақыру, және өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алуды қамтамасыз етеді;
    • «___________________________» ҚБ басшысының төтенше жағдай туралы хабарлауы.
    • Бұл ретте ғимараттағы барлық адамдарды болған жағдай туралы хабардардар ету және дайындалу үшін барлық шараларды қабылдау, сондай-ақ адам өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда адамдарды қауіп төнген аймақтан тікелей эвакуациялауға, осы мақсаттар үшін барлық қолда бар персоналды жұмылдыруға кірісу;
    • Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ұйымдастыру мүмкіндігі болған кезде қолда бар күштер және құралдармен өрт сөндіруді ұйымдастыру

Кезекші қызметкерге түнгі кезекшілік уақытынды тыйым салынады:

  • Үй-жайдан немесе кәсіпорын аумағынан шығуға;
  • Ашық отты пайдалануға, шылым тартуға;
  • Өзінің қызметтік міндеттерінен алаңдатылуға және ұйықтауға
  1. Кезекші қызметкер міндетті:
    • Өрт сөндіру бөлімін шақыру тәілдерін және құралдарын жақсы білу;
    • Барлық қолда бар өрт сөндіру құралдарының орнын білу және пайдалана алу;
    • Үй-жайдың негізгі және апаттық шығулардың орналасу жақсы білу;
    • Түнгі кезекшілікке кірер алдында фонарьлардың, қосалқы жарықтандырудың болуын және жарамдылығын, телефонның, байланыс құралдарының жарамдылығын тексеру