Жергілікті кәсіподақ төрағасы В. А. Цымбалюктің көшбасшылар жиынында сөз сөйлеу тезистері

Құрметті әріптестер!

«Төрағадан-төрағаға, тәжірибемен бөлісеміз» атты көшбасшылық жиынына қош келдіңіздер! Сіздерді осы жиында көргеніме шын жүректен қуаныштымын.

Қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты біздің бірлескен жұмысымыздың 10 айында бұл бетпе-бет форматтағы алғашқы кездесу. Талқылауға көптеген сұрақтар қойылды. Жиынның барлық қатысушыларына табысты әрі жемісті қарым-қатынас тілеймін!

Біздің кәсіподақ бірлестігінің төрағалары ретінде сіздерге жергілікті жерлерде кәсіподақ саясатын жүзеге асыру бойынша жауапты миссия тұр. Осыған байланысты сіздердің әрқайсыңыз кәсіподақтың мақсаттары мен міндеттерін нақты түсінулеріңіз және оны одан әрі дамытудың басымдықтарын көрулеріңіз қажет.

Жергілікті кәсіподақ құрылымы, даму басымдықтары

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы – 2018 жылы қоғамдық бірлестік конференциясында бекітілген Жарғы негізінде жұмыс істейтін, өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау үшін өндірістік-салалық қағидат бойынша құрылған тәуелсіз, дербес қоғамдық бірлестік.

Басқару шешімдерін қабылдау органы Кәсіподақ комитетінің алқалы органы болып табылады.

 Бүгінгі таңда Жергілікті кәсіподақ 20 филиалды, 698 бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіреді, олардың 32 мыңға жуығы кәсіподақ мүшесі бар, бұл облыстың білім беру саласы қызметкерлерінің жалпы санының 93%-ын құрайды (барлығы 34,9 мың қызметкерлер).

Бұған дейін жергілікті кәсіподақ құрылымында 9 өкілдік (Алтынсарин, Денисов, Жангелді, Қамысты, Науырзым, Сарыкөл, Б. Майлин, Ұзынкөл аудандары, Лисаков қ.) болған, қазіргі уақытта олардың барлығы филиалдар ретінде заңды тіркеуден өткен, бұл олардың кәсіподақ жұмысын жүргізуде тәуелсіздік пен жауапкершілік деңгейін арттыратыны сөзсіз.

Біздің кәсіподақ бірлестігі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіреді және сәйкесінше, біз Кәсіподақтар федерациясы жүргізіп отырған саясат контекстінде даму барысын анықтаймыз, оның негізгі бағдарлары 2020-2025 жылдарға арналған Іс-әрекет стратегиясында бекітілген.

Қазіргі кәсіподақтың негізгі міндеті қызметкерлердің мәдени іс-шаралары мен демалысын ұйымдастыру емес, әлеуметтік-еңбек қатынастарын, құқықтық қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау және т.б. мәселелерді шешуде кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету болып табылатынын түсіну маңызды.

Біздің мақсатымыз – өткізілетін іс-шаралар саны емес, олардың біздің мүшелеріміздің жекелеген санаттары үшін нақты барынша әсері.

Еңбек адамын қолдау іс-шаралары

Осыған байланысты, оқу жылының басынан бастап Жергілікті кәсіподақ білім беру қызметкерлерін қолдау бойынша бірқатар түрлі бағыттарда іс-шараларды жүзеге асырды.

  1. «Үйде оқуға көмектесеміз»: облыстың 53 көпбалалы педагогтар отбасы кәсіподақ бюджеті есебінен компьютерлермен қамтамасыз етілді.
  2. «Дені сау мұғалім»: COVID-19 ауруының ауыр түрімен ауырған 100-ге жуық білім беру саласының қызметкері кәсіподақ бюджетінің қаражаты есебінен «Жайлау» шипажайында денсаулығын қалпына келтірді.
  3. «Еңбек адамы»: облыстық деңгейде алғаш рет Еңбек күні қарсаңында техникалық және қызмет көрсетуші персоналдар қатарынан білім беру ұйымдарының 500-ге жуық қызметкерлері көптеген жылдар бойы адал еңбек атқарғаны үшін грамоталар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
  4. «Табысты педагог» және «Кәсіподақ белсендісі»: жоғары кәсіптік нәтижелерге қол жеткізген педагогтар, сондай-ақ кәсіподақ көшбасшылары кәсіподақ грамотасымен және санаторлық жолдамамен марапатталды.
  5. «Педагог – Ұлы Жеңістің құрдастары»: 2020 жылғы қазан айында 1945 жылы туған 78 педагог марапатталды,  әлеуметтік желілерде «Білім тұлғалары: педагог – Ұлы Жеңіс құрдасы!» атты рубрикасы шығарылды.
  6. «Бал-бала»: Жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған білім беру саласының 200-ден астам қызметкері-кәсіподақ мүшелері кәсіподақ сыйлығына ие болды.
  7. «Жас және келешегі зор қызметкер!»: Халықаралық әйелдер күні аясында жас кәсіподақ белсенділері үшін демалыс туры ұйымдастырылды (45 қатысушы).
  8. «Мәңгілік есте сақтаймыз! Мақтан тұтамыз!»: ынталандыру

және тәжірибе алмасу мақсатымен облыстың білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының мұражай жетекшілері үшін демалыс туры ұйымдастырылды (16 қатысушы).

  1. Жоғарыда аталған барлық акциялар жергілікті жерлерде дер кезінде жүзеге асырылып жатқанын атап өткім келеді, бұл, әрине сіздердің, филиалдар төрағаларының еңбегі. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады, сіздердің жауапкершіліктеріңізге және жылдамдықтарыңызға сенемін.

Қайырымдылық және әлеуметтік көмек қорының қызметі

Өмірлік қиын жағдайда қалған кәсіподақ мүшелеріне атаулы қолдау көрсету жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында 2020 жылғы 23 желтоқсандағы Кәсіподақ комитетінің шешімімен жергілікті кәсіподақ жанынан «Мейірім» қайырымдылық және әлеуметтік көмек қоры құрылды.

Қор ерікті негізде құрылды, қатысушылар- білім беру саласының бастауыш кәсіподақ ұйымдары. Қордың қаражатын Басқарма жүзеге асырады және бөлек бухгалтерлік есеп жүргiзiледi.

Бүгінгі таңда Қорға ерікті негізде облыстың білім беру саласының 200-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымы қосылды.

Алғашқылардың қатарында болып, қордың мүшесі болып табылатын Әулиекөл, Жангелдин, Қостанай, Қарасу аудандарын, білім берудің бастауыш кәсіподақ ұйымдарын атап өткім келді.

Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарын Қордың құрамына тарту бойынша жұмысты белсене түрде жалғастыру өте маңызды, өйткені бүгінде бұл кәсіподақ мүшесіне дереу және елеулі материалдық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін жалғыз  мүмкіндік, бұны жеке кәсіподақ ұйымының бюджеті қамтамасыз ете алмайды

Қор арқылы кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық көмек көрсетудің нақты мысалдары бар. Сонымен, осы жылдың сәуір айында Қор Басқармасының шешімімен Қарасу ауданының білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне 1,4 млн. теңге сомасында (12 қызметкерге 100 мың теңге, 7 қызметкер 30 мың теңге) тұрғын үйлер мен үй-жайды су басуына байланысты материалдық қолдау көрсетілді.

Кәсіподақ мүшелерін сауықтыру

Атаулы және максималды әсер ету биылғы жылы арулардың түрлерін ескере отырып ұйымдастырылған санаторлық-курорттық емделуге жаңа ыңғай негізінде жатыр.

Біз кәсіподақ мүшелерінің сырқаттануына мониторинг жүргіздік, бұл денсаулықты қалпына келтіру қажеттілігінің шынымен де айқын екенін көрсетеді: өңірдегі білім беру ұйымдарының 6,5 мыңға жуық қызметкері, бұл біздің кәсіподақ мүшелерінің әрбір бесінші мүшесі, түрлі созылмалы ауруларға шалдыққан.

Осыған байланысты еліміздің санаторлық-курорттық аудандарының ресурстық әлеуеті зерделенді, аурулардың түрлері бойынша сауықтырудың ең жақсы нұсқалары анықталды: бұл тірек-қимыл аппаратын,  жүрек-қан тамырларын, жүйке жүйесін және т.б. оңалтуға мамандандырылған «Қазақстан» шипажайы (Алматы қаласы), «Мерке» шипажайы (Жамбыл облысы) тыныс алу органдарына, омыртқа мен буын жұмысына жақсы әсер ететін радон және скипидар ванналарымен танымал, сондай-ақ медициналық қызметтер кешенін ұсынатын біздің «Сосновый бор» және «Жайлау» өңірлік денсаулық сақтау орталықтары.

2021 жылдың басынан бастап білім беру ұйымдарының 271 қызметкері жеңілдетілген кәсіподақ жолдамасы бойынша санаторлық-курорттық емделуден өтті (кепілдендірілген облыстық жеңілдік – 20%), 2020 жылдың 12 айымен салыстырсақ, өткен жылы 263 кәсіподақ мүшесі санаторийлерде денсаулығын жақсартты. Жаз мезгілінде бұл көрсеткіш екі есе артады, яғни санаторлық сауықтырумен 600-ге жуық жұмыскерді қамтылады.

Санаторлық-курорттық сауықтыруға арналған тізімдер сіздердің өтінімдеріңіз бойынша күнтізбелік жылдың басында қалыптастырылды.  Денсаулықтарын нығайтуды қажет ететін қызметкерлердің барынша қамтылуын қамтамасыз  ете отырып, өтінімдерді сапалы және уақтылы  жіберген Әулиекөл, Жангелді, Жітіқара, Қарабалық, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Ұзынкөл, Федоров аудандары, Арқалық, Лисаковск, Қостанай қалаларының филиалдары төрағаларының (төрайымдарының)  іске жауапкершілігі мен тәртіптілігін атап өткім келеді.

Әрине, сұраныс қолда бар мүмкіндіктерден асып түседі: мысалы, «Сосновый бор» шипажайында демалу үшін 156 өтініш келіп түсті, біз 35-ін қамтамасыз еттік. Кәсіптік одақтың барлық мұқтаж мүшелері үшін санаторлық-курорттық сауықтырумен бірден қамту мүмкін еместігін түсіну және халыққа түсіндіру маңызды. Ең бастысы, жұмыс жүргізіліп жатыр, бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Кәсіподақ мүшелерінің балаларын сауықтыруға келетін болсақ, жазғы лагерьлер жұмыс істеген жағдайда, балалардың демалысын қолдау шаралары жолдамаға жеңілдіктер беру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Кәсіподақтың қорғау функциясын және еңбек жағдайларын жақсарту

2020 жылғы желтоқсанда Кәсіподақтың қорғау функциясын іске асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақ арасында 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге қол қойылды.

Осы құқықтық акт Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелді (2021 жылғы 12 қаңтардағы №185), тиісінше өзінің жұмыс істеуі үшін барлық заңды өкілеттіктері бар.

2021-2023 жылдарға арналған келісімде алдыңғы келісіммен салыстырғанда облыстық білім беру саласындағы 35 мыңға жуық қызметкердің еңбек жағдайын жақсартатын 30-дан астам жаңа нормалар енгізілген.

Жергілікті кәсіподақ аппаратымен келісімді монетизациялау  жүргізілді, бұл кәсіподақ мүшесі  болып табылатын қызметкерлер үшін келісімде бекітілген әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің  жеткілікті материалдық артықшылықтарын куәландырады.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Т. Дәулеталин ағымдағы жылдың ақпан айында өткен кездесу барысында Жергілікті кәсіподақтың қызметкерлерге әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша жұмысына жоғары баға беріп, еліміздің кәсіподақтарына оң тәжірибені таратуға шақырды.

Біз кәсіподақ мүшелеріне Келісім нормаларын түсіндіру бойынша орасан зор жұмыс атқардық: мақалалар өңірлік газеттерде жарияланды, «Алау» телеарнасында арнайы шығарылым жарияланды, біздің әлеуметтік желілердің беттерінде жарияланымдардың тұтас топтамасы жарияланды, Келісімнің толық мәтінін біздің ресми сайтымыздан жүктеуге болады (https://lprofedu.kz/).

Сонымен қатар, білім беру мекемелері 2021-2023 жылдарға арналған облыстық білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісіммен емес, 2021-2023 жылдарға арналған салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу жөніндегі әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімді басшылыққа алған жағдайлар орын алып отыр, сәйкесінше біздің келісімде бекітілген нормалар жекелеген ұйымдарда орындалмайды. Мұндай фактілерге жол берілмейді.

Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының құрамына кірмейтінін түсіну маңызды, сондықтан салалық келісімнің нормалары біздің қызметкерлерімізге қолданылмайды.

Осыған байланысты, құрметті әріптестер, жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын күшейту, еңбек ұжымдарымен бетпе-бет кездесулер ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу қажет.

Құқықтық қолдау

Кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету болып табылады.

2020 жылғы қарашадан бастап Жергілікті кәсіподақтың қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді, оған 6 ай ішінде (2020 жылғы қараша – 2021 жылғы сәуір) еңбек заңнамасының құқықтық нормаларын түсіндіруді талап ететін 1550-ге жуық өтініш келіп түсті. 950-ден астам шағым бойынша кәсіподақтың араласуынан кейін жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуы жойылды.

Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру үшін жалпыға бiр құқықтық оқыту мектебі жұмыс iстейтiн, Instagram және Facebook әлеуметтiк желiлерiнде «Құқықтық бiлiмнің виртуалды мектебі» жобасы iске асырылуда. Жергілікті кәсіподақтың әлеуметтік желі беттерінде 6 мыңға жуық жазылушылары бар.

Осы ретте бұл жұмыс та күшейтуді талап етеді, себебі 6 мың жазылушы біздің кәсіподақ мүшелерінің әрбір бесінші мүшесі болып табылады. Қызметкерлерге біздің аккаунттарға жазылудың артықшылықтарын түсіндіру қажет, онда олар еңбек қатынастары туралы сұрақты тікелей қойып, білікті жауап алу мүмкіндігіне ие болады. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылуды жандандыру бойынша жұмысты тапсырамын.

Еңбек дауларын сотқа дейін шешудің маңызды құралы білім басқармасы, қалалық/аудандық және білім беру бөлімі деңгейінде жұмыс істейтін келісу комиссиялары болып табылады.

ҚР ЕК-нің 159-бабының 8-тармағына сәйкес келісу комиссиясының мүшелері жыл сайын оқудан өтуге міндетті. Республикада мұндай курстарды Алматыда шамамен 300 мың теңгеге ұсынады.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың сәуір айында Жергілікті кәсіподақпен облыстың білім беру мекемелерінің келісу комиссиясының 400-ден астам мүшелері үшін «Келісу комиссиясы. Еңбек дауларын шешу тәртібі» атты тегін курсын өткізу басшылыққа  алынды және өткізілді.

Келісу комиссияларының қалған мүшелерін оқытуды каскадтық әдіспен сертификатталғандар жүзеге асырады.

Қоғамдық қабылдау басшысы Нина Владимировна Суворовамен курстарға арналған инструментарийі әзірленді.

Теория біздің сайтымызда (lprofedu.kz) «Кәсіподақ активінің мектебі» бөлімінде (орыс және қазақ тілдерінде) орналастырылды. Практикалық жұмысты ұйымдастыру үшін жауаптары бар «Тесттер, тапсырмалар, хаттамалар және шешімдер материалдар жинағы» ұйымдардың түрлері бойынша жеке дайындалды.

Сондай-ақ, Жергілікті кәсіподақ аппаратымен кәсіподақ көшбасшыларына көмек көрсету мақсатында «Кәсіподақ алгоритмдері» және «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар» (ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында тиісті ISBN нөмірі беріле отырып,  тіркелген) жинақтары әзірленді, олар барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарына тегін берілді.

 Цифрлық кәсіподақ

Кәсіподақ жұмысының басым бағыттарының бірі ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету болып табылады.

Осы мақсатта бастауыш кәсіподақ ұйымдарын «Smart Kasipodaq Yntymaq» порталында тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл цифрлық қызмет кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ ұйымының жұмысын бақылауға, онлайн-заң көмегін алуға тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге және т.б. мүмкіндік береді.

Бұл біздің бастамамыз емес, Қазақстанның Республикасы Кәсіподақтар федерациясының саясаты екенін түсіну маңызды. Алайда бұл жұмыстың маңыздылығын жекелеген филиалдардың төрағалары қабылдамайды.

Ағымдағы жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша Әулиекөл, Жангелді, Қамысты, Қарабалық, Меңдіқара, Наурзым, Б. Майлин, Федоров аудандарының, Арқалық және Қостанай қалаларының білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдары толық тіркелген.

Ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін ҚР Кәсіподақтар федерациясының тапсырмасына сәйкес, біз тіркеуді аяқтауымыз керек, осыған байланысты 31 мамырға дейін бұл жұмыс жергілікті жерлерде  аяқталуы тиіс. Мен сіздердің әрқайсыларыңыздан 31 мамырда атқарылған жұмыстар туралы есеп беруді күтемін.

2021 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру

Жергілікті кәсіподақтың 2021  жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыруға қатысты. Бұл құжат кәсіподақ комитетінің 2020 жылдың желтоқсанындағы қаулысымен бекітілген, жоспар  жобасы біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларда талқыланды, кәсіподақ мүшелерінен келіп түскен барлық ұсыныстар ескерілді.

Жоспардың орындалуы белгіленген мерзімдерге сәйкес толық көлемде жүзеге асырылуда.

Қалалар мен аудандардың облыстық жарыстарға қатысуы туралы мыналарды атап өтемін: Байқауға қатысудың 100%-ын («Үздік техникалық инспектор», «Үздік жас көшбасшысы», «Үздік БКҰ», «Менің тамаша кереметім» фотобайқауы) Әулиекөл, Қостанай, Ұзынкөл аудандары, Қостанай және Рудный қалалары қамтамасыз етті. Денисов, Қарасу, Наурызым, Б. Майлин аудандары, Лисаков қаласы өткізілген байқаулардың бір де біріне қатыспады.

Еске сала кетейік, байқауға қатысу рейтинг критерийлерінің бірі болып табылады.

Рейтингтік бағалау

Ағымдағы жылы филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін рейтингтік бағалау қорытындысы шығарылады. Ережесі әзірленген, Кәсіподақ комитетімен бекітілген және сіздердің назарларыңызға жеткізіліп, біздің сайтта орналастырылды.

Бұл ретте, егер БКҰ арасында рейтингке қатысу ерікті негізде болса, филиалдардың рейтингтік бағалауға қатысуы міндетті болып табылады.

Әзірленген рейтингтік бағалау қызметтің 52 шарттылық (25) және нәтиже (27) көрсеткішін қамтиды. Бұл механизм нәтижеге қол жеткізу үшін қолда бар ресурстарды қаншалықты пайдаланылатынын көруге мүмкіндік береді.

Яғни, рейтинг нәтижелері қандай өңірлерде жүйенің пысықталғанын және қай жерлерде жұмыс жеткіліксіз деңгейде жүргізілгенін нақты көрсетеді. Рейтинг қорытындысы бойынша жеңімпаздар  марапатталады.

Құрметті әріптестер! Жаздың, демалыстар уақытының басталуына аз уақыт қалды. Биыл сіздердің демалыстарыңыздың әрқайсысы 56 күнтізбелік күнге дейін ұзартылды. Сіздерге жақсы демалыс тілеймін және жаңа оқу жылында сіздердің әрқайсыларыңыздан сапалы және жемісті жұмысты күтемін.

 

Назарларыңызға рахмет!