Құрметті ханымдар!

Сіздерді құрмет пен ризашылыққа толы Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Сіздер біздің әлемге жақсылық пен сұлулық, жарық пен үміт әкелесіздер, шабыт пен қуаныш сыйлайсыздар, жайлылық пен келісім жағдайын жасайсыздар, шексіз махаббат пен нәзік қамқорлық жылылығын танытасыздар.

Біздің өміріміздің бастауы, оның балалардағы жалғасы – Сіздер, қымбатты ханымдар.

«Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп қазақ даналығы бекер айтпаса керек, мұнымен келіспеу қиын.

Біз, ер адамдар, сіздердің барлық іс-әрекеттерге үлгіре алатындарыңызға, мамандықта биік белестерді бағындырып, ошақтың жайлылығын сақтау, балаларды тәрбиелеу және қоғамдық жұмыстармен айналысу, сонымен қатар нәзік, жарқын, сүйкімді болып қала берулеріңізге таңдана қараймыз.

Сіздердің еңбексүйгіштіктеріңіздің, жоғары кәсібилігіңіздің, үлкен шыдамдылығыңыз бен әлемдік даналығыңыздың арқасында біздің оқу орындарында жайлы орта қалыптасып, балалар сапалы білім алады. Әрқайсыңызға, мұғалімдер мен кітапханашылар, бухгалтерлер мен медицина қызметкерлері, аспазшылар мен зертханашылар, вахтерлер және басқа да қызметкерлерге үлкен рахмет.

Кәсіподақ құрамының басым көпшілігін әйелдер қауымы құрайды: біздің кәсіподақ бірлестігінің 90%-дан астамын адамзаттың әдемі жартысының өкілдері басқарады.

Құрметті ханымдар, адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін рахмет!

 

Аялы ханымдар!

 Осы мерекелік күні сіздерге зор денсаулық, көктемгі тамаша көңіл-күй, жағымды тосын сыйлар, құпия тілектеріңіздің орындауын тілеймін!

Әр күн жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен қамқорлығына толы болсын және тек жақсы жаңалықтар әкелсін, қуанышты күлкіге себептер көп болысын.

Үй-ішінде әрдайым жылулық лебі, жайлылық және өзара түсіністік әлемі орнасын! Сүйікті де бақытты болыңыздар!

Құттықтаймын!

Құрметпен,

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы»ҚБ төрағасы

Василий Цымбалюк