Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Құрметті

Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!

Біздің Тәуелсіз еліміздің мерейтойына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Дәл осыдан тура үш онжылдық бұрын, 1991 жылдың 16 желтоқсанында әлем картасында жаңа егеменді мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды.

Тарихи өлшеммен алғанда осындай қысқа мерзім ішінде еліміз қиын жолдан өтіп, тіршіліктің барлық саласында елеулі істер атқарды. Қазіргі Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз ететін және табысты, әлемдік аренада берік беделге және лайықты құрметке ие.

Ал мемлекеттің қалыптасуының әр кезеңінде ең басты назарда  Еңбек адамы, оны қорғау және қолдау болғаны және де болып қала беретіні маңызды.

Осы орайда Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерін шешуге, қызметкердің лайықты еңбек ету құқығын нақты істермен қорғауға белсене араласып келе жатқан кәсіподақтардың рөлін атап өтпеске болмайды.

Кәсіподақтардың қатысуымен 90-шы жылғы қиындықтар еңсерілді, ол кезде айлар бойы жалақы төленбеді, барлық жерде балабақшалар мен мектептер жабылды, әлеуметтік-еңбек қақтығыстары болды. Тәуелсіздік құрдастарына қазір ондай заман кезеңдері таныс емес.

Бүгінде біз облыста және бүкіл ел бойынша білім беру ұйымдары желісінің қаншалықты қарқынды дамып, ауқымды білім беру жобалары іске асырылып, инновациялар енгізіліп жатқанын көріп отырмыз.

Көп жағдайда кәсіподақтардың арқасында тәуелсіздік жылдарында елде еңбек қатынастарын реттеудің тиімді құқықтық тетігі құрылды, жалақы жүйесі жетілдірілуде.

Бірақ, ең бастысы, біз отыз жыл бойы бір отбасы ретінде ынтымақ пен бірлікті, бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, осы ұзақ жолдан өте алдық. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды жетістігі.

Құрметті әріптестер!

 Осы мерекелік күнде Сіздергеге, туыстарыңыз бен достарыңызға мықты денсаулық пен ұзақ өмір, тұрақтылық пен игілік, жылылық пен бақыт тілеймін!

Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында достық, бейбітшілік пен келісім нығая берсін!

 

Құрметпен,

«Қостанай облысы білім және

ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

төрағасы Василий Цымбалюк