«Мұғалімдер бөлмесі – жайлылық алаңы» – осындай атаумен әлеуметтік әріптестік жылы бастауыш кәсіподатар арасында облыстық конкурс өтті.
Жұмыс пен демалыс үшін сапалы жағдай жасау – мамандардың жоғары жұмыс қабілеттілігін арттыру кепілі екені даусыз.
Қызметкерлердің демалу үшін бір кесе хош иісті шай ішуге, тыныштықтан ләззат алуға немесе әріптестерімен жайлы атмосферада кез-келген перспективалық идеяларды талқылау мүмкіндігінің болуы өте керемет.
Мұндай жағдайлар әлеуметтік әріптестік берік, сенімді, адал болған ұйымдарда жасалады.
Құзыретті қазылар алқасының шешімімен конкурс қорытындылары:
1 орын – Әулиекөл ауданының Ш. Шаяхметов ат. Сұлукөл мектебі
2 орын – Ұзынкөл ауданының білім бөлімі
3 орын – Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі.
3 орын – Федоров ауданының Камышин мектебі
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз және де әрине, қолдау көрсетіп, осындай қолайлы жұмыс жағдайларын жасайтын әлеуметтік әріптестер – білім беру ұйымдарының директорларына алғыс айтамыз!