Бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ереже

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Конференциясымен БЕКІТІЛГЕН

№1 хаттама «10» қазан  2018 жыл

 

 

 

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің бастауыш ұйымы туралы  

ЕРЕЖЕ

 

1 бап. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

  • «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің бастауыш ұйымы туралы Ереже ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 15 б. 2 т. және «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы»ҚБ Жарғысына сәйкес әзірленген.
  • Бастауыш ұйым – нақты ұйымда және осы ұйымның қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы Кәсіподақтың және оның тиісті аумақтық ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып есптеледі.

  • Бастауыш кәсіподақ ұйымы жиналыста білім және ғылым мекемесінің қызметкерлерімен, кемінде үш кәсіподақ мүшесі болғанда құрылады.
  • Бастауыш кәсіподақ ұйымы Кәсіподақ ережесі, кәсіподақтың мүшелік ұйымының Жарғысы, осы Ереже, кәсіподақтың өзге де құқықтық актілері негізінде әрекет етеді, өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдылығын, Кәсіподақтың және ның тиісті аумақтық ұйымдарының басшы органдарының шешімдерін басшылыққа алады.
  • Бастауыш кәсіподақ ұйымы өз қызметінде мемлекеттік билік органдарынан, жұмыс берушілерден және бірлестіктерінен, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз, оларға есеп бермейді және бағынышты емес. Олармен қарым-қатынасты өзара әлеуметтік әріптестік, серіктестік пен диалог негізінде құрады.
  • Білім беру және ғылым жүйесінің бір ұйымында біреуден артық бастауыш ұйымы құрыла алмайды.

 

  1. Кәсіподақтың облыстық (қалалық, аумақтық) ұйымы ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері:

2.1.1. кәсіподақ мүшелерінің жеке және ұжымдық әлеуметтік-еңбек, кәсіби,  экономикалық және өзге де құқықтары мен мүдделеріне өкілеттік ету және қорғау;

2.1.2. Кәсіподақтың және оның еңбек ұжымындағы мүшелік ұйымдарының міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.

2.2. Бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі принциптері:

2.2.1. шешім қабылдауда «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бастауыш ұйымы туралы  ережесіне басымдық беру;

2.2.2. кәсіподаққа кіру мен оның қатарынан шығу еріктілігі, кәсіподақ мүшелерінің құқылары мен міндеттерінің теп-теңдігі;

2.2.3. кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелері алдындағы жарғылық мақсат-міндеттерін жүзеге асырудағы ынтамақтастығы, өзара көмек-қолдауы мен жауапкершілігі;

2.2.4. кәсіподақ ұйымдарының, сайланбалы кәсіподақ органдарының  жұмысындағы алқалылық пен олардың құрамына сайланған белсенділердің жеке жауапкершілікте болуы;

2.2.5. кәсіподақ ұйымдары мен сайланбалы кәсіподақ органдарының жұмысындағы жариялылық пен ашықтық;

2.2.6. шешім қабылдағанда әрбір кәсіподақ мүшесінің пікірін құрметтеу;

2.2.7. кәсіподақ органдарының құзырет шеңберінде қабылданған  шешімдерінің орындау міндеттілігі;

2.2.8. кәсіподақ органдарының сайланбалығы және олардың кәсіподақ мүшелері алдындағы есептілігі;

2.2.9. қаржылық және атқарушылық тәртіптің сақталуы.

 

  1. БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

3.1. Кәсіподақтың бастауыш ұйымының құқықтары:

3.1.1. кәсіподаққа қабылдауды және одан шығаруды жүзеге асырады;

3.1.2. жоғары тұрған тиісті кәсіподақ органдарына өз өкілдерін  жолдауға, оларды кері шақыруға және  алмастырады;

3.1.3. жоғары тұрған тиісті кәсіподақ органдарының қарауына ұсыныстар  мен құжаттар жобаларын енгізуге, олардың қаралу нәтижелері  бойынша ақпарат алады;

3.1.4. кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қорғау туралы жоғары тұрған кәсіпода органдарына ұсыныстармен қайырылады;

3.1.5. ұжымдық келіссөздер жүргізуде, ұжымдық шарттар жасау мен өзгертуде, оның орындалуына  бақылау жүргізуде қызметкерлердің мүддесін танытады;

3.1.6. Кәсіподақтың тиісті ұйымының  қызметінекелісімдерді әзірлеу мен жасауға;

3.1.7. Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымының жетекшілеріне үміткерлер бойынша ұсыныстар жасайды;

3.1.8. заңдылықпен және кәсіподақ құжаттарымен көзделген тәртіппен кәсіподақ мүлігін пайдаланады;

3.1.9. Кәсіподақтың  тиісті аумақтық ұйымдарының мүмкіндіктерін кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін оқытуға пайдаланып, өз қызметіне қажетті ақпарат алады және таратады;

3.1.10. Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымына бұқаралық акциялар, оның ішінде митингтер, шерулер, демонстрациялар мен пикеттер ұйымдастыру, сондай-ақ Кәсіподақтың бастауыш ұйымымен өткізілетін ұжымдық әрекеттерге қолдау көрсету туралы ұсыныстармен шығады;

3.1.11. Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымына өз қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпарат, кеңестер, көмек пен қолдау алу үшін қайырылады;

3.1.12. жоғары тұрған кәсіподақ органдарына кәсіподақ мүшелерін марапаттау, мадақтау туралы ұсыныстар енгізеді.

 

3.2. Бастауыш кәсіподақ ұйымының міндеттері:

3.2.1. кәсіподаққа қамту мен тарту жұмысын жүргізеді;

3.2.2. Кәсіподақ Жарғысын, Кәсіподақтың аумақтық ұйымының  Жарғысын, кәсіподақ органдарының, өз құзыреті аясында, қабылдаған шешімдерін орындайды;

3.2.3. ұжымдық шарт әзірлейді және жасайды, оның орындалуын бақылайды, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі келісімдерді жасайды және орындалуын бақылауға септік етед;

3.2.4. кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда ынтамақтастық танытып, кәсіподақтың ұжымдық әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;

3.2.5. «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Жарғысымен белгіленген тәртіп, мерзім мен мөлшерге сәйкес кәсіподақ ұйымының қызметін ұйымдастыруға қаржы аударумен байланысты шешімдерді орындайды және қаржы тәртібін сақтайды;

 

3.2.6. жұмыс берушілердің мүшелік жарналарды мезгілінде әрі толыққанды аударуына бақылау жүргізеді;

3.2.7. жоғары тұрған тиісті кәсіподақ органдарына статистикалық  мәліметтер, қаржы есептілігі мен жоғары тұрған кәсіподақ органдарымен бекітілетін нысандар бойынша өзге де ақпаратты беріп тұрады;

3.2.8. жиналыс (конференция), сайланбалы алқалы кәсіподақ органдарының қарауына жоғары тұрған кәсіподақ орагандарымен ұсынылған  сұрақтарды енгізеді;

3.2.9. Кәсіподаққа, кәсіподақ ұйымдарына нұқсан мен залал келтіретін әрекеттерге жол бермейді.

 

 

 

  1. ҚҰРЫЛЫМ, ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ САЙЛАУ

 

4.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бастауыш ұйымының ережесіне, «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Жарғысына сәйкес өзінің ұйымдық құрылымы мәселелерін  шешеді.

4.2. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы есеп беру мен сайлау үш жылда кемінде бір рет өткізіледі.

4.3. Есеп беру-сайлау жинлысын шақыру күні мен күн тәртібі хабарланады:

4.3.1. кәсіподақ топтарындағы  жиналыстар – кемінде 10 күн бұрын;

4.3.2. бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жиналыстары – кемінде 15 күн;

4.4. Тексеру-бақылау комиссиясын сайлау, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау, кәсіподақ комитетін сайлаумен бір уақытта, бір мезгілде жоғары тұрған кәсіподақ органымен белгіленетін, ал кәсіподақ топтарында – кәсіподақ комитетімен белгіленетін,  кәсіподақ комитетін сайлауымен бір мезгілде бір мерзімге жүргізіледі.

4.5. Бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ ұйымдарының есебі жылына 1 рет  болады.

4.6. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру-сайлауды өткізу тәртібі «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігініңұйымдарыда есеп  беру – сайлауды дайындау мен өткізуге арналған  Нұсқаулықпен белгіленеді.

 

  1. БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ОРГАНДАРЫ, ОЛАРДЫ ЖАСАҚТАУ ТӘРТІБІ, ҚҰЗЫРЕТІ МЕН ӨКІЛЕТТІК МЕРЗІМІ

 

5.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарынцың органдары болып:

Жоғарғы басшы орган – Жиналыс;

Сайланбалы алқалы тұрақты жұмыс жасайтын басшы орган – Кәсіподақ комитеті (ары қарай – Комитет);

– сайланбалы дербес атқарушы орган – бастауыш кәсіподақ ұйымының Төрағасы;

Бақылау-тексеруші орган – Бақылау тексеру комиссиясы есептеледі.

5.2.  Жиналыс

Жиналыс бастауыш кәсіподақ ұйымының жоғарғы басшы органы болып табылады.

5.3. Жиналыс құзыреті:

5.3.1. бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі жұмыс бағыттарын белгілейді;

5.3.2. сайланбалы кәсіподақ органдарының барлық жұмыс бағыттары бойынша есептерін тыңдайды және олардың жұмысына баға береді;

5.3.3. сайлау жолымен Комитетті жасақтайды;

5.3.4. Тексеру комиссиясын, Бастауыш ұйым төрағасын сайлайды;

5.3.5. бастауыш кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы органдарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды;

5.3.6. Кәсіподақтың тиісті  аумақтық ұйымының конференциясына делегаттар сайлайды, сондай-ақ өкілеттік мөлшерге сәйкес сайланбалы кәсіподақ органдарына өз өкілдерін жолдайды;

5.3.7. жоғары тұрған кәсіподақ органының сайланбалы алқалы тұрақты жұмыс жасайтын басшы органымен келісе отырып, бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;

5.3.8. бастауыш кәсіподақ ұйымының өзге де сұрақтарын шешеді;

5.3.9. жекелеген құзыреттерді Комитетке жүктей алады;

5.4. Жиналысты қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет, Комитет шақырады.

5.5. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, бастауыш ұйымның бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы конференция делегаттары болып табылады.

5.6. Жалпы жиналыстың күн тәртібі, өтетін күні мен орны туралы белгіленген мерзімнен кемінде  15 күн бұрын.

5.7. Жиналыс егер оған, бастауыш  ұйымда есепте тұрған кәсіподақ мүшелерінің  жартысынан астамы қатысса, құқықты (заңды) деп есептеледі.

5.8.  Шешім қабылдаудағы дауыс беру тәртібі мен нысанын, жиналыс қатысушылары белгілейді.

Жиналыс шешімі, егер ол үшін, жиналыс қатысқан кәсіподақ мүшелерінің, жартысынан астамы жақтап дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.

Комитеттің, Төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату,  бастауыш кәсіподақ ұйымын тарату сұрақтары бойынша шешімдер, егер ол үшін, жиналысқа қатысқан кәсіподақ мүшелерінің, кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.

5.9. Жиналыс шешімдері қаулы түрінде қабылданады.

5.10. Кезектен тыс жиналыс Комитеттің:

5.10.1 өз бастамасы бойынша;

5.10.2. бастауыш ұйымда есепте тұрған кәсіподақ мүшелерінің кемінде үштен бірінің талабы бойынша;

5.10.3. жоғары тұрған кәсіподақ органының талабымен қабылданған шешімі бойынша өткізілуі мүмкін.

5.11. Комитет талап жолданған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жиналыс өткізу турлы шешім қабылдауға және оның өту күнін белгілеуге  міндетті.

5.12. Комитет:

Бастауыш ұйым қызметіне жиналыстар аралығында жетекшілікті жүзеге асыру үшін сайланбалы алқалы тұрақты жұмыс жасайтын басшы орган болып табылатын  Комитет сайланады.

5.13. Комитеттің құзыреті:

5.13.1. ұжымдық келіссөздер жүргізуде, ұжымдық шарттар жасау мен өзгертуде, оның орындалуына  бақылау жүргізуде, сондай-ақ мекемені басқару мен еңбек дауларын қарау құқығын жүзеге асыруда  қызметкерлердің мүддесін танытады;

5.13.2. жұмыс берушілер немесе олардың өкілдеріне талаптар қояды және жолдайды, заңдылыққа сәйкес  жұмысшылардың талаптарына қолдау білдірумен байланысты ұжымдық әрекеттерді ұйымдастырады және өткізеді;

5.13.3. жұмыс берушілер еңбек жағдайларына қатысты локальды актілер қабылдағанда, сондай-ақ қызметкерлермен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда және өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, ұжымдық шарттармен, келісімдермен көзделген тәртіппен  қызметкерлердің пікірін білдіреді және қорғайды;

5.13.4. жұмыс берушілер мен оның  өкілдерінің еңбек заңдылығын сақтауына қоғамдық бақылау  жүргізеді;

5.13.5. еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөніндегі қоғамдық инспекторлардыың салауын және жұмысын ұйымдастырады, еңбек қорғау мен қауіпсіздігі  жөніндегі комитет  (комиссия) жұмысына қатысады;

5.13.6. жиналысшақырады, олардың шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды, кәсіподақ мүшелерін жиналыс шешімдерінің орындалуы туралы хабарландырады;

5.13.7. Жиналыспен белгіленген мерзімде бастауыш ұйымдағы есеп беру мен сайлаудың өткізілуін ұйымдастырады;

5.13.8. Жиналыс аралығында Комитеттің шығып қалған мүшелерінің орнына тікелей жолдау арқылы сайланған мүшелерінің өкілеттігін растайды;

5.13.9. кезекті қаржы жылына кіріс және шығыс сметасын  бекітеді;

5.13.10. жоғары тұрған кәсіподақ органдарына мүшелік жарналардың мезгілінде және толыққанды аударылуын қамтамасыз етеді;

5.13.11. бастауыш кәсіподақ ұйымының статистикалық, қаржылық және өзге де есептіліктерін бекітеді;

5.13.12. кәсіподақ мүшелері алдында есеп береді, оларды өз қызметі туралы, оның ішінде бастауыш ұйымның кіріс және шығыс сметасының   орындалуы туралы тұрақты түрде  хабарландырып отырады;

5.13.13. қызметкерлерді кәсіподақ мүшелігіне қамту жұмысын жүргізеді, кәсіподақ мүшелерінің есебін ұйымдастырады;

5.13.14. кәсіподақ мүшелері мен активін оқытуды ұйымдастырады;

5.13.15. өзге де құзыретті жүргізеді;

5.13.16. жекелеген құзыреттерді бастауыш кәсіподақ ұйымының Төрағасына жүктей алады.

5.14. Комитеттің өкілеттік мерзімі – Кәсіподақтағы үш жыл.

5.15. Комитет отырысы қажетіне қарай, бірақ тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі.

5.16. Комитеттің кезектен тыс отырысы Төрағаның өз бастамасы бойынша, Комитет мүшелерінің кемінде үштен бірінің немесе жоғары тұрған кәсіподақ органының талабы бойынша  шақырылады.

5.17.   Комитет отырысы, егер оның жұмысына мүшелердің жартысынан астамы қатысса, құқылы (заңды) деп есептеледі.

5.18. Комитет отырысын бастауыш ұйымның Төрағасы жүргізеді.

5.19. Комитет шешімі, Кәсіподақ Жарғысымен, Кәсіподақтың аумақтық ұйымының Жарғысымен және осы Ережемен көзделген  жағдайлардан өзге кезде, отырысқа қатысқан мүшелердің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.

5.20. Комитет шешімі қаулы түрінде қабылданады.

 

5.21. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы:

Бастауыш кәсіподақ ұйымының ағымдағы жұмысына жетекшілік ету үшін сайланбалы дербес атқарушы орган болып табылатын бастауыш кәсіподақ ұйымының Төрағасы сайланады.

Бастауыш ұйым Төрағасының өкілеттік мерзімі –3  жыл.

Бастауыш ұйым төрағасы лауазымы бойынша Комитет құрамына кіреді.

5.22. Төрағаның жалпы құзыреті мен өкілеті:

5.22.1. Комитет жұмысының  ұйымдастырады және оның отырыстарын жүргізеді;

5.22.2. Жиналыс, Комитет пен жоғары тұрған кәсіподақ органдары шешімдеріің орындалуын ұйымдастырады, орындалуы үшін  жеке жауапкершілікте  болады;

5.22.3. жұмыс беруші алдында бастауыш кәсіподақ ұйымының мүддесін танытады;

5.22.4. бастауыш кәсіподақ  ұйымының атынан өтініштер мен сұраныстар жолдайды;

5.22.5. кәсіподақтық мүшелік жарналардың жиналуына, сондай-ақ тиісті кәсіподақ ұйымына мезгілінде әрі толыққанды аударылуына бақылау жүргізеді және Кәсіподақ Жарғысының жоғары тұрған кәсіподақ органдарына кәсіподақ  жарналарын аударылуына қатысты ережелерінің орындалуына жауапты болады;

5.22.6. өз құзыретінің шегінде мүліктерге, оның ішінде бастауыш ұйым басқаруындағы қаржы-қаражаттарға иелік етеді, оның  ұтымды жұмсалуына жауапты болады;

5.22.7. кәсіподақ мүшелерінің есебін ұйымдастырады;

5.22.8. жоғары тұрған   кәсіподақ органдарына статистикалық және қаржылық есептіліктер тапсырады;

5.22.9. өзге де, оның ішінде сайланбалы алқалы органдармен берілген құзыреттерді жүзеге асырады;

5.22.10. бастауыш кәсіподақ  ұйымы құжаттарының есебін ұйымдастырады және сақталуын қамтамасыз етеді, іс номенклатурасына сай олардың мұрағаттық сақтауға тапсырылуын жүргізеді.

5.23. Бастауыш ұйым Төрағасы болмаған уақытта оның қызметін Комитет шешімі негізінде кәсіподақ Комитеті  мүшелерінің бірі атқарады.

5.24. Бастауыш кәсіподақ ұйымы Төрағасының, заңдылықпен көзделген негіздер бойынша (өз бастамасы болғаннан өзге жағдайда), сондай-ақ  оның Кәсіподақ Жарғысын, Кәсіподақтың аумақтық ұйымының Жарғысын, Бастауыш ұйым туралы Ережені бұзғаны, Кәсіподақтан шығарылуы, сайланбалы алқалы кәсіподақ органдарының шешімдерін орындамағаны үшін, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Комитеттің өз бастамасы бойынша, Комитет мүшелерінің кемінде үштен бірінің немесе жоғары тұрған кәсіподақ органының талабы бойынша  шақырылған кезектен тыс Жиналысында қабылданады.

5.25. Бастауыш кәсіподақ ұйым Төрағасының өкілеттігін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді   Комитет қабылдайды.

Бұл жағдайда бастауыш ұйым Төрағасының міндетін орындау алты айға дейін Комитет мүшелерінің біріне жүктеледі.

Шығып қалған төрағаның орнына Төраға сайлау Кәсіподақ Ережесімен, Кәсіподақтың Жарғысымен көзделген тәртіппен алты ай мерзім  ішінде жүргізіледі. Мұндай тәртіппен сайланған Төраға аталған лауазымда Комитеттің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін болады.

 

  1. КӘСІПОДАҚТАҒЫ ТЕКСЕРУ ОРГАНДАРЫ

 

6.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне,  кәсіподақтық мүшелік жарналардың мөлшері, төлем тәртібі мен мерзімі, есептелуі мен түсуіне, кәсіподақ қаржысы мен мүлігінің сақталуы мен мақсатты жұмсалуына, іс қағаздарының жүргізуліне бақылау жүргізу үшін  бастауыш ұйымның бақылау-тексеру комиссиясы құрылады.

6.2. Тексеру комиссиясы Кәсіподақтың біртұтас бақылау-тексеру қызметінің органы болып табылады, кәсіподақ  жиналысы мен жоғары тұрған кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы органдары алдында есепті болады. Өз қызметін  Кәсіподақ Ережесіне, Кәсіподақтың Жарғысына және Кәсіподақтың бақылау-тексеру органдары туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

6.3. Бастауыш ұйымның тексеру комиссиясы бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау жиналысында Комитеттің өкілеттік мерзіміне сәйкес мерзімге сайланады.

6.4. Бастауыш ұйымның тексеру комиссиясының төрағасы өз отырысында сайланады

6.5. Бастауыш ұйымның тексеру комиссиясының төрағасы Комитет жұмысына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады.

 

  1. БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ МЕН МҮЛІГІ

 

7.1. Кәсіподақтың бастауыш ұйымының мүлігі:

7.1.1. Кәсіподақ  ұйымының мүлігі, оның ішінде мүшелік жарналар мен өзге де қаржы-қаражаты заңды тұлға мәртебесінде құрылған тиісті  аумақтық кәсіподақ ұйымының меншігі болып табылады.

7.1.2. Кәсіподақ мүшелері өздерінің кәсіподақ меншігіне берген мүліктеріне, оның ішінде кәсіподақтық мүшелік жарналарға да меншік құқығын сақтамайды.

7.2. Мүліктерді, оның ішінде қаржы-қаражатты қалыптастыру көздеріне:

7.2.1. кәсіподақ мүшелерінің бастапқы және ай сайынғы жарналары;**

7.2.2. ұжымдық шарттармен, келісімдермен көзделген жағдайларда жұмыс берушілерден, олардың бірлестіктерінен әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және өзге де шараларды өткізуге арналған, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де түсімдер жатады.

7.3. Кәсіподақ мүшелері бастауыш ұйым міндеттемелері бойынша, ал бастауыш ұйым кәсіподақ мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауапкершілік артпайды.

 

7.4. Мүлікті иемдену, пайдалану және иелік ету.

7.4.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жарғылық мақсаттар мен міндеттерді орындауға, кәсіподақ ұйымы мен кәсіподақ мүшелерінің мүддесіне қажетті мүліктерді, оның ішінде қаржы-қаражатарды, пайдаланады және иелік етеді.

7.4.2. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жоғары тұрған кәсіподақ органдарының  шешімдеріне сәйкес қаржылық міндеттемелерді орындаудан кейінгі қалған қаржы-қаражатқа иелік етеді.

7.4.3. Қаржы-қаражат бастауыш ұйымның Комитеті бекітетін семтанегізінде жұмсалады.

7.4.4. Кәсіподақта кәсіподақтық мүшелік жарна қызметкердің бір айға есептелген еңбек ақысы және еңбек міндеттерімен байланысты өзге де табыстарының  1 пайызы, білімгерлерге тағайындалған, жұмыс істемейтін зейнеткердің зейнетақсының 0.5 пайызы  мөлшерінде белгіленеді.

7.4.5. Кәсіподақтық мүшелік жарналар қолма-қол емес нысанда аударылады. Қызметкерлердің еңбек ақысынан  мүшелік жарналарды жұмыс беруші, кәсіподақ мүшелерінің ұжымдық шартқа, келісімге сәйкес жазбаша өтініштері болған жағдайда,  тегін аударады.

Мүшелік жарнаны қолма-қол төлеу тек жарнаны дәлелді себептерге байланысты аудару мүмкін болмаған жағдайда ғана пайдаланылады.

 

  1. БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТОҚТАТЫЛУЫ

 

8.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымының сайланбалы алқалы органының  келісімі бойынша жиналыста  қабылданады.

Шешім егер ол үшін  жиналысқа қатысқан кәсіподақ мүшелерінің, кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

8.2. Бастауыш кәсіподақ ұйымының қызмепті Кәсіподақтың тиісті  аумақтық  ұйымының уәкілетті органының шешімі  бойынша тоқтатылуы мүмкін.