Құрметті әйелдер қауымы!
Көктемнің тамаша мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне байланысты жүректен шыққан алғыс, құрмет пен ризашылық сөздерімді қабыл алыңыздар.
Сіздер, біздің әлемді сұлулықпен және өмір энергиясымен толтырып, оны нәзіктік және рухани жылумен жылытып, күлкі нұрымен жарықтандырасыздар.
Сіз әлемге жаңа ерекше өмір үмітін артып, оны балалар бойына сіңіресіз.
Сіздердің бәріне үлгіре алатындығыңызға, ошақ жайлылығын сақтау және елеулі еңбек табыстарына жету, балаларды тәрбиелеу және қоғамдық жұмыстармен айналысу – сонымен бірге нәзіктігіңіз бен көрікті қалыпты сақтап қалуларыңызға таңдана қараймыз.
Қоғамның көптеген салаларында, соның ішінде білім саласында әйел азаматтардың еңбегін ешкім айырбастай алмайды.
Қостанай облысының білім ұйымында 28 мыңнан астам әйел азаматтары қызмет етеді, бұл жалпы қызметкерлер санының 80 % құрайды. Олар: педагогтар мен кітапханашылар, медицина қызметкерлері мен бухгалтерлер, зертханашылар мен аспаздар, вахтерлер мен техникалық қызметкерлер.
Сіздің еңбексүйгіштікіңіздің, жоғары кәсібилігіңіздің, үлкен шыдамдылықпен және күнделіктегі тұрмыстағы тәжірибелеріңіздің арқасында біздің білім беру орындарында жайлы білім орта құрылады, ал балалар сапалы білім алады.
Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымдарында да басым көпшілігі әйел қызметкерлер: біздің кәсіподақ бірлестігіндегі бастауыш кәсіподағының 93%-дан астамын адамзаттың әсем жаратылысы әйел азаматтар өкілі басқарады. Құрметті әйелдер қауымы, адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін рахмет!
Осы мереке күндері облыстың барлық білім беру ұйымдары еңбекте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген әйелдерге, білім беру ардагерлеріне, көп балалы аналарға, кәсіподақ белсенділеріне құрмет көрсетеді.
8 наурыз мерекесіне орай Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бастамасымен «Жас және келешегі зор қызметкер» акциясы аясында кәсіптік жетістіктері бар 45 жас қыз-келіншектер -кәсіподақ мүшелері демалыс күндеріне «Жайлау» шипажайына демалыс турымен марапатталды.
Аяулы әйелдер қауымы!
Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін. Барлық армандарыңыз орындала берсін!
Сіздердің үйлеріңіз әрдайым жылылыққа, сүйіспеншілікке және түсіністікке толы болсын! Бақытты болыңыздар!
Құрметпен,
«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы
Василий Цымбалюк.