«Вакцина ал!» акциясы

«Вакцина ал!»  акциясын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережесі:

1.Осы ереже «Вакцина ал!» акциясын өткізу тәртібі мен шартын белгілейді (бұдан әрі -Акция).

2.Акцияны ұйымдастырушы: «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  (бұдан әрі – Кәсіподақ).

2. Акция мақсаты, қатысушылар:

1.Акция білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында «COVID-19» инфекциясына қарсы екпе алуды ынталандыру мақсатында өткізіледі.

  1. Акцияға Қостанай облысының білім беру ұйымдарының қызметкерлері – Кәсіподақ мүшелері, 2021 жылғы 15 тамыздан бастап 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде (қоса алғанда) «COVID-19» инфекциясына қарсы вакциналардың кез келгенінің бірінші компонентімен вакцинацияланғандар қатысады.

 

3. Акцияны өткізу тәртібі

1.Акцияны ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басқару, акцияны өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау функциялары жүктеледі.

2.Акцияға қатысу үшін осы ережедегі 2.2-тармағында көрсетілген тұлғалар 2021 жылғы 2 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қала/аудан жергілікті кәсіподақ филиалының аумақтық төрағасына жазбаша өтініш жібереді.

Аумақтық төрағалар өз кезегінде қатысушылар ұсынған мәліметтерді тексереді, белгіленген нысандағы өтініштердің жиынтық кестесін қалыптастырады және ағымдағы жылдың 3 қыркүйегіне  дейін  Жергілікті кәсіподақтың lprofedu@mail.ru электрондық поштасына жібереді.

Қатысушылар ұсынған дербес деректер қараудың барлық кезеңдерінде «Вакцина ал!» акциясына қатысушылар үшін белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында ғана пайдаланылады.

  1. Ұйымдастыру комитеті Акцияға қатысушылардың барлығын осы Ережелерде белгіленген Акцияға қатысушылар үшін белгіленген талаптарға сәйкестігі фактісі бойынша тексереді, осы мақсатта қажетті растаушы құжаттарды сұратуға құқылы.
  2. Акцияға қатысушылардың барлығына бірегей код беріледі, ол арқылы жеңімпаздар анықталады.
  3. Жеңімпаздарды анықтауды Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушылар арасында жеребе салу арқылы жүзеге асырады.
  4. Жеребе тастау процесі әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.
  5. Ұтыс ойынының нәтижелері Кәсіподақтың (lprofedu.kz) ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде орналастырылады.
  6. Ұйымдастырушы Акцияны өткізу туралы осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Барлық өзгерістер туралы ақпарат сайтта және әлеуметтік желілерде дер кезінде жарияланатын болады.

 

4.Марапаттау

1.Акция қорытындысы бойынша жеті жеңімпаз анықталады.

2.Акция жеңімпазы құнды сыйлықтармен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Вакцина ал!» акциясын өткізу туралы ережеге қосымша

 

 

«Вакцина ал» акциясына қатысуға өтінім

 

Тегіатыәкесінің аты 

(болған жағдайда)

Жұмыс орнылауазымы Акцияға қатысушының ЖСН Байланыс телефоны Короновирустан екпенің бірінші компонентін алған күні Екпені алу орны