«Кәсіподақ -армандар орындалады» ЕРЕЖЕ

 

 

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің

2023 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 3 хаттамасымен бекітілген.

«Кәсіподақ -армандар орындалады»

атты кәсіподақ үгітбригадаларының  ІІІ облыстық байқау-конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелері.

  • Байқау-конкурсы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ филиалдарының жас кәсіподақ мүшелері арасында өткізіледі.
  • Филиалдарда командалардың қалыптастырылуы жастармен жұмыс жөніндегі Кеңеске жүктеледі.
  • «Кәсіподақ -армандар орындалады» атты кәсіподақ үгітбригадаларының ІІІ облыстық байқау-конкурсына қатысуға командаларды қалыптастыру және дайындаудың жалпы башылығы филиалдардың төрағаларына жүктеледі.

 

ІІ. Конкурстың мақсаты мен міндеттері.

  • Кәсіподақтың білім беру ұйымдарындағы жас қызметкерлердің еңбек құқығы мен әлеуметтік-экономикалық мүддесін қорғау, шығармашыл және лайықты жұмыс бойынша қызметтерін, мақсаты мен міндеттерін насихаттау. Жұмыс істейтін жастар арасында үгітбригада қозғалысының тиімділігін жетілдіру және арттыру.
  • Жұмыс істейтін талантты жастарды айқындау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау.
  • Белсенді кәсіподақ ұстанымын қалыптастыру.
  • Кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ қозғалысына деген қызығушылығын ынталандыру.
  • Кәсіподақ мүшесі болуға үгіттеу.
  • Жұмыс істейтін жастар арасында кәсіподақтың оң имиджін қалыптастыру.

 

ІІІ. Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары.

3.1. Конкурс 2024 жылғы мамыр айында өткізіледі,  қатысушыларға өткізу орны мен уақыты конкурс басталуына дейін 10 күн бұрын хабарландырылады.

3.2. Үгіт бригада құрамы-10 адамнан артық емес.

3.3. Бірыңғай командалық киім үлгісі (униформа, кепка, белгіше, таңғыш белгі, эмблема және т.б.).

3.4. Сөйлеу уақыты 10 минуттан аспауы керек.

3.5. Сөйлеу команданың визиттік карточкасы және конкурс тақырыбына сәйкес жастарға үндеу ретінде үгітбригаданың ұранынан тұрады.

3.6. Сөйлеуде жастардың құқығы мен мүдделерін қорғау бойынша ұйымның қызметі, кемшіліктері көрсетіледі,  еңбек адамын жариялау, қорғау функцияларын іске асыру бойынша кәсіподақ қызметінің мүмкіндіктері мен резервтері ашылады.

3.7. Үгіт-насихат көрнекілік материалдарын, жоғары сападағы өзекті  бейне және аудио  материалдарын қолдану.

3.8. Үгітбригада қойылымдарын әзірлеу үшін қатысушылар ертегілер, пьесалар, мюзиклдар, әдеби шығармалар және т.б. сюжеттерді негізге алуға болады, кәсіподақ ұйымының өмірінен «тарихтар», өлеңдер, лозунгтар, миниатюрлар, монологтар, диалогтар,  бәріне танымал әуенге өлеңдер,ойлап табуға, қойылымда хореографиялы, вокалдық және театрландырылған нөмірлер  қосуға болады.

3.9. Музыкалық және бейне сүйемелдеу болған жағдайда – фонограммалар мен бейнероликтер ұйымдастыру комитетіне конкурстың басталуына 3 күн қалғанда әр музыкалық және бейнеролик фрагменті енгізілген орындар белгіленген сценарий мен бірге ұсыну керек.

3.10. Конкурсқа қатысушылар  қатысу өтінімін конкурсты өткізу күні хабарланғаннан кейін кемінде 5 күн өткен соң тапсыруы тиіс.

 

  1. Көріністерді бағалау критерийлері:

4.1. Конкурс тақырыбына сәйкестігі

4.2. Жалпы орындау мәдениеті.

4.3. Орындалудағы үгіттік деңгей және оның өзектігі.

4.4. Көріністің үгітбригада жанрына сәйкестігі

4.5. Орындалуда түрлі жанрларды қолдану.

4.6. Қойылымның идеялық-көркем ерекшелігі.

4.7. Бағдарламаның тұтастығы есепке алынады.

4.8. Үгітбригада қатысушыларының сахналық шеберлігі

4.9. Үгітбригада қатысушыларының вокалдық және би шеберлігі

 

4.10. Кәсіби жұмыстың дыбыстық және микрофонмен орындалуы

4.11. Ұсыну формасының материалдар мазмұнына сәйкестігі.

4.12. Үгітбригада қатысушыларының формасы (сыртқы түрі)

4.13. Кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын тарту.

4.14. Қойылымдарда көрнекілік және бейне материалдардың болуы.

4.15. Сценарийдің бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігі.

 

V.Жеңімпаздарды анықтау және қатысушыларды марапаттау.

5.1. «Үздік кәсіподақ үгітбригадасы» – конкурс қорытындысын қазылар алқасы жүргізеді.

– «Кәсіподақ ынтымақтастығы»;

– «Тақырыптың театрландырылған шешімі»;

– «Үздік музыкалық ұжым»;

– «Орынды  сатира мен жеңіл әзіл»;

– «Үздік кәсіподақ насихаттаушысы»

– «Тамаша қойылым»;

– «Көрнекілік үгітті тиімді қолдану»;

– «Жаңа буын кәсіподақты таңдайды»;

– «Армандарды жүзеге асыратын кәсіподақ»;

– Кәсіподақ -менің жүрегімдесің!»;

– «Жалын, қуат, әсемдік-міне біздің номинация!»

– «Мен кәсіподақты жақсы көремін, және бұл екі жақты бірдей»;

– «Конкурстың кәсіподақ тақырыбын жақсы ашқаны үшін»;

– «Үздік сахналық ұжым».

Номинациялар саны және олардың  атауы конкурсты өткізген күні қазылар алқасымен анықталады.

5.2. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және  сыйақымен марапатталады.

 

  1. Конкурсқа башылық ету.

Конкурсқа басшылық етуді және оны өткізуді ұйымдастыру комитеті іске асырады, «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ қалыптастырады. Ұйымдастыру комитеті конкурсты өткізу орнын, қазылар алқасы құрамын қалыптастырады.

 

 

 

1 қосымша

Қатысуға өтінім.

  1. Филиалдың толық атауы.
  2. Төрағаның аты-жөні.
  3. Команда аты.
  4. Командадағы адамдар саны.
  5. Үгітбригада басшысының аты-жөні, байланыс телефоны.