«Кәсіподақтың үздік ақпараттық ресурсы» байқауы туралы ЕРЕЖЕ

 

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің

2023 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 3 хаттамасымен бекітілген.

 

 

«Кәсіподақтың үздік ақпараттық ресурсы» байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережесі

 

  1. Осы ереже «Кәсіподақтың үздік ақпараттық ресурсы» (бұдан әрі – Конкурс) байқауын өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
  2. Байқауды ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы  білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі – Кәсіподақ).
  3. Байқау мақсаттары, міндеттері, қатысушылары

 

  1. Байқаудың мақсаты ақпараттық ресурстарды құру бойынша, кәсіподақтың үздік тәжірибесін анықтау, қызметкерлердің құқығы мен мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақ қызметін насихаттау болып табылады.
  2. Байқау міндеттері:

– Кәсіподақ филиалдары және  мүшелік ұйымдарының  кәсіподақ қызметін жан-жақты және объективті жариялауға  уәждемесін арттыру;

– Кәсіподақтың оң имиджін қалыптастыру және оның қызметін насихаттау;

– кәсіподақ мәселелерін ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік желілерде жариялау  бойынша кәсіподақ жұмысының озық тәжірибесін жинақтау, тарату және  көтермелеу.

  1. Байқауға қатысушылар – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ филиалдары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары.
  2. Байқауды өткізу шарттары және тәртібі
  3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басшылық функциялары, байқауды өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау, сондай-ақ Конкурсқа байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
  4. Байқауға қатысу үшін Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес өтінімді толтыру қажет.
  5. Байқауға қатысуға өтінімдер байқау жылының 10 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) электрондық нұсқада қабылданады. Байқауға ұсынылатын сілтемелер жұмыс істеуі және тіркелмей қол жетімді болуы тиіс, Байқауға қатысушылардың байланыс ақпараты өзекті болуы тиіс.
  6. Өтінімді жіберуге арналған электрондық мекенжай:lprofedu@mail.ru
  7. Байқауға қатысушы байқау материалдарына авторлық құқықтың сақталуына жауапты болады.
  8. Бағалау критерийлері

– мазмұны (әр түрлі бағыттарда кәсіподақ  қызметін қамтитын түрлі айдарлардың, ресми құжаттардың, жаңалықтардың, заң консультацияларының болуы);

– аудиторияның сұранысы;

-жарияланым қызметінің тұрақтылығы;

– дизайнның өзіндік ерекшелігі (заманауилығы).

 

  1. Қорытындылау
  2. Ұйымдастыру комитеті 2024 жылғы 25 қыркүйекке дейін  мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және байқау жеңімпаздарын  екі номинация бойынша анықтайды:

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ филиалдары арасындағы үздік ақпараттық кәсіподақ ресурсы»;

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында үздік ақпараттық кәсіподақ ресурсы».

  1. Байқау қорытындылары Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күні – 2024 жылғы 10 қазанда жарияланады.
  2. Байқау жеңімпаздары Кәсіподақ грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үздік ақпараттық кәсіподақ ресурсы» байқауын өткізу туралы ережеге қосымша

 

Байқауға қатысуға өтінім

 

Кәсіподақ филиалының/бастауыш ұйымының атауы: ____________________________________________________________________

 

Кәсіподақ аккаунтына гиперссілтеме (тікелей сілтеме):

____________________________________________________________________

 

Аккаунтты жүргізу тұжырымдамасы (қысқаша):

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Электрондық мекен-жай: ___________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________