Бүгін Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Айгүл Мұқашева бастаған делегация жұмыс сапарымен біздің өңірге келді.
Сапардың мақсаты – Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одақ ұжымымен танысу және әдістемелік қолдау көрсету.
Бейресми кездесу форматындағы кездесу кәсіподақ дамуының өзекті проблемалары мен маңызды міндеттерін талқылауға мүмкіндік туғызды, оның бастысы білім саласының қызметкерлері үшін әлеуметтік және еңбек кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады.
Делегация мүшелері біздің кәсіподақ бірлестігінің тәжірибесімен танысып, құптау сөздерін айтып, алдағы уақытта да қолдау көрсететіне сендірді.
Алда алға қойылған жоспарлар мен міндеттерді іске асыру бойынша бірлескен жемісті жұмыс күтіп тұр.