«Бастауыш кәсіподақтың жас көшбасшысы-2021»

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің

2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 8 хаттамасымен бекітілген

«Бастауыш кәсіподақтың жас көшбасшысы-2021»

 кәсіподақ конкурсы туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережесі

1.1. Осы Ереже «Қостанай облысы білім ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ мүшелік ұйымдарының жас көшбасшылары арасында «Бастауыш кәсіподақтың жас көшбасшысы-2021» атағына «Бастауыш кәсіподақтың жас көшбасшысы-2021» облыстық конкурсының (бұдан әрі-Конкурс) өткізу тәртібі мен шартын белгілейді.

1.2.  Конкурсты ұйымдастырушы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі-Кәсіподақ).

1.3. Конкурсты дайындау және өткізу бойынша үйлестіру жұмысын Кәсіподақтың ұйымдастыру бөлімі іске асырады: өтінімдер, конкурс материалдарын жинау,  конкурс қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру, марапаттау құжаттарын рәсімдеу.

1.4. Конкурс қорытындысы Кәсіподақ комитетінің отырысында жүргізіледі, ресми сайттарда , БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарияланады.

1.5.  Конкурсты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ұйымдастыру бөліміне 87142543507 телефоны немесе lprofedu@mail.ru. электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

  1. Конкурс мақсаты мен міндеттері:

– кәсіподақ кадрлары мен активтерін жасарту;

– стратегиялық ойлауға, жетекшілік етуге, қарым-қатынас жасауға және кәсіподақ командасында жұмыс істеуге қабілетті жас кәсіподақ көшбасшыларын анықтау;

– ең талантты жас кәсіподақ  жетекшілерін одан әрі жоғарылату және кәсіподақ резервіне қосу, олардың аппаратында тағылымдамадан өтеуін ұйымдастыру

– әр жас кәсіподақ белсенділері үшін өзі қабілетін жетілдіру, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, кәсіби даму және мансабының өсуіне жағдай жасау;

–  Кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғаудың негізгі буыны ретінде Кәсіподақтардың әлеуметтік және әлеуметтік маңыздылығына жастардың ішкі сенімін қалыптастыру; –         Кәсіподақ қызметі туралы оң қоғамдық пікір  қалыптастыру.

Конкурстың ұйымдастыру комитеті :

– аймақтық және жоо-ның бастауыш кәсіподақ ұйымынан 2021 жылғы 1 мамырға дейін «Бастауыш кәсіподақтың жас көшбасшысы -2021» қалалық конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау;

– конкурстың өткізу тәртібін, нысанын, күнін, конкурстық тапсармалардың мазмұнын, конкрс регламентін анықтайды.

– қазылар алқасы құрамын қалыптастыру;

– конкурс қатысушылары үшін консультация жүргізу

–  «Бастауыш кәсіподақтың жас көшбасшысы-2021» конкурсының жеңімпаздары мен номинанттарды салтанатты түрде марапаттауды ұйымдастыру.

Конкурс қатысушылары:

Кәсіподақ қызметінде 3 жылға дейін еңбек өтілі бар 35 жасқа дейінгі  бастауыш кәсіподақ  ұйымдарының төрағалары

Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі:

Конкурс екі кезеңнен тұрады:

– 2021 жылғы 1 қазанға дейін–облыстық конкурстың сырттай кезеңі («Менің визит карточкам» бейнеролик және «Менің нәтижелі бастауыш кәсіподағым. Ол қандай?» тақырыбына эссе бағасы )

– 2021 жылғы мамыр – конкурстың күндізгі кезеңі (конкурстық сынақтарды орындау және шынайы уақытта финалисттердің конкурс қазылары алқасы және көрермендер алдында өнерін көрсетуі)

Конкурсқа қабылданған материалдар қайтарылмайды. Берілген материалдарға қойылатын талаптар.

  1. Бейнероликте бәсекелес туралы, оның кәсіподақ қызметі және қызығушылығы туралы ақпараты болуы керек. Бейнеролик параметрлері: 1920х1080 full hd 25 кадр, ұзақтығы 3 минутке дейін.
  2. «Менің нәтижелі бастауыш кәсіподағым. Ол қандай?» тақырыбына эссе (көлемі- WORD бағдарламасында 14 қаріпінде терілген 2 бетте аспауы қажет)
  3. «Нәтижелі кәсіподақ ұйымының визит картасы – сайт» тәжірибелік

тапсырмасы конкурсқа қатысушылар сайттың белгілі бір бөліміндегі ақпаратты әзірлеуге және толтыруға тапсырма алады (жеребе бойынша). Конкурсқа қатысушылардың міндеті – сайттың бөліміне бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі туралы заманауи ақпараттарын әзірлеу және толтыру, сонымен қатар, кәсіподақ мүшелеріне секция шеңберінде өзара әрекеттесудің белсенді формаларын ұсыну. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі (5 минут-практикалық жұмыс+2 минут комментарий +3 минут қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру). Қазылар алқасы конкурсты 10 ұпай жүйесімен бағалайды. Ақпараттың өзектілігі мен қол жетімділігі, әзірленген бөлімнің шығармашылық визуалды тартымдылығы бағаланады.

Конкурсқа жұмыстарды жібере отырып, автор автоматты түрде кәсіби педагогикалық қоғамдастық сайттарында   және әлеуметтік желілерде жариялау, сондай-ақ кәсіподақ іс-шараларында демонстрациялау үшін осы туындыларды комерциялық емес мақсатта қолдануға келіміс береді.

 

Конкурстың сырттай кезеңіне ұсынылған бейнеролик пен эссені бағалай критерийлері:

– ұсынылған материалдардың практикалық бағыттығы;

– жеке тәжірибелері мен ұсыныстарын қолдану;

– әлеуметтік қарым-қатынас пен мотивациялық жұмыстың заманауи трендінің көрінісі

– сауаттылығы, дәлелділігі және жалпы мәдениеті;

– түпнұсқалығы;

– заманауи технологияларды қолдану

 

«Бастауыш кәсіподақтың жас көшбасшысы-2021» конкурсының ІІ кезеңін өткізу шарты.

  1. «Мен – нәтижелі бастауыш кәсіподақтың көшбасшысымын» тақырыбы бойынша 5 минуттық үй тапсырмасы конкурсқа қатысушының көпшілік алдында өзін-өзі таныстыру және бастауыш кәсіподақ ұйымымен таныстыру мақсатында іскерлігі мен дағдысын анықтауға бағытталған. Конкурсқа қатысушылардың міндеті -бастауыш кәсіподақ ұйымын және өзін нәтижелі бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшысы ретінде сипаттау. Кәсіподақтың сайланбалы органы – кәсіподақ комитетінің басшылығындағы, кәсіподақ мүшелерімен өзара қарым-қатынас жұмыс стилі туралы; ұйымның басымдықтары, нақты жетістіктері туралы айту. Сайыскердің сөз сөйлеуіне 5 минут уақыт беріледі, ал қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 3 минут уақыт беріледі. Қазылар алқасы конкурсты 10 ұпай жүйесімен бағалайды. Сөйлеудің мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі, нақтылығы, ақпаратқа қол жетімділігі, жалпы жетістіктерге қатысу дәрежесінің көрінісі; презентацияның сөйлеуге сәйкес келуіне қарай бағаланады.

 

  1. Блиц жарысы Әрбір сайыскер 2 минут ішінде 20 сұраққа жауап беруге шақырылады. Байқауға қатысушылардың міндеті – Кәсіподақ Жарғысы, Өңірлік Келісім, Қазақстан Республикасының заңнамасы және білім берудің нормативтік құқықтық актілері туралы білімдерін көрсете отырып, экстремалды ортада жылдам бағдарлану. Сайыскерге сұрақтарды жарыс жүргізушісі оқиды. Кокурсқа қатысушы соңғы 20 сұрақ жарияланғаннан кейін сұрақтарға жауап қайтару үшін сұрақтарды «өткізіп жібере» алады. Қазылар алқасы байқауды 10 балдық жүйемен бағаланады. Әр дұрыс жауап 0,5 ұпайдан тұрады.
  2. «Дебаттар» сайысы. Дебаттарға екі қатысушы қатысады (жеребе бойынша). Конкурсқа қатысушылардың міндеті – нәтижелі кәсіподақ ұйымының қызметіне байланысты қарсыласына 2 проблемалық (пікірталас) сұрақ дайындау және қою, сұхбаттасушының 2 сұрағына диалог жүргізу қабілетін көрсете отырып нақты, дәлелді, жауап беру (сөйлеу). Әр сұрақ бойынша презентацияға (жауапқа) 2 минут уақыт беріледі. Орындау барысында барлық қатысушылар ережелерді сақтайды, әйтпесе қазылар алқасы қатысушының сөзін бөлуге құқылы. Қатысушы қарсыласынан сұрақты қайта құруды сұрауға құқылы. Пікірсайыс аяқталғанға дейін қатысушылардың әрқайсысы өз ұстанымдарын анықтайды және сол үшін дәлелдейді.

Қазылар алқасы байқауды 10 балдық жүйемен бағалайды. Сұрақтарға жауаптардың мазмұны мен өзектілігі, құрылымдық, дәйектілік, жүйелілік, нақтылық, айқындылық, қарым-қатынас мәдениеті бағаланады.

 

  1. «Құқықтық бағдар» байқауы. Тапсырма қатысушылардың еңбек заңнамасын білу және олардың осы білімді жанжалды жағдайларды шешуде қолдана білуін тексеру болып табылады. Дау-жанжал жағдайымен байланысты Білім кейсі

Тапсырма 2 бөлімнен тұрады: 1 бөлім – 10 сұрақтан тұратын тест, 2 бөлім – жанжалды жағдайдағы іс (байқауға қатысушылар қолданыстағы заңнаманы қолдана отырып және кәсіподақ комитетінің әрекеттерін көрсете отырып, кәсіподақ мүшелерінің мүдделері үшін жанжалды шешу жолдарын ұсынуы керек).

Қазылар алқасы бұл тапсырманы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. (ұсынған жанжалды шешудің тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің баптарына негізделген кәсіподақ комитетінің ұстанымы, әрекеттері мен шешімдері ескеріледі).

 

  1. Кәсіподаққа кіруді ынталандыруға және кәсіподаққа жаңа мүшелерді тартуға бағытталған бастауыш кәсіподақ ұйымы жобасының тұсаукесері (кәсіподақ командасымен әзірленген).

Байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау.

 

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы конкурсанттарды анықтайды:

– I, II және III орындар алғандар,

– номинациялардың жеңімпаздары (мүмкін номинациялар, «Үздік эссе», «Үздік видео», «Үздік жоба», «Сайттың үздік тақырыбы», «Заңдардың тамаша білгірі», «Үздік оппонент», «Ең білімді қатысушы» және т.б.) Жеңімпаздар мен номинанттар кәсіподақтың дипломдарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.