Жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдері. Жалақыдан ұстап қалу.

(«Сұрақ –жауап» нысаныда жаппай құқықтық оқыту)

         Жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының 113 бабында анықталған.

1 сұрақ: Жалақыны бір айда екі рет алуға болады ма?

Жауап: Жалақы айына бір реттен сиретпей төленеді, яғни жалақыны бірнеше реттен алуға рұқсат етіледі.

2 сұрақ: Жалақы төлеу мерзімі қандай?

Жауап: Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуі керек. Бұл ретте ұжымдық шартта ағымдағы айдың нақты күні бекітілуі мүмкін.

3 сұрақ: Ұжымдық келісім-шартта жалақыны төлеу күні ағымдағы айдың 25 күні деп белгіленген.  Ақпан айының 25 -і демалыс күні болып тұр. Жалақыны қай күні төлеуге міндетті?

Жауап:  Жалақыны төлеу күні демалыс немесе мереке күндерімен дәл келсе бұндай жағдайда төлем олардың қарсаңында, яғни 24-і күні жүргізіледі.

 

4 сұрақ:  Жұмыс беруші қызметкерге жалақы мөлшері туралы, сонымен қатар жалақыдан барлық  ұсталынып қалатындар туралы хабарлауға міндетті ме?

Жауап: Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

5 сұрақ: Ұжымдық келісім шартта жалақыны төлеу күні ағымдағы айдың  25-і күні деп белгіленген. Жалақы төлеу күні 5 күнге кешіктірілді.  Әр кешіктірілген күн үшін айыппұл төлену керек пе?

Жауап: Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Жұмыс беруші жұмыскерге берешек және төлем кідіртілген кезең үшін өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен басталып, төлем жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады.

6 сұрақ: Қызметкер 5 наурызда жұмыстан босатылды. Қанша уақыт мерзімі ішінде оған тиесілі сомаларды төлеу керек?

Жауап: Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

 

7 сұрақ: Қызметкер 5 наурызда жұмыстан шығарылды, ал өтемақы төлемдері  он жұмыс күннен кейін төленді. Әр кешіктірілген күн үшін қызметкерге айыппұл төлену керек пе?

Жауап: Өтемақыны төлеу мерзімдері бұзылған жағдайда жұмыс беруші жұмыскерге берешек және төлем кідіртілген кезең үшін өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері қызметкерге тиесілі сомаларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен басталып, төлем жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады.

Қызметкер айыппұлдан басқа сотта жұмыс берушіден жұмыс берушінің заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай өтемақы талап ете алатындығын ескертеміз. Моральдық зиян, мысалы, жұмыскердің жалақы кешіктірілуіне байланысты табысының жетіспеушілігі салдарынан жүйке ауруы немесе моральдық күйзеліс негізінде қызметкердің ауруы кезінде көрінуі мүмкін, өйткені көптеген қызметкерлердің банктік қарыздары несие түрінде болады.

      Сонымен қатар, жұмыс берушінің жұмыскердің пайдасына айыппұл пайызын төлеу және моральдық зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерінің туындауы, жоғарыда айтылғандай, жалақы төлеуді кешіктіру нәтижесінде жұмыс беруші үшін жалғыз заңды / мүмкін болатын салдар емес екенін ескеру қажет. Жалақы төлеуді кешіктіру әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу болып табылады.

Сонымен, жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және белгіленген мерзімде төлемеуі  келесі мөлшерде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады:

  • 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)- лауазымдық тұлғалар үшін.

Осындау жауапкершілік кінәсі Жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген мерзімге өсімақыны есептемеген және төлемеген жағдайда белгіленеді.

Жоғарыда көрсетілген іс әрекет қайталанған жағдайда әкімшілік айыппұл  мөлшері лауазымдық тұлғалар үшін өседі және 40 АЕК құрайды.

Сонымен қатар, ақшаны басқа мақсаттарға жұмысауына байланысты жалақыны толық және уақытында төлеуді бірнеше рет кешіктіргені үшін заңнамада менеджерлердің қылмыстық жауаптылығы қарастырылған. Көрсетілген жауапкершілік келесі түрде белгіленуі мүмкін:

  • 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе түзеу жұмыстары;
  • 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • 3 жылға дейінгі мерзімде белгілі лауазымды атқару құқығынан айыру немесе айырусыз 90 тәулікке дейін қамауға алу.

Жалақыдан ұстау Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 115 бабымен анықталады.

№ 1 сұрақ:  Қызметкерде оның жалақысынан 90% сомасына екі орындау

қағазы бар. Орындау қағазы бойынша соманы ұстап қалуда шектеу бар ма?

Жауап:  Бірнеше орындау қағаздары бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде ай сайынғы ұстап қалу мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының елу пайызынан аспауы керек.

№ 2 сұрақ: Қызметкерге іссапар шығындарына артық ақшалай қаражат берілді. Қызметкер оны жұмыс берушіге қайтармады. Жұмыс берушіге  қызметкердің мәлімдемесінсіз артық соманы ұстап қалуына бола ма?

Жауап: Қызметкердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы қарызын төлеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу жұмыскердің жазбаша ескертуімен жұмыс берушінің актісі негізінде жүзеге асырылады.

№ 3 сұрақ: Бухгалтер қызметкерге артық жалақы аударды, келесі айда қызметкерден артық аударылған соманы ұстап қалды. Бухгалтердің ісі дұрыс па?

Жауап: Бұл жағдайда жалақыдан ұстау қызметкердің тек жазбаша келісімі бойынша ғана іске асырылады.