Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің ел үшін бұл мерекенің тарихи мәні ерекше.

1991 жылғы 1 желтоқсанда, дәл осыдан 30 жыл бұрын, бірінші жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті болып сайланды, оның егеменді  Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы аса көрнекті еңбегіне баға беру қиын.

Елбасының көреген және терең ойластырылған реформаларының арқасында біздің еліміз барлық салаларда, соның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында да орасан зор өзгерістерге ұшырады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Кәсіподақтар туралы» жаңа Заң қабылданды, ол  қазақстандық кәсіподақтар қозғалысын жаңғыртудың, еліміздегі кәсіподақтардың сындарлы рөлін нығайтудың тиімді құралына айналды.

Ең бастысы, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың егеменді Қазақстанның қалыптасу жолындағы әрбір қадамы мәңгілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Міне, бүгін  Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығының қарсаңында Елбасы еліміздің одан әрі дамуының негізгі бағдарларын айқындады. Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, туған жер, отбасы мен дәстүр, ұлттық мәдениет, білім мен еңбек, прагматизм – ғасырлар даналығы мен халқымыздың күш-қуатын қамтитын мемлекеттіліктің жеті тірегі.

 Құрметті әріптестер!

Осы мереке күні Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық пен ұзақ өмір, бейбітшілік пен бақ-береке және сүйікті Отаныңыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа еңбек жетістіктерін тілеймін!

 

Құрметпен,

Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағының төрағасы

В. Цымбалюк